ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ
«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды анықтау.
Орындаған: Бектасова Б.
ТП-18-2К1
Қабылдаған:Калыбекова Сауле Кураловна
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тілі жүйелерінің қай бөлігінің ақауланғанын анықтай білу және тексеру барысында алынған мағлуматтарды сапалы талдау қажет.
Сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Анықтау немесе диагностикалау барысында тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайлары анықталады.
Диагностикалық іс-әрекеті - түрлі тексеру тәсілдерін пайдалану үрдісінде сөйлеу жүйесінің әртүрлі компонентерінің бұзылуын анықтау мен қатар, оның сипаты, денгейі, күрделілігі және болашақ мүмкіндігі анықталады.
Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Логопедиялық тексеру барысында алынған мағлуматтарды жинақтап, талдап, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтауда толығымен келесі қағидаларға сүйену қажет:
-даму қағидасы;
-жүйелік;
-сөйлеу тілінің бұзылыстарын психикалық дамудың басқа жақтармен байланысты көрсету.
Логопедиялық тексеру қағидалары
Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың өзінің диагностикалық және коррекциялық іс-әрекетінде негізгі теориялық ұстамдарды басшылыққа алуы деп түсіну қажет.
Диагностикалық және коррекциялық жұмысты ұштастырудың басты теориялық негізі Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б.Элькониннің еңбектерінде қарастырылған компенсаторлық және даму заңдылықтары, баланың дамуының қозғалтқыш күштері туралы ілімдері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |