Ароматикалық көмірсутектердің физикалық қасиеттері
Зат
|
Балқу т., 0С
|
Қайнау т., 0С
|
Тығыздығы d
|
Бензол
|
+5,4
|
80,1
|
0,8790
|
Толуол
|
-93
|
110,6
|
0,8669
|
Ксилол
|
|
|
|
Орто
|
-23
|
144,4
|
0,8802
|
Мета
|
-53
|
139,1
|
0,8642
|
пара
|
+13
|
138,4
|
0,8610
|
4. Химиялық қасиеттері
Қосылу реакциялары. Ароматты көмірсутектер кәдімгі жағдайда қосылу реакциясына түспейді, яғни олар бром суын, калий перманганатының ерітіндісін түссіздендірмейді. Бірақ ерекше жағдайларда қосылу реакциясына түсіруге болады.
Катализатордың қатысуында және жоғары температурада ароматты көмірсутектер сутекті қосып алып, циклогексан және оның гомологтарын түзеді.
Ультракүлгін сәуленің әсерінен арендер хлор мен бромды қосып алып, гексагалогенидтер түзеді.
Бензол мен оның гомологтары қанықпаған көмірсутектер секілді озонды қосып алып, өте қопарылғыш зат-үш озонидтер түзеді. Бұл озонидтер сумен гидролизденіп, дикарбонильді қосылыстар (глиоксаль) түзеді.
Орынбасу реакциялары. Бензол мен оның гомологтары галогендермен (катализатордың қатысуымен), азот және күкірт қышқылдарымен басқаша әрекеттеседі. Барлық жағдайда да атомдар мен қалдықтар бензол ядросы сутектерінің орнын басады.
1. Катализатордың, мысалы, темірдің қатысуымен хлор немесе бром бензолмен әрекеттестіргенде галоген сутек атомдарының орнын басады, әрі бағытталу ережесі сақталады: хлор бензолдан көбінесе дихлор бензолдардың пара-изомері алынады:
2. Бензолға нитрлегіш қоспамен (азот және күкірт қышқылдарының қоспасы) әсер еткенде сутек атомдарының орнын нитротоп басады. Нитрлеу әрі қарай жүргенде де орын басу ережесі сақталады: нитробензолдан динитробензолдың мета-изомері алынады.
3. Бензолды концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде
с у л ь ф о л а н д ы р у реакциясы жүреді. Сульфо топ сутек атомдарының орнын басады. Бұл арада моносульфоқышқылмен м-дисульфоқышқыл пайда болады:
5. Бензолдың қолданылуы.
Бензол-кең түрде қолданылатын арен. Бензолды еріткіш ретінде көп қолданады. Ол майларды, каучукті, полимерлерді, лактарды, мұнай өнімдерін жақсы ерітеді. Бензол суда нашар ериді, сумен азеотропты қоспа түзеді. Химиялық өнеркәсіпте нитробензол, хлорбензол, анилин, фенол, стирол және т.б. өнімді алу үшін шикізат ретінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |