АГ науқастарды болжауды бағалау үшін қатерді стратификациялау
Басқа қатер факторлары*
(АГ басқа), нысана
ағзаларын зақымдау,
бірлескен аурулар
|
Артериалдық қысым, мм.с.б..
|
1 дəреже
САҚ 140-159
ДАҚ 90-99
|
2 дəреже
САҚ 160-179
ДАҚ 100-109
|
3 дəреже
САҚ >180
ДАҚ >110
|
I. Қатер факторлары жоқ, нысана ағзаларын зақымдау, бірлескен аурулар
|
Төмен қатер
|
Орташа қатер
|
Жоғары қатер
|
II. 1-2 қатер факторлары
|
Орташа қатер
|
Орташа қатер
|
Өте жоғары қатер
|
III. 3 жəне одан көп қатер факторлары жəне/немесе нысана ағзаларын зақымдау
|
Жоғары қатер
|
Жоғары қатер
|
Өте жоғары қатер
|
IV. Бірлескен (қосарланған)
клиникалық жағдайлар
жəне/немесе қантты диабет
|
Өте жоғары қатер
|
Өте жоғары қатер
|
Өте жоғары қатер
|
Диагностикасы
Диагностика критерийлері
Шағымдар мен анамнез
АГ бірінші рет анықталған науқастарда тиянақты анамнез жинау қажет, оған келесілер кіреді:
- АГ пайда болу ұзақтығы жəне анамнезде АҚ көтерілу деңгейі, сонымен қатар антигипертензивті заттармен бұрын емделу нəтижелері, анамнезде гипертониялық криздердің болуы;
- ЖИА симптомдарыны, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ОНЖ аурулары, перифериялық қантамырлардың зақымдалуы, қантты диабет, подагра, липидтік алмасу бұзылыстары, бронхообструктивті аурулар, бүйрек аурулары, сексуалдық бұзылыстар жəне өзге де патологиялардың болуы туралы мəліметтер, сонымен қатар, ауруларды емдеу кезінде, əсіресе АҚ көтерілуіне əсер ететін дəрілік препараттар туралы мəліметтер;
- АГ екіншілік мінезіне негіз болатын спецификалық симптомдарды анықтау, (жастық кез, тремор, терлегіштік, АГ емдеуге тұрақтылық; бүйректік артерия аумағындағы шу, ауыр ретинопатия, гиперкреатининемия, кенеттік гипокалиемия);
- Әйелдерде – гинекологиялық анамнез, АҚ көтерілуінің жүктілікпен, менопаузамен, гормональді контрацептивтерді қабылдаумен, гормональді-алмастырушылық терапиямен байланысы;
- Майлы тамақ, ас тұзы, алькогольдік ішімдіктерді қабылдау, темекі тарту жəне физикалық белсенділікті сандық бағалаумен, сонымен бірге өмір барысында дене салмағының өзгеруі туралы деректерді қоса өмір сүру салтын тиянақты бағалау;
- Тұлғалық жəне психологиялық ерекшелік, сонымен қатар отбасылық жағдай, жұмыс жəне үйдегі жағдай, білім деңгейімен қоса гипертониялық аурудың емі мен ағымына əсер етуі мүмкін қоршаған орта факторлары;
- АГ жанұялық анамнезі, қантты диабет, липид алмасу бұзылыстары, жүрек ишемиялық ауруы (ЖИА), инсульт жəне бүйрек аурулары.
Достарыңызбен бөлісу: |