УДК 376-056.37
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ОТАНТАНУ (ТАРИХИ) БІЛІМДЕРІН
МЕҢГЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Д. Нҧрланбекова- Абай атындағы ҚазҰПУ
Арнайы педагогика кафедрасының п.ғ.м., аға оқытушысы
aigerim_d85@mail.ru
Мақалада Зияты зақымдалған оқушылардың отантану (тарихи) білімді меңгеру мен оқыту
барысындағы білімдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Сондай-ақ, арнайы мектепте отантану
пәнін оқыту барысында тарихи білімдерді бірқатар функциялар мен тарихи шынайылықты
елестетуді қалыптастыруға бағытталған тҧлғалық қарым-қатынасты және тарих арқылы тҧлғаны
тәрбиелеу екендігі айтылған. Отантану (тарихи) білімдердің қҧрылымына тарихи материалмен
жҧмыс жасау тәсілі кӛрсетілген. Арнайы (тҥзету) мектеп оқушылары тарихи оқиғалардың
арасында бір-бірімен байланыс қоя алмайтыны, нәтижесінде олар оқиғалар мен қҧбылыстардың
тек сыртқы белгілеріне қарап қана сипаттама беретіндігі айтылғаны. Отантануды (тарихты)
оқыту барысында зияты зақымдалған оқушылар әртҥрлі замандағы оқиғалармен, ӛткен кездердегі
қҧбылыстар мен заттармен, адамдармен танысатыны кӛрсетілген. Сонымен қатар ӛтілген
материалды тҥсіну деңгейі мен меңгерілген білімнің ерекшеліктері қарастырылған.
Тҥйін сӛздер: Отан, оқиға, хронология, қҧбылыс, бейне, тарихи процестер
«Қазақстан жолы-2050» бағдарламасында келешекте жҥзеге асырылуға тиісті, аса маңызды
міндеттердің қатарына білім беру мәселесі де басты орындарда. 1995 жылдың шілде айында ҚР
Президенті
жанындағы
Мемлекеттік
саясат
жӛніндегі
ҧлттық
кеңес
«Қазақстан
Республикасындағы тарихи сана қалыптасуының тҧжырымдамасын» бекітті. Онда: «...ӛткен
тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпыҧлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық мен отаншылдықты
тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Зияты зақымдалған оқушылардың тарихи
білімді меңгеру ерекшеліктерін айтпай тҧрып, тарихи білімнің не екенін нақты елестетуіміз
қажет.
Білім - бҧл жалпы мектептегідей арнайы мектепте де тарихи білім беру мазмҧнының басты
элементі. Ол ӛзіне адамдықтың әлеуметтік тәжірибесін, әртҥрлілікті дҧрыс тҥсінуді, қазіргі
замандағы қҧбылыстар мен жағдаяттардың қиындығы мен қарама-қайшылық ҧғымдарын
біріктіреді. Отантануды (тарихты) білу-оқушылардың әлемдік кӛзқарасын қалыптастыруда және
тҧлғаны тәрбиелеудегі маңызды фактор.
Отантанушы-әдіскерлер тарихи білімдер мен олардың қҧрылымын бӛліп кӛрсетеді. Оқыту
барысында тарихи білімдер бірқатар функцияларды орындайды және тарихи шынайылықты
елестетуді қалыптастыруға бағытталған; адами қоғам дамуының ғылыми картинасы; іс-әрекет
негізін бағдарлау (білімді бекіту процесінде қалай әрекет ету керектігі; қҧбылысты анықтау, оның
мәнін кӛрсету, теңестіруді жҥргізу); эмоционалды атмосфера, таным іс-әрекетіне қатысты
эмоционалды, тҧлғалық қарым-қатынас, тарих арқылы тҧлғаны тәрбиелеуді жҥргізеді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
77
Отантануды (тарихты) оқыту барысында оқушылар әртҥрлі замандағы оқиғалармен, ӛткен
кездердегі қҧбылыстар мен заттармен, адамдармен танысады. Қоғамдық-тарихи процесте
оқиғалар кеңістік пен уақытқа байланысты ӛріледі. Уақыттар жҥйесі оқушылардан хронологияны
білуді қажет етсе, кеңістіктер жҥйесі – географиялық тарихты білуді қажет етеді. Оқиғалар,
хронология, географиялық тарих анық, нақты, қанық эмоционалды бейнелер арқылы танылып,
тарихи білімдердің қҧрылымының бірінші компоненттерін қҧрады да тарихи елестетуді
қалыптастырады.
Отантану (тарихи) білімдердің екінші компоненті-тарихи тҥсініктер. Зияты зақымдалған
оқушылар тарихи фактілерді қалыптастырудан соң оның ішкі мәнін танып, олардың арасында
байланыс орнатуға кӛшеді.
Отантану (тарихи) фактілердің мәнін тҥсіндіру және тҥсініктер жҥйесі арқылы тарихи
процестер жҥзеге асады, тарихи процестер заңдылықтарды тҥсінуді қалыптастыру–бҧл тарихи
білім қҧрылымының ҥшінші заңдылығын қҧрайды.
Отантану (тарихи) білімдердің қҧрылымына тарихи материалмен жҧмыс жасау тәсілі де кіреді.
Зияты зақымдалған оқушылар тарихи фактілерді оқиды, мазмҧндайды, ертеде алынған білімдерін
қолдануды ҥйренеді. Алған білімдері мен әрекет тәсілдерінің негізінде оқушылар белгілі бір білік,
дағдыларын меңгереді және олардың таным әрекетінің деңгейі артады. Тарихи білімдердің
қҧрылымын, функциясын, рӛлін білу мҧғалім ҥшін оқытудың мақсатын тиімді іске асыруға,
оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуға оң әсерін береді. Тарихи білімдердің мазмҧндық жағы әр
тҥрлілігімен ерекшеленеді. Бҧл дегеніміз: экономикалық-әлеуметтік ӛмірдің оқиғалар мен
қҧбылыстары; саяси қҧбылыстар мен процестер; мәдениет жетістігі.
Отантану (тарихи) материалдарын оқыту барысында бірнеше шарттарды сақтау қажет.
Ӛмірді және адамдардың іс-әрекетін оқыту хронологиялық кезектілікпен бір мезгілде қоғамдық
ілгерілеушілікпен жҥргізілуі қажет. Оқиға ҥнемі орнына және уақытына сай болуы тиіс.
Оқушыларға ҥнемі қоғамдағы ӛзгерістер ӛздігінен емес, кӛптеген адамдардың әрекеттерінің
нәтижесі екендігін, олардың ішінде тарихи тҧлғалар маңызды роль атқаратындығын ҥйретіп
отыруы қажет.
Тарихи білімдерді тҥсіну және меңгеру бір-бірімен байланысты процестер. Оқып ҥйренген
деректердің негізіңде оқушы санасында белігілі бір тарихи ҧғымдар жҥйесінің нақты тҥсінігі қалыптасады.
К.Д.Ушинский оқушыларды алаңдатуды емес, нақты бейнелікке, кӛрнекілікке негізделген тҥсінік
қалыптастыруды ҧсынады. оқушының санасында дҧрыс, толық тҥсінік қалыптастыру ҥшін бейне
картинаны кӛрсетіп, оны ауызша тҥсіндіру жеткіліксіз. Оған қоса ол ҧғымды нақтылап, бекітуге
кӛмектесетін әдістерді қолдану керек. Ондай әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу немесе
нысанды кескіндемелік тҧрғыдан қайта жаңғыртуды атауға болады.
Ӛтілген материалды тҥсіну деңгейі меңгерілген білімнің беріктігіне негіз болады. Зияты
зақымдалған балалардың оқу материалын тҥсіну мінездемесінінің толық әрі жҥйелі нҧсқасын В.Я.
Василевская ҧсынады.
Зияты зақымдалған оқушылар сабақта алатын тарихи қҧбылыстар мен оқиғалар осы кҥннен
жылдарға, онжылдықтарға, ғасырларға бӛлінеді, сондықтан арнайы мектеп оқушылары
қиындықпен меңгеріп, абстрактілі тҥрде қабыдауы жиі болады.
Зияты зақымдалған оқушылардың ең негізгі таным әрекетінің жетіспеушілігі кӛңіл бӛлу
мен жалпылау сияқты процестердің бҧзылысы тарихи материалды қабылдауда бірінші деңгейлік
болып табылады, сондықтан біздің оқушылардың тарихи материалды меңгеру қиыншылықтарын
тҥсінуге болады.
Зияты зақымдалған оқушылардың бағдарламаға сай тарихи білімдерді ең кем дегенде аз
мӛлшерде қабылдауына кӛмектесу ҥшін, мҧғалім ӛз іс-әрекетін, мақсатты тҥрде ҧйымдастыруы
керек. Бҧл ҥшін арнайы мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеру ерекшеліктерін анық білу
қажет.
Зияты зақымдалған балалардың ерекшелігінің бірі олардың әлемді тануға деген сезімдік
бейімділігін зерттеген ғалымдар (В.Г. Петрова, И. М. Соловьева, Ж.И.Шиф және т.б.
жҧмыстарынан). Арнайы (тҥзету) мектеп оқушыларының сенсорлы әрекет мҥмкіндіктері
олардың интеллектуалды іс-әрекетерінің дамуына қарағанда кеңірек. Бҧл тарихты оқытуда да аса
маңызды. Зияты зақымдалған оқушыларды кҥрделі қоғамдық әлемге деген кӛз қарасын мҧғалім
бала бойында керекті сезімдерді (кӛру, есту) оята білуі қажет. Осы сезімдердің кҥші мен
ӛткірлігіне байланысты жаңа тарихи білімдерді қабылдаудың деңгейі анықталады. Арнайы мектеп
оқушыларының қабылдау ерекшеліктерін еске ала отырып оқытушы берілетін тарихи білімнің
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
78
нақты және экономикалық сипатын беру керек. Арнайы (тҥзету) мектеп оқушылары тарихи
оқиғалардың арасында бір-бірімен байланыс қоя алмайды, нәтижесінде олар оқиғалар мен
қҧбылыстардың тек сыртқы белгілеріне қарап қана сипаттама береді. Сол себептен балаға оқиға
мен қҧбылыстың мазмҧнын тҥсіндіруміз керек. Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерек. Оған
Аңырақай шайқасы, Кенесары кӛтерілісін жатқызуға болады. Бҧл оқиғалар нақты жағдайда нақты
адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай жекелеген
қайталанбайтын оқиғаларды оқып ҥйрену оқушылардың тҧрпатты қҧбылыстарды тҥсінуіне
кӛмектеседі. Қҧбылыс деп нақты дерекке қатыссыз, орыны, қатысушылары уақыты кӛрсе-тілмеген
жалпы ҧғымдарды (революция, кӛтеріліс) айтамыз. Бҧл жағдайда революция – қоғамдық дамудың
сапалық ӛзгерісі, ал кӛтеріліс - бҧқараның қарулы бас кӛтеруі. Тарихи қҧбылыстар белгілі бір
тарихи кезеңнің немесе дәуірге тән сипатты белгілерін танытады. Арнайы мектеп оқушыларында
кездесетін тарихты оқыту барысында елестердің араласуы, ӛйткен уақыт кеңістігінде оқиғалар
мен қҧбылыстарды елестетудің араласып кетуі.
Зияты зақымдалған оқушылар әр сабақта оқиғаның орнын, уақытын, адамдардың сыртқы
келбетін, тҧрмыстық заттарын, қҧрал-сайманын анық елестете алуы қажет.
Сондықтан тарих сабақтарында мәлімет беруші әңгімеге сюжеттік бағалар енгізуі тиіс, тарихи
тҧлғаларға жарқын мінездемелер берілуі керек, әртҥрлі кӛрнекіліктер кӛз тартуы қажет.
Осыған орай, мҧғалімге ең бірінші әңгіме, сҧхбат, суреттер желісінің жоспарын нақты, дҧрыс
қҧруы қажет.
Екіншіден, жаңа білімді бекіту барысында оқушылар оқиғаны тек кӛрнекі қҧралдарға,
жоспарларға сҥйене отырып мазмҧндайды, бҧл жоспарды мҧғалім немесе оқушылар ҧжымдасып
қҧруы керек.
Ҥшіншіден, оқушылар ӛз жауаптарында бҧрын ӛтілген материалдағы, қазір ӛтілген
материалдардағы сандарды қолданылуына қол жеткізуіміз керек. Ойлаудың ерекшелік кҥшіне,
зияты зақымдалған және сӛйлеу тілінің әлсіз бағдарланған оқушылардың ойлау нақтылығының
кҥшіне қарай олардың тҥсінуі қиын және жалпылаудың кез-келген деңгейінде тҥсініп, меңгеруі ӛз
жағдайында алған тарихи білімдерін ойлап, тҥсінуге кері әсерін тигізеді. Зияты зақымдалған
оқушыларды ҥнемі ӛзінің жіберген қателерін тҥзетуге ҥйретіп отыруы керек, ол ҥшін дҧрыс жауап
беруге итермелейтін сҧрақтар мен тапсырмалар дайындау қажет.
Тарихи білімдердің мәнін тҥсіну оқушыларға ақыл-ой әрекеттерінің әр тҥрін ҧсынғанда
нәтижелі болатынын есте ҥнемі сақтау керек. Мысалы: оқиғалар мен қҧбылысты салыстыру,
оқиға желісін табу.
Тарих білімдердің мәнін тҥсіну ҥшін оқушыларға пратикалық тапсырмаларды кӛптеп ҧсынуы
қажет.
Қазақ халқы «Отан» деген ҧғымды бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Мҧны ең алдымен
туған жер, атамекен, ел, жҧрт деген ҧғымдармен барынша кеңінен байланыстырған. Сондықтан да
болар, соншама кең далада ӛмір сҥрсе де, ата-бабаларымыз ҥшін «Атамекен, туған жер» ҧғымы -
әрдайым қастерлі де қасиетті ҧғым. Бҧл қасиеттер ҧрпақ бойына оқумен, біліммен,
ҥйренумен,талпынумен бітеді. Жоғарыда айтып ӛткеніміздей ҧрпағын ӛз халқының патриоты етіп
тәрбиелеу-қай халықтың болса да тәрбиелеу жҥйесінің негізгі талаптарының бірі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Петрова Л.В. Методика преподавания истории в специальной (коррекционной) школе VІІІ
вида: Учеб. Пособие для студ. Высш.учеб.заведений. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС,
2003 г.
2. Қҧдайбергенқызы Қ., Қҧнапияқызы Қ. Отантану (Кӛмекші мектептің 7 сыныбына арналған
оқулық). – Алматы: Балауса,
3. Опыт преподавания истории вспомогательной школе / Под ред. М.И. Кузьмицкой. М.,
1964.
4. Лапшин В.А. Урок истории во вспомогательной школе // Коррекционно-развивающая
работа в процессе обучения и воспитания детей с нарушениями интелекта: Сб. // Под ред.
В.П.Пузанова. М., 1993.
5. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және ӛзекті мәселелері. А., 1990
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
79
Резюме
В данной статье рассматриваются особенности овладения знаниями детьми с нарушением
интеллекта в рамках предмета «Родиноведения» (История)
Summary
Feature captures by knowledge motherland lesson of pupils with intellectual violation.
УДК 37.017.4:37.018
БАЛАЛАР ҤЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ РУХАНИ ҚҦНДЫЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІК.
М.М.Рахимова
Старший преподаватель кафедры специальной педагогики
Казахский Национальный педагогический университет им.Абая. Алматы.
Maiya07.84@mail.ru
Балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің жеке тҧлғалық мәселелері және оларға білім беру
тәрбиелеу ҥдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тҧрғыдан қамтамасыз ету, тек
арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы
басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында кӛкейтесті болып табылады. Балалар ҥйінде
тәрбиеленуші баланың жеке тҧлғасының әлеуметтік қалыптасуының ӛзіндік ерекшелігі бар.
Мақалада балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің мәселелері туралы кейінгі жылдардағы
әдебиеттердегі таралуына талдау жҥргізілген. Соған сай балалардың жеке тҧлғасының
қалыптасуындағы кӛп қиындықтар эмоциялық-еріктік салада: әлеуметтік ӛзара әрекеттестіктің
бҧзылуынан, ӛзіне деген сенімсіздіктен, ӛзін-ӛзі ҧйымдастрыра алу мен мақсатқа
ҧмтылушылықтың тӛмендеуінен, дербестіктің жеткіліксіз дамуынан, ӛзін-ӛзі барабар
бағаламауынан, айналасындағылармен қалыпты ӛзара қарым-қатынастар жасауға қабілетсіздіктен,
ынтымақтасу ҥрдісінің мҥлдем жоқтығынан екені белгіленеді. Осы тектес бҧзылушылықтар
кӛбінде аса алаңдаушылықтан, эмоциялық ширығудан, психикалық қажудан, эмоциялық
торығудан, әр текті кедергілерге аса сезімталдықтан, қиындықтарды жеңуге дайын еместіктен,
жетістіктер
мен
табысты
қажетсінудің
тӛмендеуінен,
сенімсіздіктен,
қызбалықтан,
ҧстамсыздықтан, шамадан тыс импульстік белсенділіктен, эмоциялық салқындықтан, ӛзін ӛзі
кҥштеуден, айналасындағылармен эмоциялық қарым-қатынастардың бҧзылуынан, енжарлықтан,
торығудан және т.б. байқалады. Жеке тҧлғаның бойында осындай қиындықтарының болуы
рухани-қҧндылықты тәрбие беру бағытының қажеттілігін тудырады.
Тҥйін сӛздер: Балалар ҥйінде тәрбиеленуші бала, рухани қҧндылық, эмоциялық-еріктік сала,
адамгершілік қадір-қасиеттер, қҧндылық табиғаты, адам мен қоғам, субъектілік қҧндылықтар.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әр-тҥрлі себептер
тҧрғысынан балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің саны артуда. Осыған байланысты балалар ҥйінде
тәрбиеленушілердің мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу ҥдерісі, сонымен қатар,
психологиялық-педагогикалық тҧрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес
жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми
білім саласында кӛкейтесті болып отыр. Бҧл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен
педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Балалар ҥйінде тәрбиеленуші баланың жеке тҧлғасының әлеуметтік қалыптасуының ӛзіндік
ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бҧл бала дамуында
артта қалушылықты, масылдықты, жеке басын еркін ҧйымдастырудың тӛменгі деңгейін
туындатады.
Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде
әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеуметтендіру», «бейімдеу» ҧғымдары бӛліп
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
80
қарастырылады. Балалар ҥйінде тәрбиеленетін балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік,
отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сҥйене отырып, теориялық, практикалық
тҧрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мҧндай ӛзекті мәселені шешуге себеп болады.
Айталық, балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-
психологиялық даму ӛзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский Д.Янхольц, И.В.Дубровина, А.Г.Рузская,
Дж.Боулби, И.М.Бгажнова, С.А.Беличева, Ю.В.Василькова және т.б. ғалымдар қарастырды. [3].
Қоғамның дамуы әрбір тҧлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен
оның жалпы адамзаттық қҧндылықтарды игеру және қоғам игілігі ҥшін пайдалану қабілетіне
байланысты болады.
Сондықтан, жас ҧрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді
рухани қҧндылықтарын сіндіре отырып қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет.
Балалар ҥйінде оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, қҧралдары
мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ҧстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ҧрпақтың
жас мӛлшерін, мінез-қҧлқын, тҧлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін
ҥнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ҧстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.
Соңғы жылдардағы кӛптеген әлеуметтік зерттеулер балалар ҥйіне орналасқан балалар мен
бітірушілердің әлеуметтік бейімделуінің кҥрделі мәселелері барын кӛрсетті. Бҧл мәселелерді
шешу бҥгінгі таңдағы кезек кҥттірмес міндеттердің бірі. Ал оны шешуді педагог-психолог
маманының мектептегі жетім балалардың рухани қҧндылықтарын қалыптастыру жҧмысын
қамтамасыз ету бірден бір ҥлесін қоса алады деп есептелінеді.
Кӛптеген зерттеушілердің балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің тҧлғалық ерекшеліктерін
зерттей келе, балалардың жеке тҧлғасының қалыптасуындағы кӛп қиындықтар эмоциялық-еріктік
салада: әлеуметтік ӛзара әрекеттестіктің бҧзылуынан, ӛзіне деген сенімсіздіктен, ӛзін-ӛзі
ҧйымдаструшылық пен мақсатқа ҧмтылушылықтың тӛмендеуінен, дербестіктің жеткіліксіз
дамуынан, ӛзін ӛзі барабар емес бағалауынан, айналасындағылармен қалыпты ӛзара қарым-
қатынастар жасауға қабілетсіздіктен, ынтымақтасу ҥрдісінің мҥлдем жоқтығынан кӛрініс
табатынын атап кӛрсетеді. Осы тектес бҧзылушылықтар кӛбінде аса алаңдаушылықтан,
эмоциялық ширығудан, психикалық қажудан, эмоциялық торығудан, әр текті кедергілерге аса
сезімталдықтан, қиындықтарды жеңуге дайын еместіктен, жетістіктер мен табысты қажетсінудің
тӛмендеуінен, сенімсіздіктен, қызбалықтан, ҧстамсыздықтан, шамадан тыс импульстік
белсенділіктен, эмоциялық салқындықтан, ӛзін ӛзі кҥштеуден, айналасындағылармен эмоциялық
қарым-қатынастардың бҧзылуынан, енжарлықтан, торығудан және т.б. байқалады [2].
Сондықтан балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің отансҥйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін,
дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа
дҥниетанымдық кӛзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ҧнамды мінез-қҧлық нормаларын
рухани қҧндылықтар арқылы қалыптастыру- ҥлкен қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген. [1,23].
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру «тҧжырымдамасында» жеке адамның рухани
және кҥш-қуат мҥмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту
ҥшін жағдайлар жасау міндеті ерекше аталуы біз кӛтерген мәселенің қоғам талабынан туындап
отырғандығын, тақырыптың ӛзектілігін дәлелдейді.
Оның ҥстіне қоғамдағы рухани қҧндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын
қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселерімен тікелей
байланысты қарастырылып, осы кезге дейін кҥн тәртібінен тҥспеуі біздің тақырыбымыздың
ӛзектілігін онан сайын арттыра тҥседі. Ӛйткені, оқушылардың рухани қҧндылықтарын
қалыптастыру мәселері кӛптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.
Қҧндылықтар және олардың қоғам мен адам ӛміріндегі рӛліне тоқталып ӛтетін болсақ,
қҧндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық ӛмірдегі рӛлі туралы мәселе адам мен қоғам,
мәдениет пен ӛркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар және басқа проблемелер
мен тікелей байланысты. «Қҧндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір
болмыс қҧбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын кӛрсету ҥшін кең тҥрде
қолданылатын термин. Тиісті қҧбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың
тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің
нысаналарын кӛрсететін «субъектілік қҧндылықтар» (нҧсқаулар және бағалар, бҧйрықтар
(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сӛйтіп, «заттық»
және «субъектілік» қҧндылықтар, қалай болғанда да, адамның дҥниемен қҧндылық тҧрғысынан
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
81
қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып кӛрінеді. Адамзаттың бай прогрессивті
мҧраларын, қҧндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де кӛздеген мақсаттарына табысты
жетері сӛзсіз. Қҧндылықтарға негізделген іс бағыты ҥнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) ӛмір тәжірибесімен баянды етілген қҧндылықтардың
бағыттары жеке тҧлғаның ішкі дҥниесінің қҧрамды бӛліктеріне (элементтеріне) айналып, оның
әсерленушілігінің бҥкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам ҥшін олар мәнді мен мағыналыны,
мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге кӛмектеседі.
Қҧндылық нысаналарының дамуы жеке тҥлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік
ӛлшемінің кӛрсеткіші. Бҧл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың
тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дҥниені қабылдаушы призмасы, ӛмірдің мәні туралы
мәселені шешу ҥшін психологиялық негіз.
Қҧндылықтық нысаналардың тҧрақты және қайшылықсыз қосындысы жеке тҧлғаның
бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мҧраттарға
(идеяларға) берілгендік, сол мҧраттармен қҧндылықтар ҥшін жігерлік кҥш жҥмсауға қабілет, ӛмір
позитцисының беленділігі, мақсатқа жетудегі қажырлылық сияқты сапаларды қалыптастыруға
жағдай туғызады.
Қҧндылық нысаналары білім беру орындарында (мектепте) білім алу барысында ӛзінен - ӛзі
қалыптасады деп есептеуге болмайды. Қҧндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана - сезімді
тәрбиелеп,
адамның
эмоциялдық
ӛрісін
дамытқан
кезде
ғана
іске
аспақ.
Қҧндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – қҧндылық және logos – ілім, сӛз)деп
аталады. Ол – қҧндылықтар теориясы болып табылады. [4].
Қазақ халқының ғасырлар тҧңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан рухани
қҧндылықтары бізге сол мәдениет, эстетикалық-этикалық талғамдарын қҧрайтын ҧлттық әдет-
ғҧрыпы, салт-дәстҥрлері, әдеби мҧрасы арқылы жетіп отыр. Әр адам ӛзінің ҧлттық тамырын әдет-
ғҧрпынан, мәдениетінен кӛре алады. Ӛз Отанына деген сҥйіспеншілігі, туған жеріне, халқы ӛмір
сҥретін ортаға деген сезіммен ҧласып ҧштасып біте қайнасып жату керек. Халықтық әдет-ғҧрып,
салт-сана, патриоттық сезімге еліне деген сҥйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осының бәрі-
рухани қҧндылықтарға жатады. Оның қайнар кӛзі, бастамасы әрине отбасы. Қазақ отбасы
тәрбиесінің ӛзіне тән ерекшеліктері бар. Қазақ халқында білгір педагогтар, тәрбиешілер, ҧстаздар
болған. Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой
тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, рухын
асқақ ету, зиялылық біліктері мен дҥниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ
халқында ерекше қҧрметтелетін отансҥйгіштік, ар-ҧят, намыс, әділдік, адамгершілік пен
имандылық сияқты тҥсініктер отбасында бала санасына берілетін еді.
Рухани-қҧндылықты тәрбие адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның ішкі дҥниесінде
қалыптасатын ішкі еркінінің сезімі. Осы негіздерге сҥйене отырып, рухани-қҧндылықтар –
тҧлғаның бойында мінез-қҧлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың ӛздерінің
де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез
нормалары мен ережелерін дарыту деуге болады.
Қорыта келе, біздің мемлекетіміздің болашағы, еліміздің ертеңі – қазіргі Қазақстан
жастары болып табылады. Осы жастардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуы қоғам игілігі ҥшін маңызды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев болашақ ҧрпағымызды
тәрбиелегенде имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана ҧлттық рухы
дамыған Отанының гҥлдеуіне ӛз ҥлесін қоса алатын жастарды ӛсіре алатындығымызды айтады.
Балалар ҥйінде тәрбиеленушілердің рухани-қҧндылық тәрбиесіне жауап беретін негізгі тҧлға –
педагог психолог, дефектолог, әлеуметті педагог болғандықтан, білім беру орындарында рухани-
қҧндылықты тәрбие беру ҥрдісі кең кӛлемде жҥргізілуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030 » Астана, 1998. – 128 б.
2. Евдокимов Ю.А. Коррекционно-развивающие функции работы по соци-
альной адаптации воспитанников детских домов. – СПб., 1999. – С. 1-40.
3. Трудности социализации детей-сирот. // Ізденіс. – Алматы, 2008. - №1. - 314-317 бб.
4. Қазақстандағы жетім балаларды қамқорлыққа алу мәселелері: тарихы мен болжамы. // Ҧлт
тағылымы. – Алматы, 2008. - №4. - 21-25 бб.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
82
Достарыңызбен бөлісу: |