ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер бір уақытта пайда болып, тарала бастады. Мұндай зерттеулер ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы болып табылады. С.И. Ожегов /2/ сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады.