Артериалдық гипертония



бет5/10
Дата10.11.2022
өлшемі47,33 Kb.
#157658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Артериалдық гипертония

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулер: гемоглобин, эритроциттер, аш қарынға қан глюкозасы, жалпы холестерин, холестерин ЛПВП, аш қарынға триглицеридтер, зəр қышқылы, креатинин, калий, натрий, зəрдің жалпы анализі.
Емдеу тактикасы

Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Ем мақсаты болып АҚ мақсатты деңгейге дейін төмендету табылады (жас жəне ортажастағы емделушілерде < 130 / 85 төмен, егде жастағы емделушілерде < 140 / 90 төмен, қантты диабетпен науқастарда < 130 / 85). Терапия кезінде «мақсатты» мəнге қол жеткізу мүмкін болмаса да, АҚ аздап төмендетудің өзі қажет. АГ кезіндегі терапия систолалық, сонымен қатар диастолалық артериалдық қысымды төмендетуге бағытталған.
2. Ағза-нысандарда құрылымдық-функционалдық өзгерістердің туындауын немесе олардың қайта дамуын болдырмау.
3. Ми қанайналымы бұзылыстарының дамуын, кенет жүрек өлімін, жүректік жəне бүйректік жеткіліксіздіктерді болдырмау жəне нəтижеде алдағы болжамды жақсарту, яғни науқастардың өмірін сақтау.

Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту:
1. Дəрі дəрмексіз ем АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет, дəрілік терапияға зəрулерді қоса.
2. Дəрі дəрмексіз терапия дəрі дəрмектік терапияға қажеттілікті төмендетеді жəне гипотензивтік препараттар тиімділігін арттырады.
3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан» науқасатрға ұсыну қажет (130-139/85-89 мм.с.б.).
4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз.
5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г этанол/тəулігіне көп емес, əйелдер үшін 10-20 г этанол/тəулігіне көп емес шектеу ұсынылады.
6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты төмендетуді ұсыну қажет.
7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру қажет.
8. Ас тұзын пайдалануды тəулігіне 5-6 г аз мөлшерге дейін немесе натрийді тəулігіне 2,4 г деңгейге дейін азайту қажет.
9. Жеміс пен жидектерді пайдалануды арттыру қажет, ал құрамында қаныққан май қышқылдары бар өнімдерді шектеген жөн.
10. АҚ төмендету үшін зат ретінде таблеткадағы кальций, магний немесе калий препараттарын пайдалануды нұсқамаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет