Артериалдық гипертония


Церебро-васкулярлық аурулар



бет2/10
Дата10.11.2022
өлшемі47,33 Kb.
#157658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Артериалдық гипертония

Церебро-васкулярлық аурулар:
- ишемиялық инсульт;
- геморрагиялық инсульт;
- транзиторлық ишемиялық шабуыл.
Жүрек аурулары:
- миокард инфаркты;
- стенокардия;
- коронарлық қантамырлардың 
роеваскулярлануы;
- іркімелік жүрек жеткіліксіздігі.
Бүйрек аурулары:
- диабеттік нефропатия;
- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин > 177).
Қантамырлық аурулар:
- қабаттық аневризма;
- клиникалық көріністермен перифериялық
күре тамырлардың зақымдануы.
Айқын гипертониялық ретинопатия:
- геморрагиялар мен экссудаттар;
- көру нерві емізігінің ісінуі.

* Қосымша жəне «жаңа» қауіп қатерлі факторлар (стратификациялау кезінде ескерілмейді)



АГ қауіп дəрежесі:

• Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа АГ 1 дəрежесімен басқа қатер факторлары, ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларының қосарлануы жоқ 55 жастан жас ерлер мен əйелдер кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15% төменді құрайды.

• Орташа қатер тобы (2 қатер). Бұл топқа 1 немесе 2 дəрежедегі АГ емделушілер кіреді. Бұл топқа кірудің негізгі белгілері болып ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларымен қосарлануы жоқ, 1-2 басқа факторлардың болуы табылады. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15-20% құрайды.

• Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа 3 немесе одан көп басқа қауіп қатер факторлары бар немесе ағза нысандардың зақымдануы бар, 1 немесе 2 дəрежелі АГ емделушілер жатады. Осы топқа 3 дəрежелі АГ науқсатар кіреді, ағза нысаналардың зақымдануынсыз, қосарлы ауруларсыз жəне қантты диабетсіз. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 20 дан 30% ке дейін.



• Өте жоғары қауіптегі топ (4 қатер). Бұл топқа АГ кез келген дəрежесімен емделушілер жатады, қосарланған аурулары бар, сонымен қатар 3 дəрежелі АГ емделушілер, қосарланған аурулар болмаған жағдайда да басқа қауіп қатер факторларымен жəне/немесе ағза нысана жəне/немесе қантты диабетпен науқастар кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 30% жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет