Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Балалық шақтағы тәртіптің бұзылуы психологиялық –педагогикалық және әлеуметтік мәселе ретінде



бет62/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

61. Балалық шақтағы тәртіптің бұзылуы психологиялық –педагогикалық және әлеуметтік мәселе ретінде
А.Г. Амбрумованың, Е.М.Врононың, А.В.Боенконың, А.Л.Галиннің, Ц.П.Корленконың, Н.В.Конанчуктың, В.А.Тихоненконың, С.Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдарыдң еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминаттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған.

Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекет пен дағдарыстық ахуалдың пайда болуын детерминациялайтын және дербес немесе басқа да себептермен бірлесе психологиялық қауырттылықты күшейтетін жасерекшелік психологиялық факторлар туралы мәліметтер әлі де болса жеткіліксіз жағдайда. Осыған орай, теориялық талдау барысында жасөспірімдерде аталған деструкция әрекеті жасерекшелік психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болуынан эмоциялық (талдау қызметінің бұзылуы, болжамдау мен ақпараттарды бағалау; руминация; ойлаудың, зейінің, есте сақтаудың реттеуші қызметтердің бұзылуы) және тұлғалық салалардың (өзіндік сана сезім дамуының бұзылуы) бұзылуымен түсіндіріледі.

Жасөспірім өзінің «есейгендігін» көрсетуге деген қажеттілігін фрустрациялау, өзіндік сана сезімінің дамуы барысында «Мен-тұжырымдамасының» жағымсыз қалыптасуы, өзін-өзі жек көру, өзіне деген жақымсыз көзқарас, өзін-өзі төмен бағалау және өзін-өзі кемсіту сияқты әрекеттер жасерекшелік дағдарыстың патологиялық барысын детерминациялайды, яғни бұл суицидтік әрекеттің пайда болу қауіптілігінің елеулі факторы болып табылады.Жасерекшелік дағдарыстық патологиялық барысы алаңдау, мазасыздану, үрейлену, психозақымдаушы жағдайларға фиксациялану, өзіндік дәрменсіздік, күйзелу, жалғыздық, үмітсіздік, өзіндік тұлғаны пессимистік бағалау, болашақ өмірді және өзекті мәселені, яғни блашақты жоспарлау қиынға соғатын жағымсыз қарқынды эмоциялармен сипатталған дағдарыстық ахуалдардың пайда болуына жетелейді.

Дезбейімдеушілік жағдайлар жасөспірімдер арасындағы суицидті қоздырады, олар: психоэмоционалдық күйзелістерге деген төзімділіктің төмендеуі, ерекше интелект (максимализм, өзгеше пайымдаушылар, пікірлер, үзілді-кесілді ойлар), коммуникативті қабілеттердің жеткіліксіз дамуы, өзіне-өзі жағымсыз баға беру, дамымаған сындарлы копинг-стратегиялар және психологиялық қорғану, өмірдің құндылықтарын шала түсіну және т.б Сонымен әрекеттік девиациялардан көрініс табатын жасерекшелік дағдарыстан деструктивті шығудың жолы бірден – бір жолы- суицидтік әрекетке жетелейді. Туған- туыстармен туыстық қарым-қатынасты үзу, өнімді жұмысқа деген бейжайлық, салбырлық көрсету, өмірден түңілу, жанұяның, қоғамның, діни топтардың құндылықтарына жағымсыз көзқараспен қарау, сияқты әрекеттердің патологиялық қалыптасуы суицидтік әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын шарттастыратын детерминациялаушы фактор негізінен, жеткіншектер қай жағына болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеументтік маргинализм байқалады. Өйткені олар әліде болса , есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең жағымды түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмеседе «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.



Н.В Агазаде аутодеструктивті әрекеттерді төмендегідей топтастырады:

1. Жеке тұлғаға ықпалы ету бойынша: фихикалық, психикалық, әлеументтік, діни;

2. Құрылымдық мінездемелер;

- деңгейлі көрсеткіштер: идеаторлық, афектифті, сыртқы тәртіптік;

- орындау әдісі бойынша: тікелей, ұлғаймалы, жанам түрдегі, трансагрессивті.

А.А Султанов жасөспірімдерге аутодеструктивті мінез-құлықтың себебін зерттеуде факторлардың үш негізігі тобын көрсетті:

1. жасөспірімнің әлеументтік ортадағы орны, оның жасерекшелігіне сай келмейтін әлеументтенудің бұзылуына байланысты дезбейімделушілігі;

2. адами құндылықтардың жүйесіне қарсылығынан туындаған отбасымен жанжалдасу;

3. ішімдікке, нашақорлыққа бейімделу, яғни өзін-өзі күйрету үшін бастау алатын жол және оның қарқынды дамуының алғышарттары.


62.Жалпы білім беру ұйымында мүмкіндігі шектеулі балаларды «қолдау» психологиялық-педагогикалық концепциясы

ПМПК баланың проблемасын ведомствоаралық деңгейде шешеді, бұл ретте әртүрлі ведомство: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мамандарының күшін біріктіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет