11. Мария Монтессоридің педагогикасын арнайы білім беру жүйесінде қолдану
М.Монтессори педагогикасы негізінде ақыл-ойды дамыту – баланың жасына, тәжірибенің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүргізіледі, таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектепке дейінгі баланың ақыл-ой дамуын қамтамасыз етудің оның барлық кейінгі іс- әрекеті үшін зор маңызы бар.
Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процесінде тілді, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін меңгерді. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады. Мектепке дейінгі баланың акыл-ойының амуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады.
Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелену ықпалымен жүргізіледі.
Қазіргі М.Монтессори педагогикасында ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті кызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |