Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Белгісіз  жақты  жəне  жалпылама  жақты  сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет92/133
Дата25.05.2020
өлшемі1,02 Mb.
#71005
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133
Байланысты:
Қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілінің синтаксисі, Төлетай Ә
Белгісіз  жақты  жəне  жалпылама  жақты  сөйлемдер.  Бірқатар  сөйлемнің 
граммтикалық  бастауышы  ерекше  айтылмайды  да,  істелген  іс-əрекет,  əйтеуір,  бір 
белгісіз  субъектілерге  тəн  болып  ұғынылады.  Мысалы:  Қалпақты  қыста  киймейді, 


 
 
жазда  киеді  деген  сөйлем–жақты,  бірақ  бастауышы  белгісіз.  Осындай  бастауышы 
белгісіз – жақты сөйлемдер былай жасалады. 
 1.ІІІ жақ, ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған баяндауыштар осы шақтық 
мағынада айтылу арқылы кейде бастауышы белгісіз  сөйлем жасалады:  
Ол жақта жылкының етін жемейді. Нарларды көбінесе жүкке пайдаланады.   
2.Өткен, келер шақтық, 3 – жақтық тұлғадағы етістіктер не есімшілер баяндауыш 
болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін.  
Оның ұлдарын, сүйікті ұлдарын, ертең əкеткелі отыр, - əкеткенде де біржола көз 
көрмеске əкетпекші…   
Кейде  баяндауышы  ІІ  жақтық  жіктік  жалғауда  айтылған  сөйлемдердің 
бастауыштары  болмай,  үш  жаққа  бірдей  ортақ  мағынада,  жалпылауыш  жақты  сөйлем 
болып жұмсалады. Қарағандының кешегі өткен күйін адам баласының  көзі көрмесін.   
Бұл  сияқты  жалпылауыш  жақты  сөйлемдер  мақалды,  мəтелді  сөйлемдерде    жиі 
кездеседі. Жақсы жерде жатсаң, жақсы-жақсы түс көрерсің,  
      Жаман жерге жатсаң, жаман-жаман түс көрерсің,  
     Еңбек етсең, емерсің.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет