Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Жай сөйлемдердің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы



Pdf көрінісі
бет100/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
Жай сөйлемдердің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы.  
Жай  сөйлемдердің  бір-  бірімен  баяндауыш  формасының  тиянақсыздығына  қарай 
құрмаласуы – қазақ  тілінде  құрмалас  сөйлем  жасауындағы  құнарлы  тəсіл.  Кейбір 
тілдердегідей,  мысалы  орыс  тіліндегідей,жай  сөйлемдерді  бір – бірімен 
құрмаластыратын  бағындырушы  жалғаулықтар  бізде  жоқ.  Сондықтан  тіліміздегі 
сабақтас құрмалас деп аталатын сөйлемдер тобы, негізінде, тек осы сөз болып отырған 
тəсіл  арқылы  ғана  жасалады  деуге  болады.  Əріне  тиянақсыз  формада  айтылатын  кез 
келген сөздер жəне кез келген форма жай сөйлемдерді құрмаластыру үшін қолданыла 
бермейді. Мұнда да қалыптасқан, көпшілікке танылған арнаулы формадағы сөздер ғана 
қолданылады. Ондай сөздер құрмалас  құрамына енуге тиісті белгілі бір жай сөйлемнің 
баяндауышы  қызметінде    қолданылады  да,  ол  сөйлемді  өзінің  тиянақсыз  формасы 
арқылы екінші сөйлемге бағындырады, соған тəуелді ете байланыстырады, сол арқылы 
құрмалас  сөйлем  жасайды.  Мұндай  сөздер  тобына  мыналар  жатады:  а)  көсемше 
етістіктер;  ə)  етістіктің  есімше  түрі;  б)  етістіктің  шартты  рай  жəне  басқа  да  кейбір 
формалы түрлері.  
Жай  сөйлемдерді  бір–бірімен  құрмаластыру  функциясында  қолданғанда, 
бұлардың əрқайсысы алуан түрлі формалық құбылыстарда айтылады. Міне, енді соған 
қысқаша шолу жасаймыз.  
а)  Жай  сөйлемдердің  көсемше  арқылы  құрмаласуы.  Көсемше–етістіктің  ең 
тиянақсыз категорияларның бірі. Оның сөйлемдегі негізгі мағынасы мен функциясы – 


 
 
басқа бір етістік арқылы берілген іс - əрекеттің қалай болғанын, амал, тəсілін білдіру, 
яғни іс - əрекетті сындық, мезгілдік жағынан анықтау; оның болу, болмауының себеп, 
мақсаттарын  білдіру.  Көсемше  етістіктердің  тиянақсыз,  басқа  бір  сөздерге  сүйеншек 
болуының себебі де оның осы айтылған мағыналық ерекшелігіне байланысты.  
Көсемше  етістіктердің  мағыналары  мен  функциялары  барлық  жағдайда  біркелкі 
болып  отырмайды:  ол  бір  жағдайда  екінші  бір  етістік  арқылы  білінетін  іс - əрекет, 
қимыл- қозғалыстың қалай болғанын сипаттап, үстеулік қызмет атқарып тұрса, екінші 
бір  жағдайда  əр  түрлі  көмекші  сөздерге  тіркесіп,  іс - əрекетті  білдіріуші  негізгі  тұлға 
болып  тұрады,  ал  кейде  тіпті  бұлардың  ешқайсысына  ұқсамайтын  мəнде 
қолданылатыны  да  болады.  Көсемшелердің  мағыналары  мен  синтаксистік 
қызметтеріндегі  бұл  құбылыстар  олардың  сөйлемдегі  қолдану  орнына,  контекс 
байланвсты.  
Қолдану жағдайына, контекске қарай көсемше негізгі екі түрлі синтаксистік қызмет 
атқарады:  оның  бірі – пысықтауыштық  қызмет  те,  екіншісі – баяндауыштық  қызмет. 
Осылармен қатар, көсемшенің күрделі сөздер құрамында тұрып, соңғы көмекші сөздің 
тұлғалық  құбылыстарына  қарай  соның  əуеніне  еріп,  басқа  да  түрлі  мүшелер 
құрасатыны  болады.  Бірақ  мұндай  жағдайда  шешеуші  мəн  көсемшеде  болмайды,  ол 
тёркесіп тұрған сөзде болады.  
Көсемшелер  пысықтауыш  мүше  қызметінде  қолданылғанда,  көбінесе,  екінші    бір 
етістікке тіркесе айтылады да, сол етістіктің мағынасы арқылы білінетің іс - əрекет, жай 
–  күйдің,  қимыл – қозғалыстың  болу  амалын,  қашан  болған  мезгілін,  немесе  болу – 
болмау  мақсат,  себептерін  білдіреді.  Мұндай  функцияда  қолданылған  көсемшеден 
кейін,  егер  ол  бірыңғай  болып  келмесе  ешқандай  кідіріс,  интонациялық  тоқталыс 
болмайды. Олар өздері пысықтайтын мүшемен бір ырғақта, кідіріссіз бір – ақ айтылып 
кетеді.  Бұл  жағдайлар  пысықтауыш  болып  тұрған  көсемшені  баяндауыш 
функциясындағы көсемшеден бөліп тануға біраз септігін тигізеді.  
Көсемшелердің  екіңші  синтаксистік  қызметі – баяндауыштық  қызмет. 
Көсемшелердің  құрмалас  сөйлем  жасаудағы  ролі  де  олардың  осы  баяндауыштық 
қызметіне байланысты.  
Бірақ баяндауыш қызметінде қолданылған көсемшелердің барлығы бірдей сабақтас 
құрмалас  сөйлем  жасай  бермейді.  Көсемшелердің  кейде  бір  субъектінің  əр  түрлі 
əрекетін білдіріп, бірыңғай баяндауыштық функцияда қолданылатыны да болды. Ондай 
жағдайда олар бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептелмейді.  
Көсемше  етістіктердің,  əсіресе  –ып, -іп,-  п  жұрнақты  көсемшесінің  бұл  айтылган 
стнтаксистік қызметі - өте көне заманнан бері қарай келе жатқан қызмет. Көсемшенің 
бұл функциясын көне замандағы оның бірден – бір функциясы деуге де болады.  
Көне түркі тілдері жазу ескерткіштерінде – п формалы көсемше бір  субъектінің əр 
түрлі  əрекетін  баяндап.  Жай  сөйлемнің  бірыңғай  баяндауышы  ғана  болғаны  болмаса, 
өзіндік дербес бастауышы бар жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында өте сирек 
қолданылады.  
Өткен  шақтық  көсемшенің  бұл  тəріздес  синтаксистік  қызметі  фольклорлық  
шығармаларда  да  жиі  ұшырайды.  Бұл  жағынан  алғанда, -ып, -іп,-  п  жұрнақты 
көсемшені  бір  субъектінің  істеген  іс - əрекет,  қимыл – қозғалыстарын  бір – бірімен 
ұшырастырып, іргелестіріп беруде ең икемді жəне өте заманнан бері қарай келе жатқан 
ең  көне  категория  деуге  болады.  Тіл  фактілеріне  қарағанда,  көсемшенің  бұл 
функциясының  оның  екі  жай  сөйлемдерді  бір – бірімен  сабақтастыра  құрмаластыру 
функциясынан бұрын пайда болғандығы байқалады.  
Қазақ  халқының  ауыз  əдебиетіне  жататын  шығармалры  кенжелеп  жиналып,  кеш 
басылды.  Сондықтан  бұл  шығармалар  тіліміздің  көне  замандағы  грамматикалық 
құрылысын ашуға мардымды көмегін тигізе алмайды. Олардың басым көпшілігі қазіргі 


 
 
тілімізге  өте  жақын,  тіпті  айтарлықтай  өзгешеліктері  жоқ  деуге  болады.  Дегенмен, 
үңіле  қараған  адам  олардан  кейбір  тілдік  категеориялардың  басып  өткен  соқпағын 
байқағандай.  
Біз сөз етіп отырған көсемше көне түркі жазуында өзіне тəн дербес бастауышы бар 
бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде қолданылмаған болса, немесе ілуде біреу 
ғана  кездессе,  қазақтың  ауыз  əдебиетіне  жататын  шығармаларда  ол  жоғарыдағыдай 
бірыңғай  баяндауыш  қызметінде  де,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы 
компонентінің баяндауышы қызметінде де қолданылады. Мысалы: Кендебай сол арада 
үш-төрт күн тынығып, кемпірдің асыл қазынасын жинап,  Керқұла аттың алдына алтын 
науаны өңгеріп, алтын құйрықты құлындарды ертіп, аман-есен ханның үйіне келеді.  
Бұлар  тəріздес,  көсемше  арқылы  жасалатын  жайылыңқы  сөйлемдер  көне 
замандарға  тəн  ертегі,  əңгімелерде  өте  жиі  кездеседі.  Тіпті  кейде  көптеген 
сөйлемдердің,  əсіресе  төл  сөз  бен  автор  сөзі  аралас  келетің  диалогты  сөйлемдердің 
көсемшеге  аяқталатыны  да  жиі  ұшырайды.  Соған  қарағанда, - ып, - іп, - п  жұрнақты 
көсемше көнерек заманда қазіргден гөрі тиянақтырақ мəнде  болмады ма екен деген ой 
туады.  Қалай  болған  күнде  де,  көсемшенің  бұл  түрін  жай  сөйлемдерді  бір – бірімен 
сабақтастыра  құрмаластыру    6шін  қолданылган  ең  көне  категорияның  бірі  деуге 
болады.  
Тіліміздің қазіргі даму сатысында  көсемшелер – етістіктің ең бір тиянақсыз түрі. 
Бұлар  құрмалас  сөйлемнің  өздері  баяндауыш  болып  кеген  бөлшегін  оның  екінші 
бөлшегіне бағындыра, соған тəуелді ете байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, 
тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі бір компоненттің баяндауышы 
көсемшеден  болған  құрмалас  сөйлемдерде  жай  сөйлемдерді  бір – бірімен  қарым – 
қатынасқа  келтіретін қосымша тəсілдің, формалардың керегі болмайды. Өйткені ондай 
функцияны жай сөйлем баяндауышы болып келген көсемше етістік формасының өзі – 
ақ  атқарады.  Сөйтіп,  көсемшелер  əрі  баяндауыштық,  əрі  сөйлемдерді  бір – бірімен 
құрмаластыратын дəнекерлік қызмет атқарады. Мұндай қызметте көсемшенің қай – қай 
түрі болса да қолданылады.  
Құрмалас  құрамына  енетін  жай  сөйлемдердің  үш  түрінің  үшеуі  де  қолданылады, 
бірақ олардың қолдану дəрежесі жəне мағыналық құбылыстары біргелкі болмайды.  
Көсемшелер ішінде сабақтас құрылыстың бағыныңқы компонентінің баяндауышы 
қызметінде  жиі  қолданылатын  да  жəне  өзі  баяндауышы  болып  кеген  компонентті 
тиянақты компонентпен неше алуан мағыналық қатыста құрамаластыратыны да – ып, -
іп, - п  жұрнақты  түрі.  Тағы  бір  ескеретін  нəрсе – баяндауышы  келер  шақтық (-қалы, 
ғалы, - келі, - гелі жұрнақты), ауыспалы шақтық (-а, - е, -й жұрнақты) көсемшелерден 
болған  бағыныңқы  компонент  əрдайым  кейінгі  тиянақты  компонентке  мағыналық 
жағынан да, тұлғалық жағынан да бағына, соның бір мүшесіне меңгеріле байланысады 
да, жай сойлемдегі қалыпты пысықтауыш тарізденіп тұрады. Ал өткен көсемше (-ып, -
іп, -п  жұрнақты)  олай  емес:  ол  өзі  баяндауышы  болып  келген  компонентті  кейінгі 
тиянақты компонентке мағыналық жағынан меңгерте де, меңгертпей, теңдік қатынаста 
да құрмаластырады.  
Өткен  шақтық  көсемшенің  дəнекерлігі  арқылы  жасалатын  сабақтас  құрмалас 
сойлемдердің  бірсыпыраларында  тиянақсыз  компонент  тиянақты  компонентке  тек 
тұлғалық  жағынан  ғана  тəуелді  болғаны  болмаса,  мағыналық  жағынан  өз  дербестігін 
сақтап,  басыңқы  сөйлемнің  ешбір  мүшесіне  менгерілмей,  онымен  жарыса,  саласа 
айтылады.  
Көсемшенің  жай  сөйлемдерді  құрамаластырудагы  осындай  құбылыстарынан  да 
болу  керек,  синтаксиске  арналған  біраз  еңбектерде  өткен  шақтық  көсемшенің 
дəнекерлігі аркылы жасалатын құрмалас сөйлемге жатқызылса, екінші біреулерінде ол 


 
 
мағынасына  қарай    бірде  салас  құрмаласқа,  бірде  сабақтас  құрмаласқа  жатқызылып 
жүрді.  
Жай  сойлемдерді  бір–бірімен  құрмаластыру  қызметінде  ауыспалы  шақтық  деп 
аталатын  –а, -е, -й  жұрнақты  көсемше  де  қолданылады.  Көсемшелердің  бұл  түрі 
жоғарыда сөз болған  -ып, - іп, - п жұрнақты көсемшеден гөрі де əлдеқайда тиянақсыз. 
Сондықтан  да  баяндауышы  ауыспалы  шақтық  көсемшеден  болған  бағыныңқы 
компонент,  негізінде,  тек  тұлғалық  жағынан  да  тиянақсыз  болады.  Ол  басыңқы 
сөйлемдегі белгілі бір мүшеге меңгеріліп, соны түрлі жасыңқы сөйлемдегі белгілі  бір 
мүшеге  меңгеріліп.  Соны  түрлі  жағынан  сипаттап,  пысықтауышқа  қойылатын  бір 
сұрауға  жауап  болып,  онымен  қалыпты  тұрлаусыз  мүше  тəрізді  қатынаста  тұрады.  
Мысалы: Ол белгіленген уақытта келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық.  
Келтірілген  мысалдың  бірінші  сойлемінде  бағынынқы  компонент  басыңқы 
сөйлемдегі  баяндауыштың  жетегінде  айтылып,  неліктен,  не  себептен  деген  сұрауга 
жауап болып, кешігіп қалудың есебін білдіріп тұр.   
Ауыспалы шақтық  көсемшенің  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру функциясы  қазіргі 
əдеби  тілімізде  де  онша  өрі  ала  қойган  жоқ.  Дегенмен,  оның  бұл  функциясы,  өткен 
замандар жазу нұсқаларымен салыстырғанда, қазірде поэзияда болсын, проза жанрында 
болсын кездесіп отырады.  
Қазіргі  əдеби  тілімізде  баяндауышы  ауыспалы  шақтық  көсемшеден  болған 
бағыныңқы  компоненттер  өз  басыңқысымен  мезгілдік,  себептік,  амалдық,  шартты, 
қарсылықты мағыналық қатынастарда тұрады.  
Жай  сөйлемдерді  бір – бірімен  сабақтастыра  құрмаластыру  функциясында  –қалы, 
ғалы, -келі, -гелі  жұрнақты  көсемше  де  қолданылады.  Білдіретін  мағынасына  қарай 
көсемшенің бұл түрі тюркологиялық əдебиеттерде бірде мақсатты көсемше деп аталса, 
бірде келер шақтық  көсемше деп аталады.  
Тарихи  тұрғыдан  қарағанда,  келер  шақтық  көсемше  де  өткен  шақтық  көсемше 
сияқты,  өте  көне  категория.  Бұл – түркі  тілдердің  қазірде  белгілі  болып  ж6рген  көне 
жазу  нұскаларының  ең  ескісінен  саналатын  ескерткіштердің  өдерінде  де  кездеседі. 
Бірақ  сол  көне  жазу  нұсқаларында  болсын,  одан  əлдеқайда  кейін  жиналган  фольклор 
материалдарында  болсын  көсемшенің  бұл  түрі  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру 
функциясында  кездеспейді,  ол  не  мақсат,  не  мезгіл  пысықтауышы  қызметінде  немесе 
күрделі мүше қызметінде ғана қолданылады.  
Сөз  болып  отырған  көсемшенің  бағыныңқы  жай  сөйлем  баяндауышы  болып,  екі 
жай сойлемді құрмаластыру қызметінде қолданылуы соңғы уақыттардағы əдебиеттерде 
ғана  кездеседі,  соның  өзінде  де  өте  сирек  ұшырайды.  Бұл  жағдай  келер  шақтық 
көсемшенің  сабақтас  құрмалас  сөйлем  жасауда  өнмді  роль  аткара  алмайтындығын 
байқатады.  
Баяндауышы  келер  шақтық  көсемшеден  болган  бағыныңқы  компонент  өінің 
басыңқы    компонентімен  екі  түрлі  мағыналық  қатыста  тұрады:  Бірінші  басыңқы 
компонентте  баяндалатын  іс-əрекет,  жай  күйдің  қай  мезгілден  бері  солай  бола 
бастағанын, яғни оның басталу шегін білдіреді.  
Екінші,  багыныңқы  компонент  басыңқы  компоненттегі  іс - əрекет,  жай – к6йдің 
мақсатын білдіреді. Мыс: Корен қалмақ алғалы, Қамап жатыр қалың топ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет