15.Батыс европа қоғамымен және мемлекеттің дамуында мүмкігдігі шектеулі адамдарға қарым-қатынасы эволюциясының І-кезеңі (Н.Н.Малофеев бойынша )
Инклюзивтік білім беру саласындағы жетекші маман Н.Н. Малофеевпен
[12], әдебиеттерге және дереккөздеріне жүргізілген талдаулар негізінде,
Ресейдегі және шетелдегі инклюзивтік білім беруді дамытудың мерзімдік
өлшемдері анықталды, өткен тарихи жағдайлардың ортақтығына байланысты,
оларды Қазақстан Республикасына да толығымен жатқызуға болады. Бұндай
өлшемдерге жататыны: қоғам мен білім беру жүйесінің құндылықтар
бағыттарының динамикасы, білім беру ұйымдарының және қажеттіліктері
ерекше оқушылар санатының саны, инклюзивтік білім беру жүйесіндегі сапалы
өзгерістер. Көрсетілген өлшемдерді пайдалану Н.Н. Малофеевке келесі
мерзімдерді бөлуге мүмкіндік берді:
1 саты – білім беру жүйесіндегі
құндылықтар бағыттарының динамикасы;
2 саты – арнайы білім беру жүйесін
қалыптастыру;
3 саты – халықаралық заңды жетілдіру;
4 саты – интеграциялық
үдерісті дамыту, арнайы білім беру жүйесінің дағдарысы;
5 саты – инклюзивтік білім берудің туындауы.
Осы сатыларды сараптай келіп, атақты ресейлік ғалым бірінші және екінші
мерзім бойына біртіндеп соқырлар мен саңырауларды оқытуды
ұйымдастырудың бастамасы қалыптасады, алғашқы арнайы мектептерді құру
талпынысы мүгедектерге қарым-қатынас жасау эволюциясының үшінші
мерзіміне келеді деп пайымдайды. Төртінші мерзім арнайы білім беру жүйесін
қарқынды күшейту мен саралауға сәйкес келеді. Н.Н. Малофеев тура осы
сатыда арнайы білім берудің ұлттық жүйелері өзінің құрылымдық кемеліне
және мұқтаждарды барынша көп қамтуға жетеді деп көрсетеді. Арнайы білім
беруді дамыту және жетілдіру адам құқығын түсінудің жаңа мәнінде
жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырылады.
Н.Н. Малофеевтің ойынша [3], түлектерге берілетін академиялық білім мен
еңбек дағдыларының жоғары деңгейін арнайы білім берудегі советтік жүйенің
басты жетістігі деп санауға болады. Көрулерінде, естулерінде, тілдерінде
кемістіктері бар көптеген жастар арнайы мектепті бітіргеннен кейін ООО мен
ЖОО табысты түсті. Полиомиелиті немесе балалар ми параличінің салдары бар
жастардың жоғары білім алып, диссертация қорғаған жағдайлары да белгілі.
Қосымша мектептің түлектері (ақыл-естері кемдер), әдетте, мектепте алған
мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылатын
Достарыңызбен бөлісу: |