* Қосымша жəне «жаңа» қауіп қатерлі факторлар (стратификациялау кезінде ескерілмейді)
АГ қауіп дəрежесі:
• Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа АГ 1 дəрежесімен басқа қатер факторлары, ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларының қосарлануы жоқ 55 жастан жас ерлер мен əйелдер кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15% төменді құрайды.
• Орташа қатер тобы (2 қатер). Бұл топқа 1 немесе 2 дəрежедегі АГ емделушілер кіреді. Бұл топқа кірудің негізгі белгілері болып ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларымен қосарлануы жоқ, 1-2 басқа факторлардың болуы табылады. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15-20% құрайды.
• Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа 3 немесе одан көп басқа қауіп қатер факторлары бар немесе ағза нысандардың зақымдануы бар, 1 немесе 2 дəрежелі АГ емделушілер жатады. Осы топқа 3 дəрежелі АГ науқсатар кіреді, ағза нысаналардың зақымдануынсыз, қосарлы ауруларсыз жəне қантты диабетсіз. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 20 дан 30% ке дейін.
• Өте жоғары қауіптегі топ (4 қатер). Бұл топқа АГ кез келген дəрежесімен емделушілер жатады, қосарланған аурулары бар, сонымен қатар 3 дəрежелі АГ емделушілер, қосарланған аурулар болмаған жағдайда да басқа қауіп қатер факторларымен жəне/немесе ағза нысана жəне/немесе қантты диабетпен науқастар кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 30% жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |