16.Л. Брайль жүйесі бойынша рельефті – нүктелі шрифтпен оқыту.
Луи Брайль зағип жандарға оқуға және жазуға мүмкіндік беретін шрифтті 19 ғасырдың басында ойлап тапты. Ол 1809 жылы қолөнершінің үйінде дүниеге
келді. Жаңадан жүруді үйреніп жүрген кезінде күнін әкесінің шеберханасында өткізетін. Үш жасында шеберханада көзін жарақаттап алады. Бес жасында баланың көзі мүлдем көрмей қалды.
Ата-анасы баласына білім беруге және оның дамуы үшін қолдарынан келгеннің барлығын істеуге тырысты. Луи ауылдық мектепке барды. Өзінің ақылы мен ерекше есте сақтау қабілетінің арқасында жақсы оқыды. Әкесі оған тақтайға шегелерді қағу арқылы әріптердің кескінін шығарып, оқуды үйретті. 10 жасында әртүрлі жастағы балалар оқитын Париждегі зағиптерге арналған Корольдік институтқа жіберді.
Луи Брайль 12 жасынан бастап, зағиптерге арналған алфавитін әзірлеу үшін тәжірибелерін бастады. Күндіз сабаққа барып, ал кешке өзінің жүйесін ойластырды. 15 жасында бұл жұмысын аяқтады.
Әріптік жүйе жайлы
Луи Брайль үштен екі бағанада орналасқан алты рельефті нүктенің әртүрлі комбинациясынан өз алфавитін құрастырды. «Оқырман» мәтінді оқу үшін басылған жолдарды саусақтарының ұшымен жүргізеді.
Кейін Брайль жүйесін тыныс белгілерімен, сандармен және ноталармен толықтырды. Оның рельефті-нүктелі шрифтінің соңғы нұсқасы 1837 жылы пайда болды. Бүгінгі таңда Брайль әдісі бүкіл әлемде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |