Арналған оқу жоспары негізінде құрастырылған 2020 ж. № хаттамамен пмпу оәК отырысында бекітілді



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі155 Kb.
#84528
1   2   3
Байланысты:
МПФ силлабус каз

Оқытушы туралы мәлімет
Ельтинова Лаура Аманжоловна, PhD докторы, доцент.
e-mail: lau1983ye@mail.ru
тел.: +7 702 854 9273


Пән туралы мәлімет
Пән 6 семестр бойы 15 аптаға сай оқытылады. Пәннің жалпы көрсеткіші 135 сағат, оның 45 сағаты аудиториялық сабаққа және 90 сағаты студенттің өздік жұмысына арналған аудиториялық сағаттың сабақ түрлері күнтізбелік жоспарда көрсетілген.
Пәнді оқыту төмендегі пәндерден алған біліміне негізделеді: мектеп физика курсы, механика, математикалық талдау негіздері.



      1. Пәнді оқудың мақсаты

Физика пәндерін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті физиканы оқытудың әдістемесі бойынша теориялық білімдердің, дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды. Физика әдістемесі жайлы бағдарламаның маңызды міндеті орта мектеп физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық негіздерін күшейту болып табылады. Физиканы мектепте оқыту әдістемесінің ғылыми негіздерін ашуға көп көңіл бөлу керек, ғылыми-әдістемелік талдауға, физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі физикалық заңдардың мазмұнын ашып, олардың практикада пайдалануын баяндау қажет.
Студенттерді кәсіби-педагогикалық қызметке физика курсы негізінде дайындау, оларда педагогикалық шеберлік және болашақ педагогтың жеке даралық дамуын қалыптасытыру. Педагогикалық шеберлік ретінде іргелі, физикалық, заманауи ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-гуманитарлы білімдердің синетзіалады.


Пәнді оқытудың міндеттері:

- студенттердің орта және жоғары оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология-педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;


- физиканы оқытудың принциптері мен әдістерін меңгеру;
- пән бойынша оқу жоспарын жасау, кәсіптік оқу орнының түріне қарай материалдарды таңдап, әдістемелік амалдарды қолдану;
- студенттерді есеп шығару әдістемесіне үйрету, олардың логикалық ойлау операциясы дәйекті болуын, ой-пікірде формализм болдырмауын қамтамасыз ету, стандартты жағдайда тұрақты машық алуға, физикалық жәй-жағдайды талдай білуге үйрету жатады.


Құзырлылықтары
Студент:
-сабақ түрлері мен классификациясын;
- есеп шығарудың әдістері мен тәсілдерін;
-тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындауды;
-белгілі тақырыпқа байланысты тест құрастыруды.


Студент ебдейліктері:
- физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес дүниені біртұтас танып білдіретіндей және оның тәрбиелік мәнін ескере отырып тақырыптық, күнтізбелік өндіріс және сабақ жоспарын жасай білу;

  • оның әдістері мен формаларын меңгеруі;

  • бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алуы;

  • факультативті сабақтардың жоспарын жасай білу;

  • Физикадан сыныптан тыс жұмыстардың жоспары мен сценарийін құрастырып, өткізе білу.



Студенттің меңгеретіндері:

  • оқыту әдістері мен түрлері;

  • зертханалық жұмыстар мен демонстрацияларды өткізу тәсілдері;

  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданып сабақ өткізу әдістері.



Пререквезиттер:
-мектептегі физика курсы;
-жалпы және теориялық физика курсы;
-информатика;
-педагогика;
-психология.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет