Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері



бет11/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

12. Инклюзивті білім беру модельдері.

М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін сипаттама берулері керек.

Инклюзивті білім беру модельдерінің іске қосылуының негізгі принциптері:

1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық өмірлік іс-әрекеттер аймақтары мен әлеуметтік өзара байланыстарындағы қызығушылықтарының приоритеті.

2. Психофизикалық дамуында түрлі деңгейлі балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеру.

3.Түрлі тежелген даму жылдамдығы бар балалардың білім алу құқықтарын ескеру.

4. Инклюзивті процесті мағыналық, әдістемелік қамту мен басқаруда жүйелілік бағытын ұстану.

5. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін құруда алмастырылатын білім беру бағыттарын ескеру (жалпыға білім беру моделі, арнайы білім беру, инклюзивті білім беру, әлеуметтік реабилитация, қосымша білім беру тәсілдерімен реабилитациялау, аралас модельдер және т.б.).

6. Аймақтың реабилитациялау кеңістігін құру мен іске қосуда жалпы әдістемелік бағытты құрастыру.


Балалар мен үлкендер ортасында пайда болатын жеке немесе әлеуметтік бейімделе алмау және үйлесімсіздік тәуекелдерін үнемі қадағалау.

Инклюзивті білім беру негізінде барлық балаларды, мүмкіндігінше, олардың арасындағы ерекшеліктерге қарамастан, бірге оқыту принципі жатыр. Инклюзивті білім беру концепциясына сәйкес әрбір баланың қайталанбас қасиеттері, қызығушылықтары, қабілеттері және білім алу қажеттіліктері бар, сондықтан ерекше балалар жалпыға білім беру жүйесіне қосылу үшін балалардың қажеттіліктеріне бағытталған педагогикалық әдістер көмегімен осы жүйемен қамтылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет