Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері



бет82/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
Матамен жұмыс түрлері. Бағдарламаның матамен жұмыс тарауында тігу жҽне кестелеу жұмыстары қарастырылады. Матамен жұмыс ақыл-ойы дамымаған балалардың танымдық қабілетін, дене кемшіліктерін түзетуге жағдай жасайды, оларда тұрмыстық дағдыларды қалыптастырып, жоғары сыныптарда ҿтетін тігін ісіне дайындайды. Бұл жұмыс түрінің ҿз ерекшеліктері бар. Сабақтарда балалар ҿзіндік қасиеті, ҿңдеу тҽсілі бар жіп жҽне мата сияқты жаңа материалдармен танысады. Сабақтарда ине, оймақ тҽрізді арнайы құралдары қолданады. Жіптен бұйым жасау жҽне тігу жұмысы шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді. Жұмыстың сапасына деген талапты біртіндеп арттырады, оқушылады қызықтырып, олардың ҿз күшіне деген сенемін тҽрбиелеу үшін мұғалім жұмыс жоспарын алдын ала ойлау керек.

Бейнелеу өнері сабақтары баланы эстетикалық тҽрбиелеуде маңызды орын алады. Балалар тҽрбиеші арнайы таңдаған ҽдемі, анық, түстері қанық заттарды қабылдайды. Олар ҿздерінің жасаған жұмыстарын заттардың үлгісімен салыстыруға, оларды дұрыс бағалауға, істелген жұмыс туралы қасындағы жолдастарының ойларын тыңдауға үйренеді. Бейнелеу ҿнері сабақтары баланың жағымды сапаларын тҽрбиелеуге кҿмектеседі: ынтымалылық, зейін бҿлушілік, бастаған істі аяғына дейін жеткізу. Сабақ уақытында затты қолдану кезінде алынған қабылдау бейнесіне сүйене отырып, тҽрбиеші балаларды заттарды сипаттау арқылы бейнелеуге үйретеді. Бұл сабақтар бейнелік-елестетуді пайдалану іскерлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Осындай сабақтар баланың сенсорлы жҽне сөйлеу тілі дамуының бір-бірімен байланысын қалыптастыруға жҽне мүсіндеу мен сурет салу процесінде қолданылатын қажет сҿздерді ұғынуға кҿмектеседі. Балаларды заттардың суретін салу мен мүсіндеуге оқыту, елестету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстардың нҽтижесінде жиналған, қалыптасқан бейнелер балаға жаңа бейнелерді ҿз бетінше ойша бастауға мүмкіндік береді. Бұл сабақтарда тҽрбиеші балалардың қандай заттар мен жағдайларды кҿргенін, бейнелегенін еске түсіруге үйретеді, олардың алуан түрлілігіне назарын аудартады т.б. Бейнелеу өнері сабақтары дайындық сыныбынан тҿртінші сыныпқа дейін жүргізіледі. Бейнелеу өнерін оқыту курсына 170 оқу сағаты бҿлінеді, оның 48 сағаты табиғи түрден сурет салуға; 48 сағаты сҽндік сурет салуға, 35 сағаты тақырып бойынша сурет салуға, ал 5 сағаты ҿнер туралы ҽңгімеге арналады. Балалардың графикалық дағдыларды игерулеріне арналған дайындық мына бағыттар бойынша жүргізіледі: а) қол мен саусақтарға арналған жаттығулар; б) дҽптер бетінде дұрыс бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жұмыстары в) қарапайым графикалық жаттығулар. Бұл дайындық сабақтарында балалардың қимыл-қозғалысын, қол мен саусақтардың қозғалыстарын дамытуға арналған жаттығулар жүргізіледі.Қол мен саусақтарға арналған жаттығуларға сабақтың басында жҽне ортасында 2-3 минут уақыт бҿлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет