Сабақтың ортасы
|
«Миға шабуыл» әдісі
- «Санау жүйесі» дегеніміз не және қандай санау
жүйелерін білесіңдер?
- Компьютер қандай санау жүйесімен жұмыс істейді?
- Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауысуға
бола ма?
«Джигсо» әдісі
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін
ортада талқылайды.
1-тапсырма. «Венн диаграммасы» әдісі
Оқушылар позициялық және позициялық емес санау
жүйелерін салыстырады.
2-тапсырма.
1. 879, 3254 және 12354 сандарын разрядтары
бойынша жіктеңдер.
2. 11100112 ; 1010102 ; 111111102 ; 10001112
сандарын ондық жүйеге ауыстырыңдар.
3. Сегіздік санау жүйесіндегі санды ондықсанау жүйесіне ауыстыру керек.
438 =?; 3258 =? ; 4838 =?; 7368=?; 12358 =?
4. Оналтылық санау жүйесіндегі санды ондық
санау жүйесіне ауыстыру керек.
4А316 =?; 3СВ16 =? ; F438 =?; E318=?; 10D16 =?
5-тапсырма.
- Санау жүйелерінің адам өміріндегі маңызынбағалаңдар.
Аса қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма ретінде беріледі. Осы тақырып бойынша эссе жазады. Бұндай оқушыны жетелеу әдісі шығармашылық, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға септігін тигізеді.
|
Топтар бірігеді. Сұрақтың жауабын болжам бойынша жауап береді.
Топтар оқулықпен жұмыс жасайды. Санау жүйелерінің түрлерімен танысады. Позициялық, позиялық емес санау жүйелері туралы түсінеді. Талдау жасайды.
Дескриптор:
- Санау жүйесінің түрлерін анықтай алады.
- Позициялық және позициялық емес санау жүйелерін
ажырата алады.
Дескриптор:
Санау жүйелерінің маңыздылығы туралы тұжырым
жасай алады.
ЕБҚ оқушы үшін аудиожазба ұсынылады. Топ оқушылары аудиожазба арқылы тапсырманы түсінеді. Жазба арқылы түсінгенін айтуға тырысады. Педагогикалық- психологиялық сүйемелдеу жасалады. Бұл әдіс арқылы оқушы топта өзін еркін ұстауға, пікірін анық айтуға дағдылана бастайды.
|