Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет90/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
Жақсыз сөйлем.  Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын, 
жоғарғыдай,  толымсыз  сөйлемдерден  айыру  үшін,  мектеп  грамматикаларында 
«жақсыз»  сөйлем  деп  атап  жүрміз.  Олардың  үш  жақтың  біріне  тəн  белгілі 
грамматикалық бастауышы болмайды. Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек.  
Егер жақсыз сөйлемдердің түрлері əдеби тіліміз қалыптаспай тұрған кезде елеусіз 
болып,  аз  жұмсалатын  болса,  осы  күнгі  əдебиеттерде  оның  түр-түрі    сараланып  жиі 
жұмсалатын болады. Сонда да «жазықсыз сөйлем» деген термин – шартты атау.  


 
 
Ондай  сөйлемдерді  орысша  «безличное  предложение»  дегеннің  аудармасы 
ретінде «жазықсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дəл орыс тіліндегіде 
жазықсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын, стемнело, мне не спится сияқты өзгеше 
жақсыз  етістіктер  де  жоқ.  Дұрысында,  біздің  жақсыз  сөйлем  деп  жүргеніміздің 
баяндауыштарының  белгілі  жағы  болады.  Бұл  сөздер  көбінесе  үшінші,  екінші  жақта 
айтылады.  Сөйтеді  де.  олар  кейде  бастауышы  жоқ  сөйлемнің  баяндауышы  болып 
жұмсалады:  Ол  кезде  көмірді  қауғамен  тартатын.  Не  істеу  керек?  Көне  беруге  тағы 
болмайды.    
Əрине,  бұл  сөйлемдердің  бастауыштарының  айтылмауы – Москва  бардым,  не 
көрдім? – Туысқан,  туған  ел  көрдім  деген  сияқты  сөйлемдермен  бір  емес.  Соңғыда 
бастауыштың  мен  екені  айқын  да,  одан  бұрынғы  сөйлемдердің  бастауыштары  ондай 
белгілі,  айқын  емес.  Сабақтан  қалуға  болмайды  деген  сөйлемнің  баяндауышы  үшінші 
жақта  айтылған.  Бірақ  оның  грамматикалық  бастауышы  үшінші  жақта  ІІІ  жақтық  ол, 
олар  деген  есімдіктер  емес.  Өйткені  бұл  сөйлем  бір  адамға  айтылуы  да,  көп  адамға 
айтылуы да, өзіне, тыңдаушыға айтылуы да мүмкін.  
Сөйтіп,  бастауышы  жоқ,  оның  орны  жоқталмайтын,  айтылған  іс-əрекет 
баяндауыш  үш  жаққа  бірдей  ортақ  ұғымда  жұмсалатын  сөйлемдер  жақсыз  сөйлем 
болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет