Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеу әдістері



бет9/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

10. Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеу әдістері.

Әңгіме әдісі баламен қатынас орнату құралы қызметін атқарады.Баланың ақыл-ой қабілеттерін анықтауда әңгіме барысында мынаны анықтау керек:

1.Баланың өзі,өз ата-анасы,жақын туыстары,достары (аты-жөні,тегі,жасы) туралы түсініктерінің нақтылығын және «жеңуге», «көршілер», «туысқандар»,ұғымдарын талдау қабілеті.

2.Уақыт туралы түсінік сипаты (сағатта уақытты анықтау іскерлігі, уақыт созылуын түсінуі)

3.Табиғат құбылыстары жайлы (жыл мезгілдерін олардың белгілерін есепке алып ажыратуы,қар,найзағай т.б) туралы түсініктің болуы

4.Кеңістікте бағдарлау іскерлігі «оң-сол», «жоғары-төмен», «жақын алыс» т.б ұғымдарды практиканың игеруі

5.Өз Отаны туралы, көрнекті жағдайлар туралы білімнің болуы, оқыған кітабын, көрген фильмін түсінуі.

Бақылау әдісі. Балаларды зерттеуде ең негізгілердің бірі.Бақылау бала кеңес алуға келгенен бастап,тексеру барысында жалғаса береді.Бақылау мақсатты жүргізілуі керек.Баланың ойын әрекетінде, бақылауда мынаған назар аударыңыздар:

ойыншықты көргендегі эмоциялық реакцияның сипаты, ойыншықпен өз бетімен ойнай алуы және ойынды ұйымдастырыу, ойыншықпен әрекетінің ақылға сыйымдылығы, ойын іс-әрекетінің қызығушылығының тұрақтылығы. ІІІ әдістеме.Сурет-балаларды зерттеуде маңызды дифференциальды диагностикалық көрсеткіш.Психикалық ауру балалар суреттері өзгеше мағынасыздық, бейненің түсініксіздігі, түсті қалай болса солай пайдалану, пропорция сақтамау т.б суреттерінде көрінеді.



«Кооса» кубиктері, «Равен матрицасы», «Шульте кестесін» пайдалануға болады.

Көру,есту,сөйлеу,тірек-қимыл аппаратары бұзылған балалар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде қолдау алады.Бірақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды түзеу кабинеттерінмен қамту мүмкіндігі ауылдық жерлерде өте төмен.Бұл бала санының аздығына байланысты.Түзеу кабинеттерінің орталықтарынан шалғайда орналасуларымен түсіндіріледі.Сондықтанда да, түзеу жүмыстарының негізігі ауырпашылықтары дефектология саласында дайындықтары бар мектептердегі педагог- психологқа түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет