13.Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (шетелдік және отандық тәжірибе: Р.А.Сулейменоважәне б.).
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бері
білім алу қажеттіліктері ерекше балалардың сапалы білім алуларын қамтамасыз
ету бағытындағы елеулі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кең таралған арнайы
(түзету), интернаттық оқу ұйымдарының орындарына жаңа, әлемнің көптеген
жетекші елдерінде қолдау тапқан, әр балаға қажетті барлық жағдайларды жасай
отырып, оның тұрғылықты орнындағы жалпыға білім беру мекмесінде білім
алу құқығын қамтамасыз ететін, білім берудің инклюзивтік түрі келді.
Қазақстан Республикасында білім берудің бұл түрі негізінен 90-шы жылдары
тарала бастады, әсіресе – мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім
беру үдерісіне енгізудің мемлекеттік жүйесін жасау бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын ұйымдастырған түрлі халықаралық ұйымдардың қолдауымен,
профессор, п.ғ.д. Р. А. Сүлейменованың бастамасымен. Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізудің өзекті мәселелерін анықтау
осы шаралардың нәтижесі болып табылады. 2000 жылдан бастап Қазақстан
Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты жаңа білім беру
саясаты қалыптаса бастады, балаларды әлеуметтендірудің, тәрбиелеудің,
оқытудың, әлеуметтік қолдау көрсету мен бейімдеудің тиімді жолдары белсенді
түрде қарастырылуда. Арнайы білім беру саласына, балаларды дендері сау
қатарларының білім алу ортасына кіріктіру бойынша, инновациялық үдерістер
кеңінен енгізіле бастады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік
бейімдеу және қоғамға кіріктіру үшін тиімді жағдайлар жасаудағы
инновациялық бағыттарды үйрену жұмыстары жетілдіруде. [16].
Арнайы психологияның және түзету педагогикасының теориясы мен
практикасын дамыту үшін арнайы білім беру жүйелерінің әлеуметтік-мәдени
қалыптасуының негізін білу және түсіну қажет, ол арнайы білім берудің
әдіснамалық негіздерін, философиялық постулаттарын, және оның көздейтін
мақсаттарын қайта-қайта сараптауға және қайта қарауға мәжбүр етеді. Бұл
білім отандық тәжірибені, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім
берудің қазырғы заманғы шетелдік үлгілерін, әлеуметтік-мәдени алғышарттар
мен «тарихи жасты» ескермей, тікелей көшіріп алуға байланысты әдіснамалық
қателіктерден қорғап қалуға қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: |