Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Көру бұзылымдары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері



бет59/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

57. Көру бұзылымдары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері
58. Психикалық дамуы тежелген балаларға білім беру.

. Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. Олардың салмағы аз, бойы кіші, көп сөйлемейтін, әлжуаз, тез шаршап, көп ауырады [1, 17 б.]. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.
Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер:
сабақ процесіне жай қосылады;
— оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды;
— берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;
оқу мен жазуы жай;
— оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;
— есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді;
тез шаршағыш;
— сыныптастарымен аз араласады;
— өз ойын анық айта алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет