Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет103/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
сағатта, минутта деген мезгіл мəнді сөздерге тіркесе айтылып, бағыныңқы компонент 


 
 
баяндауышы  болады.  Мұндай  сөйлемдерде  басыңқы  компоненттегі  іс-əрекеттің 
бағыныңқы  копонентегі  іс-əрекетпен  бір  мезгілде  болғандығы,  мезгілдестігі 
баяндалады.  Мысалы:  Көп  жұрт  Оспан  жайын  əр  алуан  айтып  жылаған  шақтарда, 
Абай өзі де ақын тілімен іштей əлдіше жырлар шерткен.   
10.  Өткен  шақтық  есімше  –дай,-  дей  жұрнақты  формада  айтылып  бағыныңқы 
копонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауышы бағыныңқылар басыңқыдағы іс - 
əрекетті  екінші  бір  субъектінің  іс - əрекетіне  ұқсата,  соған  салыстыра  баяндайды: 
Барлық іске де бір ашу серпін араласқандай қирау, бүлінулер де көбейіп кетті.  
11. Өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрі гөрі шылауна тіркесе айтылып 
та  бағыныңқы  копонент  баяндауышы  болады.  Сабақтас  құрмаластың  мұндай  түрінде 
бағыныңқы  компоненттегі  іс - əрекет,  жай-  күйдің  болуынан  гөрі,  басыңқы 
копоненттегі  іс-əрекет,  жай-күйдің  болуы  керектігі  баяндалады.  Копоненттердің 
мұндай мағыналық қатынастарына негіз болатын да салыстыру тəсілі. Сондықтан бұл 
тəріздес  сойлемдер  де  салыстырмалы  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемге  жатады.  Бірақ 
сабақтастың бұл түрі жазу тілінде өте сирек ұшырайды. Мұндай мағыналық қатынасты 
білдіру  үшің  жазу  тілінде,  негізінде,  бағыныңқы  компонент  баяндауышы  –ша,-  ше 
жұрнақты есімшеден болған сөйлем қолданылады.  
12.  Өткен  шақтық  есімше  –дық,-тан,-дік-тен  қосымшалы  түрде  айтылып, 
бағыныңқы  компонент  баяндауышы  болады.  Мұндай  бағыныңқы  компонент  басыңқы 
сөйлемдегі іс-əрекеттің болу болмауының себебін білдіреді.  Есімшенің қалган екі түрі 
жатыс  септігінде  жəне  кейбір  шылау  мен  шылау  мəнді  сөздерге  тіркесіп,  бағыныңқы 
жай сөйлем баяндауышы болу тіл тəжірибесінде өте сирек кездеседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет