Сонымен қатар тәрбиенің маңызы бір тҥрі - дене тәрбиесі – арнайы мектептегі сауықтыру жҧмысымен
бірге жҥретін бағыттардың бірі. Арнайы мектеп оқушыларында дене дамуы мен денсауылығы тӛмен
кӛрсеткіштерге ие. Балалардың кемістік тҥріне қарамастан кӛбінде қан-тамыр, демалу жҥйелерінде аурулар
кездеседі. Салмақтары мен бойы қалыпты балаларға қарағанда тӛмен, тірек-қимыл қозғалысында
жетіспеушіліктер байқалады (бҧлшық еттерінің әлсіздігі, жҥрісіндегі кемістіктер, ҧсақ және жалпы
моторикасындағы ақаулар т.б.). Дене шынықтыру оқу бағдарламалары оқушылардың денсаулықтарын
дамыту мен кемістіктерін тҥзету мақсатында тҥрлі шараларды (гимнастика, спорт ойындары т.б. ) қамтиды.
Зияты зақымдалған оқушыларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мен қарым-қатынасқа бағыттауда
әлеуметтік нормаларды ҥйрету ӛте кӛкейкесті мәселе қатарында тҧрады. Ӛйткені әлеуметтік орта мен
әлеуметтік нормаларды игеру бір бірімен біте қайнасып жатқан процесс.
Зияты зақымдалған оқушыларда әлеуметтік-қҧқықтық нормаларды дамыту шараларын
ҧйымдастыруда тәрбиеші мен мҧғалімнің ролі ерекше жауапты және кҥрделі. Ол бірінші болып ӛзінің
тәрбиеленушілеріне ерікті, саналы, әрі жолдастық тәртіп ретінде тәрбиенің мәнін тҥсіндіреді. Ол
оқушылардың санасына біздің тәртіптегі ең басты нәрсе мәжбҥр ету мен тыйым салу емес, әркімнің ӛз
қоғамдық борышын терең тҥсінуі, оқушылар ҧжымына және тҧтастай алғанда, қоғамға пайда келтіруге шын
ниетімен тырысу деген ойды жеткізеді, біздің қоғамның белсенді қоғамдық ӛмірдің адамгершілік
нормаларын бҧзушылар мен ерікті және саналы тҥрде кҥресетінін, біздің адамгершілігіміздің негізгі
қоғамды ойдағыдай орнату ҥшін белсене кҥресу болып табылатындығын ҧғындырады.
Арнайы мектеп ӛзінің тәрбиеленушілерін жеке ӛмір мен қоршаған ортаға бейімделуге дайындайды.
Яғни мҥмкіндігі шектеулі тҧлғаның тәрбиесі, ӛзіндік мінез-қҧлқы ӛмірлік тҥрлі жағдайларда қоғамдық
әлеуметтік нормаға сәйкес келуі тиіс.
Әлеуметтiк норма – жалпы мақҧлдаған формадағы жарлық, әлеуметтiк мәндi жағдайлардағы мiнез-
қҧлық тәсiлi. Әлеуметтiк нормалар негiзiнде мiнез-қҧлықтар: нормалы (әлеуметтiк бейiмделген), ауытқыған
(девиантты) және нормаға қарама-қарсы (қҧқыққа қарсы) мiнез-қҧлық болып бӛлiнедi.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
59
Әлеуметтiк нормаларды меңгеру, оларды тҧлғаның iшкi дҥниесiне енгiзу – бҧл сыртқы ҥлгiлермен
ҧқсастыру процесi емес, тҧлға санасының қҧрылу процесi деп аталады. Әлеуметтiк нормалар жеке сананы
қалыптастыра отырып, оның қҧрылымын ҧйымдастырады. Интернализмдi әлеуметтiк нормалар тҧлға мiнез-
қҧлқын реттеушiсi болады. Бiрақ олар мiнез-қҧлықты тiкелей емес, сананың сәйкес ҧйымдасуы, тҧлғалық
мәндер мен бағалар жҥйесiнiң қалыптасуы арқылы реттейдi [1].
Ал тәртіптілік - адамның бойында қалыптасушы аса маңызды адамгершілік сапалардың бірі. Олай
болса, әлеуметтік-қҧқықтық нормалар мен мінез-қҧлық мәдениетінің ережелерін сақтауда оқушының
тәртіптілігі кӛрінеді. Тәртіп пен мінез-қҧлық мәдениетінің ӛзара байланысын А.С. Макаренко: "Тәртіптің
бҧл жағы-тәртіптің әсемді, тәртіптің эстетикасы-ӛте мәнді болады"- деп ӛте шебер және дәл атап кӛрсеткен
еді.
Адамның мінез-қҧлқын сипаттайтын ішкі және сыртқы сапалардың арасындағы ӛзара байланыс ӛте
кҥрделі және диалектикалы. Мінез-қҧлықтың сыртқы тәсілдері кӛп жағдайда жеке адамның ішкі ерекшелігін
айқындайды және қалыптастырады. Жасӛспірімдердің мәдени мінез-қҧлық дағдылары мен әдеттерін дамыту
және мінез-қҧлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртҧтас процесс
екендігі жайында кӛптеген педагог-ғалымдар ӛз еңбектерінде жариялады.
Тҧлға қабылдаған нормалық жҥйелер мiнез-қҧлық сферасының барлық мотивациялығын,
мағыналылығын анықтайды. Әлеуметтiк норма тҧлғаның қҧндылықтық жҥйесiн ескермеген кезде, адамның
мiнез-қҧлқы асоциалды мiнезге айналады. Егер әлеуметтену процесiнiң мәнi тҧлғаның тҧрақтануы мен
қалыпты ӛмiр сҥруiне бағытталған әлеуметтiк нормаларды, қҧндылықтарды, ролдердi игеруiне жалпы және
тҧтастай арналса, онда ―асоциализация‖ терминi тҧлғаның қоғамдық байланыстардың деформациалануына,
қоғамның тҧрақсыздығына объективтi тҥрде соқтыратын, қоғамға, әлеуметтiкке қарсы нормаларды,
қҧндылықтарды, керi ролдердi, ҧстанымдарды, мiнез-қҧлық стереотиптерiн игеру процесiн бiлдiредi.
Тҧлға асоциализациялануының әлеуметтiк-психологиялық механизмi қандай, ол қалайша қоғамға
қарсы мiнез-қҧлық жолына тҥседi? Асоциализацияланудың ертерек сатысында, балалар немесе
жеткiншектер ӛмiрдiң асоциалды салтын, терiс мiнез-қҧлық ҥлгiсiн кӛрсететiн ересектерден белгiлi бiр
субмәдениеттi бiлместiкпен немесе аздап тҥсiне отырып қабылдау механизмi басты болып табылады. Бҧл
жағдайда оларда ересек болып кӛрiну тiлегi, осы керi микроортада қолдау табу негiзгi себеп ретiнде болады.
Соңғысы осындай мiнез-қҧлық ҥлгiлерiнiң бекiнуiн қолдап, керiсiнше мiнез-қҧлықтың жалпы қабылданған
нормаларды терiске шығарады. Басқаша айтқанда бҧл жерде тҧлғаға әлеуметтiк бақылау жҥргiзедi. Оның
барысында тҧлғаға орталық пiкiрiнше ―қалыпты‖ жағдайдағы мiнез-қҧлқына сай позитивтi (мақтау, қолдау,
қуаттау) санкциялары немесе осы ортадағы белгiленген мiнез-қҧлық ережелерiнен ауытқығын кездегi
негативтi (қолдамау, ҧрып-соғу, қоқан лоққысы, ҧрсу, т.с.с.) санкциялар қолданылады. Мысалы,
мейiрiмдiлiк, еңбексҥйгiштiк, мейiрбандық әжуәланып, және керiсiнше қатыгездiк, адал еңбектi жек кӛру
қуатталуы мҥмкiн.
Тҧлғаның асоциализациялану процесi негiзiнен стихиялы тҥрде бiлместiкпен жҥрсе де, ол
әлеуметтену сияқты белгiлi мақсатта жҥруi мҥмкiн. Ӛйткенi ата-аналар мен қылмыстық топ жетекшiлерi
жеткiншектердi (десоциализация оқиғасында – ересектердi де) қылмыстық мiнез-қҧлыққа саналы тҥрде,
мақтау мен жазалаудың жоғарыдағы механизмiн қолдана отырып, қылмыстық iс-әрекетке бiрте-бiрте тарту
жолымен ҥйретуi мҥмкiн. Кеңiрек әлеуметтiк ортаның әлеуметтенудiң басқа институттарының әсерiн ескере
отырып, мҧндай ―оқытушы‖ оқушының қылмыстық мiнез-қҧлқын позитивтi, қоғам қолдайтын
қҧндылықтармен, мысалы, адалдықпен, әдiлдiкпен, жақынына деген қамқорлықпен анық мәнiн жасыра
отырып кӛрсетуге тырысады [2].
Мiнез-қҧлықтың қылмыстық жолына тҥскен тҧлғаға қатысты қоғам әлеуметтендiру институттары,
әлеуметтiк бақылау органдары тҥрiнде ресоциализацияны, яғни тҧлғаның әлеуметтiк қалпына келу процесiн,
оның қоғамның оң кӛзқарасындағы әлеуметтiк нормалар мен қҧндылықтарды қайта игерудi
(десоциализация кезiнде) немесе бiрiншi рет игерудi (асоциализация немесе десоциализация кезiнде) жҥргiзе
бастайды. ―Ресоциализация‖ терминiндегi ―ре‖ қосымшасы тҧлғаның асоциализация (десоциализация)
процесiнде қабылдаған терiс, қоғамға қарсы нормалар мен қҧндылықтарын қиратуды, демонтаждауды және
оған қоғам қолдайтын оң нормалар мен қҧндылықтарды ҥйретудi бiлдiредi.
Әлеуметтендiрумен және әлеуметтiк бақылаумен айналысатын қоғам, әлеуметтiк институттар
тҧлғаның қоғамға қарсы жолға тҥскенiн тiркей және тиiстi ресоцимализация шараларын қабылдай алады.
Бҧл жағдайда әлеуметтендiру процесiн жҥзеге асыратын жоғарыда айтылған әлеуметтiк институттар –
жанҧя, мектеп, еңбек, әскери, оқу ҧжымдары, қоғамдық ҧйымдар, қҧқық қорғау органдарының алдын алу
қҧрылымдары iске қосылады. Кӛбiнесе, осындай шаралар кӛмегiмен тҧлғаны ресоциализациялау процесiн
бостандығынан айырмай-ақ жҥргiзуге болады. Бiрақ асоциализация (десоциализация) қоғамнан жасырын
жҥргiзiлсе, аталған әлеуметтендiру институттарының қызметiнде белгiлi бiр кемшiлiктер, келiспеушiлiктер
жiберiлсе және тҧлға қылмыстық жаза қолданылатын әлеуметтiк қауiптi iс жасаса, онда ол ҥкiм бойынша
бас бостандығынан айыру орындарынан табылуы мҥмкiн. Ресоциалиазияның бҧл кезеңiнiң мәнi-тҧлғада
қоғаммен әлеуметтiк пайдалы байланыстарды қалпына келтiру мен жетiлдiруде, асоциалдық мiнез-қҧлық
пен ролдердi қиратуда, мiнез-қҧлықтың оң ҥлгiлердi, әлеуметтiк қҧндылықтарды игеруге, бекiтуде болып
табылады. Мҧндай жағдайда кәмелетке толмағандарға арналған еңбек- тәрбие коллониялар, еңбекпен
тҥзеудiң жалпы, қатал және ерекше режимдегi колониялар мен ересек сотталғандарға арналған тҥрмелер
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
60
сияқты арнайы институттар ресоциализацияны жҥргiзедi. Мҧндай әлеуметтiк институттарының басты
мақсаты сотталғандарды тҥзету және қайта тәрбиелеу, яғни оларды ресоциализациялау болып табылады [3].
Ресоциализация мәселесi тек сотталғандарды тҥзетумен байланысты емес, ол әлеуметтендiрудiң
қалыпты процесiне сотталғандарды және адамдардың басқа категорияларын: науқастарды, нашақорларды,
авариялар, әскери iс-әрекеттер, табиғи дҥлей зiлзалалар кезiнде стерсс алған адамдарды қосу мәселесiне
тiреледi. Сондықтан қазiрде ―әлеуметтiк бейiмделу‖ тҥсiнiгiмен қатар, әлеуметтiк психологияда ―әлеуметтiк
қалпына келтiру (ақтау)‖ терминi де кең қолданылады. Кӛбiнесе бҧлар бiр-бiрiне синонимдес, тым
болмағанда олар әлеуметтiк жҧмыстардың негiзгi мазмҧнын қҧрайды. Бiрақ, олардың арасында
айырмашылықтар бар - ең алдымен әлеуметтiк жҧмыс объектiсiнде. Әлеуметтiк бейiмделу денi сауларға да,
науқас адамдарға да қажет. Мҧндай адамдар тек әлеуметтiк кӛмек қана емес, сондай-ақ психотерапия,
психокоррекция (аутотренинг және басқалар) қажеттiлiгiн сезiнедi. Әлеуметтiк кернеудi (реабилитацияны)
тҥсiрмей, әлеуметтiк бейiмдеу мҥмкiн емес, бҧл жағдайда тек әлеукметтiк фунцияларды қалпына келтiру
ғана емес, сондай-ақ психикалық жағдайларды қалыптастыру маңызды болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Социалъная психология: Учеб. пособие для студентов высш. учебн. заведении /А.Н.Сухов,
А.Н.Казанцев и др./ Под ред. А.Н.Сухова, А.А.Деркача. - М.: Изд. центр ―Академия‖, 2001. - 600 с.
2. Еникеев М.И. Социалъная психология: Учебник для вузов. - М.: ―Издателъство ПРИОР‖, 2000. -
160 с.
3. Социалъная психология в схемах и комментариях: Учебное пособие / В.Крысъко. - СПБ.: Питер,
2003. – 286 с.: ил.
Резюме
В статье рассматриваются социально-психологические механизмы социализации личности детей с
ОВР. Раскрывается сущность механизмов асоциализации, десоциализации и ресоциализации, в
противопоставлении социализации личности.
Summary
In the article the socially-psychological mechanisms of socialization of личностидетей are examined with
OV. Open up essence of mechanisms of аsocialization, desocialization and resocialization resisting socializations of
personality.
УДК 616.98:578.828
ЖИТС-ТІҢ ЖҦҒУ КӚЗДЕРІ МЕН ЖҦҒУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУЫНЫҢ
ГИГИЕНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Д.Қ.Байдосова - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы.
Ҧсынылып отырған мақалада автор ЖИТС-тің жҧғу кӛздері мен жҧғу жолдарының алдын
алуының гигиеналық негіздері туралы сипаттайды. Мақалада автор кӛрсетуі бойынша ЖИТС дерті
шығу тарихы шет елдерден шығып, тарай отыра алдынғы ғасырда ақ біздің елімізде де етек
жайғанын айтады. Сондықтан мҧнымен кҥресу жолдары елімізде дҧрыс ҧйымдастырылып, бақыланып
отырылатыны жайында сӛз қозғайды. Сонымен бірге ДДҦ мәліметі бойынша АИВ жҧқтырғандардың
саны жыл бойында қаншалықты болғандығы оның салыстырмалы тҥрде тіркелетіндігі , болжамы
қандай және қай мемлекеттерде басымырақ сол жайында айтылады. Вирус тек қан арқылы ғана
ағзаға жҧғатынын және вирус жҧққан адам ол вирус тасымалдаушылар екендігін мәлімдейді. ЖИТС-пен
қала тҧрғындары жиірек ауыратыны, оған жӛнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік,
жезӛкшелік, гомосексуализм, нашақорлар т. б. жайлар себеп болатыны туралы мақалада айтылады. Бала
туу мҥмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға
шалдығуы туралы да қамтылады . Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жҧғу
жолдары жыныстық қатынас, вирустың бірден қанға тҥсуі (әртҥрлі инъекциялар жасаған кезде т. б.
жағдайларда), анасынан нәрестеге жҧғу арқылы болатыны мақалада айтылған. Бҧл дерт ӛлімге
әкелетіндіктен, емделуге тырысқанша, оның алдын алуы, адамның сау болуының бірден бір кепілі
екендігі тҥсіндіріледі.
Негізгі ҧғымдар: Инфекция кӛзі, вирус, жҧғу жолдары, емдеу , профилактикасы, салауатты, әдепті ӛмір
сҥру
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
61
ХХ - ғасырдың обасы деп аталса, ХХІ ғасырдың обасы деп те әлі айта аламыз. ДДҦ
мәліметі бойынша АИВ жҧқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал.
ЖИТС-пен ең кӛп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия,
Ҧлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония,
Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тҧрғындары жиірек ауырады. Оған жӛнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс
сексуальдық еркіндік, жезӛкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Кӛпшілік жағдайда ЖИТС-
тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мҥмкіндігі бар
әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей
тҥсті. Осыдан 3—4 жыл бҧрын АИВ жҧқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бҥгінде есірткі
қолдануылардың саны кҥрт кӛбейіп, олар кӛпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын
болғандықтан, бҧл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мҧндай жағдай
балаларға ЖИТС жҧқтыру қаупін кҥшейтіп отыр.
Инфекция кӛзі. Вирус жҧққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар
инфекция жҧқтыру кӛзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус
тасымалдаушылар ӛте қауіпті. Вирус кӛп мӛлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сҥтінде
болады. Кӛз жасында, жҧлын сҧйығында, сілекейде ӛте аз мӛлшерде болуы мҥмкін.
Жҧғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жҧғу жолдары
мынадай:
—
жыныстық қатынас;
—
вирустың бірден қанға тҥсуі (әртҥрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жҥғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жҧғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы
жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас
кезінде жҧғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, ӛйткені партнерлердің жыныс
мҥшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен
науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жҧққан. Жҧқтыру каупі активті және пассивті
гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезӛкшелер де жатады. Партнерлердің жиі
ауысуы да ЖИТС жҧқтыру мҥмкіндігін кҥшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген
азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бҧрын
ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен
жақындасу ЖИТС жҧқтыру каупін кҥшейте тҥседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден тҥсуі арқылы жҧғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық
туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың
саны кӛбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті ӛңдеуден ӛткізбейді. Егерде ЖИТС-пен
науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының
қалдығымен сау адамның ағзасына тҥседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жҧғады.
Вирус адамға қан немесе қан қҧрамынан тҧратын препараттар қҧйғанда да жҧғуы мҥмкін. Кейбір
аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын қҧюға тура келеді. Егер донор
ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жҧқтыру қаупі ӛте жоғары. ЖИТС жҧғу мҥмкіндігі бар қатерлі топқа
гемофилиямен ауырғандар да жатады. Ӛйткені қан ҧюы ӛте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату ҥшін
оларға жиі-жиі қан қҧйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан
қҧю арқылы жҧққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап
ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жҥргізіле бастады. Мҧндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа
жҧқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-
профилактикалық мекемелерде жҧқтырылғаны тіркелген (ДДҦ мәліметі бойынша мҧндай кӛрсеткіш 0,5%-
ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жҧғу қаупі әлі де сақталып отыр.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
62
ЖИТС вирусының ҥшінші жҧғу жолы — анасынан нәрестеге жҧғуы. Ауырған немесе АИВ жҥққан
әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жҧққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор
немесе жезӛкше болса нәрестеге вирус жҧғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану
кезінде, баланы операция жасап алғанда және жҥктілік кезінде жҧғуы мҥмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас
анасының емшек сҥті арқылы жҧғу оқиғалары да белгілі.
ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасӛз беттерінде тҧрақты тҥрде кӛтеріліп отырғанына
қарамастан, 6ҧл проблемаға зор кӛңіл бӛлу қажет.
АИВ инфекциясымен кҥресуде ДДҦ «Әдепсіздік нәтижесіңде ӛзіңді ӛлімге апарма!» деген ҧранға
сҥйенеді.
Егерде сілекейден, кӛз жасы сҧйығынан вирус табылса, оның жҧғу мҥмкіндігі қандай деген
сауалға келсек, мҧндай жолмен жҧғу бҥгінгі кҥнге дейін еш жерде кездескен емес.
Вирус қанмен жҧғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бҧл сҧраққа да теріс жауап беруге
болады. Ӛйткені осы уақытқа дейін мҧндай жолмен ЖИТС жҧғу оқиғасы болған емес.
АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жҧқпайтыны
толық анықталған. Яғни адамдар сҥйіскенде, сӛйлескенде, тҥшкіргенде, жӛтелгенде, қол алысқанда, ортақ
дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС
вирусы жҧқпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір тӛсекте жатып ҧйықтаған кезде де ЖИТС
вирусының жҧғу қаупі жоқ.
Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бҥрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы
жҧғу жолдары да анықталмаған.
Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке ҧқсас иммундық тапшылық болатынына
қарамастан, ҥй және жабайы жануарлардан ЖИТС жҧғу жайлары кездеспеген.
ЖИТС жҧғудан қалай сақтанады?
Әртҥрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында
тыңғылықты зерттеулер жҥргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей
отыр.
ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
—
әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
—
жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жҧғу арнасын сенімді
тҥрде жауып тастау. Осы мақсатта кӛптеген елдерде мынадай шаралар жҥргізіліп жатыр: халықтың
(тҧрғындардың) кейбір топтарын сӛзсіз және жоспарлы тҥрде лабораториялық тексеруден ӛткізу; донорлык,
қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді,
жезӛкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын
ҧйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және кӛмек беретін комиссия жҧмысын
ҧйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.
Тҧрғындар арасында ЖИТС жӛнінде санитариялық-ағарту жҧмыстарын жҥргізудің ерекше
маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.
Англияда осы бағытта жҥргізілетін жҧмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы
жҧмсайды.
Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды ӛнегелілікке, дҧрыс жыныстық қатынас жасауға
тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен кҥресу мҥмкін емес.
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық ҥшін ҧтымды. Оларға мыналар жатады:
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
63
—
салауатты, әдепті ӛмір сҥру;
—
кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезӛкшелермен жақындасудан сақ
болу (жыныстық партнер кӛп болған сайын ЖИТС жҧқтыру қаупі арта тҥседі. Г. В. Сколубовичтің
(1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезӛкшелік — ЖИТС
вирусын жҧқтыру кепілі»);
—
стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа
да қҧрал-жабдықтарын пайдаланбау;
—
әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бӛтен біреудің қанымен,
бӛлінділерімен жанасудан абай болу;
—
презервативті дҧрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
—
қан қҧйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың
АИВ-ке тексерілгеніне кӛз жеткізу (ол ҥшін қолданылған қанның сериялык нӛмерін жазып
алыңыз);
—
маникюр, педикюр жасайтын қҧралдардың стерильдігіне кӛңіл аудару;
—
ЖИТС вирусын жҧқтырып алдым-ау деген кҥмәнді жағдайда міндетті тҥрде дәрігерге
кӛріну.
Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жҧққан-жҧқпағандығын анықтау ҥшін Алматыда,
Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып
тексерілуіне болады.
Қазақстанда ЖИТС-пен кҥресу жҧмыстарын ҧйымдастыру.
ЖИТС — кӛп жағдайда ӛлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. Қазақстанда осы қауіпті
ауруға қарсы кҥрес жҥргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жҥйесі қҧрылды. Оның қҧрамына
республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы кҥресу және аурудың алдын алу орталықтары,
диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жҥйесінің кҥнделікті
жҧмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бҧл комитеттің ең басты мақсаты —
ЖИТС вирусын жҧқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы тҥрде ҧйымдастыру.
Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ҧйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде
жҧмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жӛнінде жҧмыс жҥргізетін 20 орталық
және 80 лаборатория бар.
Олардың жҧмыс бағыттары мынадай:
1.
Вирус жҧғу мҥмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп,
вирус жҧққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2.
Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни
басқа адамдарға жҧғуына мҥмкіндік бермеу жҧмыстарын ҧйымдастыру.
Қазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам арнайы
тексеруден ӛтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және ӛз атын жарияламай тексерілу жҧмыстары кең тҥрде
жҥргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жҥргізетін арнайы кабинет жабдықталған және
одан 6ҧл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады.
«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994)
ЖИТС ауруымен кҥресу кҥрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен
қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады,
олардың жҧмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан қҧрылған Ҥйлестіру кеңесі басқарады.
Қазақстан Республикасында тҧратын не ҧзақ мерзімге жҧмыс атқаруға келген әрбір шет ел
азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС
вирусының жҧққан-жҧқпағандығын анықтау ҥшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) ӛтуі тиіс.
Жасӛпірімдер арасындағы панасыздықты болдырмау,бақылаусыздықтың алдын алу мақсатында рейд
ҧйымдастырылды. Рейд барысында мектеп полициясы жасӛспірімдер арасында панасыздықты болдырмау,
бақылаусыздықтың алдын - алу жӛнінде «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы». «Ішімдік
пен шылым шегуге қҧштарлықтың жасӛспірімдерге зиянды жақтары», Кәмелетке толмағандардың ата-
анасының әкімгершілік жауаптылығы тақырыптарында мектепішілік бақылауға алынған балалар мен
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №2(37) 2014 г.
64
олардың ата-анасымен байланыс жасап рейдтікжҧмыстар атқарды. Мҥшеқапты қолданып та , ауру
жҧқтыруға болады. Ӛмірдің соңына дейін жыныстық бір серіктеспен болу
ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан
шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден ӛтуге міндетті. Оларды
қызметтен, жҧмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай тҥрінен болмасын шеттетуге
болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тҧрмыстық қызмет кӛрсету саласы қызметкерлері (мысалы,
шаштаразшы т. б.) жҧмысын ауыстыруы қажет. Олар ҥшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу —
кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір
мерзімдік ақша тӛлеу тәрізді. Оның ҥстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен
тікелей жҧмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жҧмыстының зияндылығы ҥшін қосымша,
ақылы 24 кҥндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін ҥстем ақы алуға қҧқылы.
ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола
алмайды. Әдейі және біле тҧра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жҧқтырушы, клиникалық,
лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, ӛз жҧмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау
адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын
тасымалдаушы екендігін рҧқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қорыта айтқанда, әдепті ӛмір сҥріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан,
кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам ӛзін-ӛзі ЖИТС-тен қорғай алады.
Есіңізде болсын: Сіздің денсаулығыңыз ӛзіңіздің қолыңызда!
Қолданылған әдебиеттер
1. Котова А. Л., Қҧдайбергенҧлы Қ., Дерябина Л. В. СПИД – ғасыр індеті/ Алматы: Ғалым, 2000
2. Ӛмешҧлы Ә. Салауатты ӛмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999
3. Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы – 1981
Достарыңызбен бөлісу: |