Артериялдық тромбоздар мен эмболиялар


Асқазан мен үлтабардың ойықжара аурулары



бет2/16
Дата17.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#169207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
рубежка каз

Асқазан мен үлтабардың ойықжара аурулары

1.Жара ауруының дамуына себепші факторларына жатпайды. /агрессивті факторлар/.



  1. Тұз қышқылының, пепсиннің және гастриннің бөлінуінің жоғарлауы

  2. ваготония, гастродуоденальды дисматорика

  3. гиперхолестеринемия

  4. кілегей қабықтың зақымдануы

  5. тамақтану режимнің бұзылуы

2.Жара ауруының пайда болуына қарсы қорғаныс факторларына жатпайды.

  1. гастродуоденальды кілегей қабықтың резистенттілігі /кілегей қабықтың қорғаныс тосқаулы, белсенді регенерация/

  2. жеткілікті қанмен қамтамасыз етілу

  3. гастродуоденальды қышқылды «тежеу», нервті-эндокринді реттеу

  4. шектен тыс нервтік шаршау, темекі тарту, алкоголизм,

  5. генетикалық фактор

3.Қарын жарасы ауруының белгілері.

  1. тамақ қабылдаумен байланысты қарындағы ауырғандық

  2. құсу, жүрек айну, қыжылдау,

  3. тәбеттің төмендеуі, дене қызуының жоғарлауы

  4. қара түсті нәжіс немесе мелена

  5. содофагия

4.Жара ауруын келесі аурулармен ажыратпайды.

  1. жедел гастрит

  2. жедел панкреатит

  3. қарынның қатерлі ісігі, қарын полипозы

  4. геморрой

  5. жедел холецистит, өт тас ауруы

5. Жара ауруын келесі аурулармен ажыратпайды.

  1. миокард инфарктісі,

  2. жедел аппендицит,

  3. іштің ақ сызығының жарығы

  4. оң жақтық бүйрек шаншуы /коликасы/,

  5. жатыр қосалқысының қабынуы

6.Асқазан жара ауруының асқынуларын ата.

  1. тесілуі

  2. жара ойылып басқа мүшеге жабысуы

  3. механикалық сарғаю

  4. қан кету

  5. созылмалы асқазан жарасының қатерлі ісікке айналуы.

7. Асқазан жара ауруының асқынуларына жатпайды



  1. қалтқының тарылуы, «құм сағаты» немесе «ұлу» түріндегі қарын деформациясы

  2. малигнизация,

  3. бауыр циррозы, асцит,

  4. қарын-тоқ ішек жыланкөзі

  5. жарадан қан кетіп, қансырау

8.Жара ауруының рентгенологиялық белгілері.

  1. ойық белгісі /Хаудек ойығы/

  2. қыртыстардың конвергенциясы,

  3. қарын тонусының жоғарлануы сегменттелуші перистальтика, ашқарында гиперсекторлық сұйықтықтың болуы

  4. «толу» белгісі, қарынның шектелген бөлігінде перистальтиканың болмауы

  5. «сұқ саусақ» белгісі

9.Жараның тесілу варианттары:



  1. бос құрсақ қуысына,

  2. іш пердеден тыс шел қабатына тесілу

  3. плевра қуысына тесілу,

  4. шарбы май қуысына тесілу,

  5. көлденең тоқ ішекке тесілу.

10.Диагноз: Қарынның тесілген жарасы. Сіздің тактикаңыз?



  1. науқасқа жедел түрде операция жасау,

  2. тұрақты аспирация үшін науқасқа қарын зондын қою және көп мөлшерде антибиотиктер тағайындау,

  3. іш қуысының мүшелерін рентгенологиялық және қанды (лейкоцитоз) динамикалық зерттеу, науқасты бақылау.

  4. консервтивттік ем жүргізу

  5. амбулаторлық ем жүргізу

11.Тесілген жара кезіндегі қарынның бірінші реттік резекциясына көрсетпелер, мынадан басқа:



  1. науқастың салыстырмалы орташа хал-жағдайы,

  2. тесілу ұзақтығы 5-6 сағаттан артық емес

  3. қысқа жаралық анамнез, науқастың жасы (20-25) аралықтарда

  4. айқын перитониттің болмауы,

  5. ІІ-ІІІ сатылардағы қалтқының тарылуы, малигнизацияға күдіктену

12.Тесілген жара кезіндегі жараны тігуге көрсетпелер, мынадан басқа:



  1. науқастың жас болуы /20-25 жас/ + жай жара,

  2. науқастың егде жаста болуы /60-65 жастан жоғары/,

  3. тесілу ұзақтығының 5-6 сағаттан артық болуы, диффузды сірілі – іріңді перитонит

  4. анамнезінде – миокард инфарктісі, инсульт болған

  5. науқастың жасы (35-55) + каллезды жара, 5-8 жыл, одан да ұзақ жаралық анамнез, перитонит белгілері жоқ.

13.Тарылусыз, тесілген қарынның пилорикалық бөлімінің жарасы кезіндегі жасамайтын операция:



  1. қарын қабырғасының екі қатар тігу және үлкен шарбы майымен жабыстыру.

  2. Оппель-Поликарпов бойынша үлкен шарбы май мен тесікті тампонада жасап тігу.

  3. қарын резекциясы,

  4. тесік арқылы гастроэнтероанастомоз,

  5. селективті ваготомиямен қоса антрумэктомия

14. ІІ-ІІІ сатыда тарылған ұлтабар буылтығының тесілген жарасы, сірілі перитонит.



  1. қарын резекциясы

  2. жараны алдын ала қиып алып пилоропластика + ваготомия

  3. жараны тігу, ваготомия, гастроэнтероанастомоз

  4. жараны үлкен шарбы май пластикасымен тігу, тіккен жерге марлядан тампон өткізу,

  5. жараны тігу, абдоминальды диализ үшін жүйе /система/ салу.

15. Қарын резекциясынан кейінгі сіздің нұсқамаңыз



  1. 1-2 тәулік бойына қарынға тұрақты зонд салу, 2-3 тәулік бойына парентеральды тамақтану

  2. оксигенотерапия, қабыну асқынуларының алдын алу мақсатында антибиотиктерді қолдану

  3. жүрек дәрілерін, ұйқы безіннің ингибиторларын тағайындау

  4. тромбоэмболиялық асқынуларды бейарнамалы дәрілермен алдын алу,

  5. мүмкін болатын тромбоэмболиялық асқынуларды арнамалы дәрілермен алдын алу

16. Қарын резекциясы жасалған науқасқа қандай кеңес берер едіңіз?



  1. науқас өзін диетамен, режим мен шектемеу керек,

  2. 4-6 айға диета тағайындайсыз,

  3. мүгедек тобын анықтау үшін науқасты ВТЭК-ке жібересіз,

  4. науқасты 1 жылдан кейін санаторлық –курорттық ем алуға жібересіз,

  5. науқасқа алкоголь қабылдауына, темекі тартуына тиым саласыз,

  6. емді жалғастыру үшін науқасты терапиялық бөлімге көшіресіз

17. Қарын мен ұлтабардың қансырағыш жарасының негізгі белгілеріне жатпайды.



  1. қан аралас немесе кофе түстес құсық

  2. эпигастральды аймақта өте қатты /өткір/ ауырғандықтың пайда болуы+

  3. мелена /көмір түсті нәжіс/,

  4. жедел анемия /бас айналу, тері жамылғысының бозғылттануы, суық тер, коллапс, тахикардия, әлсіз тамыр соғысы, қан қысымының төмендеуі/,

  5. қанда гемоглобиннің, гематокриттің төмендеуі,

18. Қарын мен ұлтабардың қансырағыш жарасының негізгі белгілеріне жатпайды.



  1. құрсақ бұлшық етінің керілуі,

  2. жаралық анамнез

  3. Бергмен белгісі /эпигастральды аймақта ауырсынудың басылуы/

  4. денеде қан жоғалту белгілерінің пайда болуы,

  5. тік ішекті саусақпен зерттегенде қан араласқан нәжістің анықталуы.

19. Қарынның қансырағыш жарасының диагнозын нақтылау үшін қажетті қосымша тексеру әдістері



  1. фиброгастродуоденоскопия, қарыннның рентгеноскопиясы

  2. лапароскопия, бронхоскопия,

  3. қанның жалпы анализі, гематокритті зерттеу

  4. тік ішекті зерттеу

  5. жасырын қанға, нәжісті зерттеу.

20. Қарын мен ұлтабардан қан кетудің ажырату диагнозы өткізбейді



  1. бауыр циррозында өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету

  2. қан кетумен асқынған қарын рагі

  3. ұйқы безінің кистасы

  4. геморрогиялық гастрит

  5. қарын полипінен қан кету

21. Қарын мен ұлтабардан қан кетудің ажырату диагнозы өткізбейді



  1. Меллори –Вейс ауруы

  2. тоқ ішектен қан кету

  3. бауыр рагі

  4. жедел лейкоз

  5. өкпе туберкулезі /каверна/

22. Диагноз. Қарынның қансырағыш жарасы, қан жоғалтудың 1-ІІ сатысы. Сіздің тактикаңыз



  1. хирургилық бөлімшеде консервативті емдеу, бақылау ғана

  2. гемостатиктерді тағайындап, қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдістерін қолдану, жоспарлы операция,

  3. жедел операция

  4. науқасқа поликлиника жағдайында консервативті ем тағайындап, үйіне жіберу,

  5. науқасты терапиялық бөлімшеге жатқызып емін тағайындау.

23. Қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдістеріне жатпайды.



  1. жараны электрокоагуляциялау, лазерлік терапия жасау

  2. жараны қабықша түзейтін заттармен /стабизол, лифозол/ толтыру,

  3. жараның айналасына тамыр тарылтқыш дәрілерді /норадреналин 1:10/, тромб түзілуін күшейтетін дәрілерді /дицинон, викасол/ енгізу,

  4. антикоагулянттарды /гепарин, фибринолизин, тромболитин/ жараның айналасына енгізу,

  5. қансырап тұрған тамырды эндоваскулярлы пломбылау /протокрил/.

24. Диагноз: Тоқтатылмаған қан кету, қан кетудің қайта пайда болуы, қайталанған қан кету, коллапс. Сіздің тактикаңыз.



  1. науқасты коллапстан шығару жұмыстарын жүргізу,

  2. гемостатикалық дәрілерді енгізу және науқасты бақылау,

  3. коллапспен күресу жұмыстарын жүргізуді бастау, гемостатикалық дәрілерді енгізу. Науқастың жағдайы жақсарса операцияға алу.

  4. бірден қанды тамшылатып құйылудан бастау және науқасты операциялық бөлмеге жеткізу, операцияны бастау, реанимациялық жұмыстарды үзбей жалғастыру.

25. Операция үстінде-ұлтабар буылтығының артқы қабырғасында жаралы инфильтрат, қан кетудің ауыр сатысы. Сіздін тактикаңыз.



  1. Б-ІІ қарын резекциясы, ұлтабар шолағын Юдин әдісімен “ұлу”-төрізді тігу,

  2. жараны сына тәрізді кесіп, асқазан мен ұлтабарды жалғастыру,

  3. ұлтабарды ашып қан ағушы тамырды және жараны тігу,

  4. асқазанды қоректендіруші артериалды бағаналарды байлау,

  5. ұлтабарды ашып, жараны айналдыра тігесіз, пилоропластика және бағаналық ваготомия.

26 Қалтқының тыртықталып тарылуының ІІ-ІІІ сатыларында кездеспейді



  1. біршама дене салмағын жоғалту,

  2. қарын перистальтикасының күшеюі, оң мәнді ішектің “шылпыл шуы” белгісі,

  3. кенеттен ауырғандық және эпигастральды аймақта іш бұлшық еттерінің керілуі,

  4. алдын-ала желінген тағамды құсу,

  5. гипокалиемия, гипохлоремия, гипопротейнемия.

27. Диагноз. Қалтқының тыртықтанып тарылуы, ІІ-ІІІ сатылары. Науқасты қандай дәрілермен емдейсіз?



  1. атропин, платифиллин, Но-шпа, папаверин,

  2. прозерин, церукал, умбретит,

  3. қарынды күнделікті кешкісін салқын сумен жуу,

  4. венаға электролиттер, қан мен белокты заттарды, витаминдерді жіберу,

  5. жеңіл қорытылатын тағамдар.

28. Каллезді асқазан жарасының ракқа айналуының ерте клиникалық белгілері, мынадан басқа:



  1. қарын құрамының қышқылдылығының төмендеуі,

  2. арықтау,

  3. асцит,

  4. үйреншікті қарын ауырғандығының өзгеруі,

  5. дәм сезудің өзгеруі.

29. Жара ауруындағы қарын-тоқ ішек жыланкөзі болған кезде болмайды.



  1. тоқтаусыз іш өту,

  2. қан құсу,

  3. нәжіс иісі бар кекірік,

  4. нәжіс құрамында қорытылмаған тағамның болуы,

  5. салмақты тез жоғалту.

30. Бильрот-ІІ қарын резекциясынан кейінгі кезеңде ерте кездесетін асқынулар:



  1. әкелуші тұзақ синдромы, Демпинг синдромы,

  2. ұлтабар шолағы тігісінің шамасыздығы, гастроэнтероанастомоздан қан кету,

  3. анастомоздың пептикалық жарасы, жараның қайталануы,

  4. қарыннан тамақ өту жылдамдылығының /эвакуация/ бұзылуы,

  5. резекциядан кейінгі дистрофия

31. Ұлтабар жара ауруының асқынуларына жатпайтын көрсетіңіз



  1. тесілу,

  2. пенетрация,

  3. малигнизация,

  4. қан кету,

  5. қалтқының тарылуы

32. Ұлтабар жара ауруында, операцияға қарсы көрсетпе:



  1. ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздық және консервативті емнің нәтижесіздігі,

  2. жарадан профузды қан кету,

  3. қалтықының тарылуы,

  4. гастродуоденоскопия кезінде ұлтабар буылтығында көптеген жәй жазық жаралардың болуы,

  5. жара пенетрациясы.

33. Қарыннң кіші иінінің жарасы және бауыр циррозы бар науқасқа қандай операция жасайсыз.



  1. жараны сына тәрізді кесіп, бағаналық ваготомия,

  2. жараны сына тәрізді кесіп, селективті проксимальды ваготомия,

  3. антрумэктомия,

  4. Гофмейстер-Финстерер бойынша қарынның дистальды резекциясы,

  5. пилоропластикамен, бағаналаық ваготомия.

34. Пилородуоденальды тарылуымен асқынған қарын жарасын емдеудің ең тиімді түрін таңдаңыз.



  1. қарынның 2/3 бөлігінің резекциясы,

  2. пилоропластикамен, бағаналық ваготомия,

  3. дренаждаушы операциямен, селективті проксимальды ваготомия,

  4. консервативті ем,

  5. гастроэнтеростомия.

35.Науқас тамақтанғаннан кейін 2 сағатан соң пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырғандыққа, түнгі және «аш» уақыттағы ауырғандыққа шағымданады. Алғашқы диагнозы қандай болуы мүмкін?



  1. қарын жарасы,

  2. созылмалы холецистит,

  3. созылмалы панкреатит,

  4. ұлтабар жарасы,

  5. созылмалы гастрит.

36.Селективті проксимальды ваготомия жасауға көрсетпелер, мынадан басқа.



  1. қалтқы тарылмаған, бірақ тесілген дуоденальды жарада,

  2. қарынның тесілген жарасының жедел операциясында,

  3. дуоденальды және қарын жарасы бірігіп кездессе,

  4. ұлтабардың қансыраған жарасында,

  5. қалтқы тарылған ұлтабардың жарасында.

37.Кішкене мөлшерлі қарын жарасындағы тактикаңыз.



  1. жараның жағдайын кезеңді (жылына 2 рет) рентгенологиялық бақылау, консервтивті ем,

  2. егер үш айдың ішінде консервативті емде жараның эпителизациясы болмаса, оперативті ем,

  3. қайтадан гастроскопия жасап, оның нәтижесіне байланысты ұзақ уақытты консервтивті ем,

  4. жедел операция – қарын резекциясы

38. Қарын жарасындағы ең тиімді операция



  1. қарын резекциясы,

  2. антрум резекция,

  3. селективті проксимальды ваготомия,

  4. ваготомия және пилоропластика,

  5. жараны кесіп алу.

39. Науқас әлсіздік, қайталамалы түнгі және «аш» уақыттағы эпигастральды аймақта ауырғандық шағымымен хирургия бөліміне түсті. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды, тахикардия. АҚ 90/70 сын.бағ. ОВҚ –3 см су бағ. Гематокрит 20%. Тексерген кезде қан ұйындысы араласқан құсық құсты. Гемостатикалық және инфузионды ем жүргізгеннен кейін гемодинамика тұрақтанды, бірақ бір сағаттан кейін қайтадан коллапс дамыды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?



  1. Меллори-Вейс синдромы,

  2. геморрагиялық гастрит,

  3. ұлтабардың жара ауруы, жарадан қан кету,

  4. өңештің варикозды кеңіген веналарынан қан кету,

  5. жедел лейкоз.

40.Ұлтабардың тесілген жарасында оң жақ мықын аймағында пайда болатын бұлшық еттердің керілу себебін түсіндіріңіз.



  1. жұлын-ми нервісі арқылы рефлекторлы байланыстар,

  2. құрсақ қуысында ауаның жинақталуы,

  3. қарынның қышқыл құрамының оң жақ қаптал сайға ағуы,

  4. жайылма перитонит,

  5. құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцеральды байланыстар

41. Ұлтабардың пептикалық жарасында операция көрсеткіші болып есептелінбейді.



  1. перфорациялар,

  2. көлемді қан кету,

  3. қалтқының тарылуы,

  4. консервативті емнің нәтижесіздігі,

  5. ульцерогенді дәрілермен емдеу барысында пайда болған жаралар.

42. Қандай дәрінің ульцерогендік әсері жоқ.



  1. бутадион,

  2. салицилаттар,

  3. кортикостероидтар,

  4. дигиталис,

  5. индометацин

43. Мейленграхт диетасын қолданудың теориялық негізі қандай?



  1. қарынның кілегейін механикалық зақымдануынан қорғау

  2. қарын сөлінің секрециясының тежелуі,

  3. құнарлы тамақтануды қамтамасыз ету,

  4. тікелей гемостатикалық әсер,

  5. қарын перистальтикасын тежеу.

44. Қалтқының тарылуының ІІІ дәрежесінің (дебкомпенсация) клиникасы сипатталады:



  1. қарынның тұрақты атониясы,

  2. кезеңдік құсулар,

  3. “шіріген жұмыртқа” иісті кекіру,

  4. алдын да желінген тағамды құсу,

  5. өңеш бойының қыжылдауы

45.Қарынның қансыраған жарасын хирургиялық емдеудің оптимальды әдісі болып табылады.



  1. пилоропластика мен бағаналық ваготомия,

  2. қарын резекциясы,

  3. селективті проксимальды ваготомия,

  4. сол жақ қарын артериясын байлау,

  5. гастроэнтероанастомоз.

46. Қарынның перфоративті жарасына сезіктенгенде жасалатын негізгі диагностикалық әдіс.



  1. барий қоспасымен қарынның рентгеноскопиясы,

  2. құрсақ қуысының шолу рентгеноскопиясы,

  3. жедел гастродуоденоскопия,

  4. ангиография,

  5. лапароскопия.

47. Ұйқы безіне жабысқан ұлтабар жарасының жиі кездесетін асқынуы.

  1. малигнизация,

  2. тесілу,

  3. жедел панкреатит,

  4. қарынның кардиальды бөлімінің тарылуы,

  5. рефлюкс –эзофагит.

48. Қарынның перфоративті жарасы диагнозы қойылғанда төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы қолданылады.



  1. жедел операция,

  2. Тейлор әдісі бойынша емдеу,

  3. консервативті ем нәтижесіздігінде операция жасау,

  4. перитониттің белгілері өршігенде операция жасау,

  5. іш қуысын лапароскопиялық дренаждау.

49. Науқаста қарын-ұлтабар қан кетуі болып жатқандығын, не тоқтағандығын анықтайтын әдістер.



  1. қарын рентгеноскопиясы,

  2. лапароскопия,

  3. назогастральды зонд арқылы,

  4. қан құрамындағы гемоглобин, эритроцит, гематокритті анықтау

  5. гастродуоденоскопия

50. Ұлтабар жара ауруының қандай асқынуына ауырғандық жойылуы және нәжістің қараюы тән?



  1. пилородуоденальды тарылу,

  2. жараның тесілуі,

  3. жараның малигнизациясы,

  4. қан кету,

  5. ұйқы безіне өтуі

51. Тесілген жара кезінде, науқас операциядан бас тартқан жағдайда жасалады:



  1. қарынды салқын сумен жуу,

  2. ұзақ назогастральды аспирация,

  3. ішек стимуляциясы,

  4. антибиотикотерапия,

  5. инфузиялық терапия.

52.Жара нәтижесінде пайда болған пилородуоденальдық тарылудың субкомпенсация сатысы немен сипатталады.



  1. аш қарындағы “шылпыл шуы”белгісі

  2. тоқтаусыз құсық

  3. барийдің қарында 12 сағаттан артық кідіруі

  4. гиповолемиялық жағдай+

  5. тез жүдеу

53. 40 жастағы науқаста төрт сағат бұрын қарын жарасы тесілген, сірілі перитонит: Ең тиімді хирургиялық операция.



  1. қарынның 2/3 бөлігінің классикалық резекциясы,

  2. антрумэктомия,

  3. бағаналық ваготомия және жараны тігу,

  4. бағаналық ваготомия және пилоропластика,

  5. гастроэктомия.

54.Ауру басталғаннан соң 1 тәуліктен кейін түскен ұлтабардың жабық тесілген жарасы бар 32 жастағы науқасқа қандай ем көрсетіледі.



  1. жедел операция,

  2. тек қана консервативті ем,

  3. консервативті ем нәтижсіздігінде операция жасау,

  4. Тейлор әдісімен емдеу,

  5. құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау

55. Төменде аталған белгілердің қайсысы ұлтабар жара ауыруының асқынуы-тесілуін сипаттайтын тән белгілер.



  1. іштің "пышақ сұққандай" қатты ауырсынуы,

  2. жиі, көп ретте құсу,

  3. іш бұлшық еттерінің тақтай тәрізді қатаюы,

  4. оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі

  5. перкуссияда бауыр тынықтығының болмауы

56. Төменде аталған белгілердің қайсысы асқазан жара ауыруының асқынуы – “жабық” тесілме жағдайына тән.



  1. ішің "пышақ сұққандай" қатты ауырсынуы,

  2. бастапқы ауырсынудың бәсеңдеуі

  3. науқстың жалпы жағдайының жақсаруы

  4. оң жақ қабырға асты бұлшық еттерінің керілуі

  5. жайылмалы перитониттің белгілері

57. Төменде аталған белгілердің қайсысы асқазан-ұлтабар жарасының асқынуы-жедел қан кетуін сипаттайтын тән белгілер



  1. қатты ауырсынуы,

  2. бас айналу,

  3. қан аралас немесе “кофе” тәріздес құсық,

  4. Мелена –көмір түстес нәжіс

  5. тері жамылғысының қызаруы

58. Асқазан және ұлтабар жара ауыруының асқынуы - тесілуінде қай белгі іш қуысында ауаның болуын көрсетеді (оң мәнді).



  1. Щеткин-Блюмберг белгісі

  2. Раздольский белгісі

  3. Спижарный белгісі

  4. Элексир белгісі

  5. Іш бұлшық еттерінің қорғаныстық белгісі.

59. Асқазанның тесілген жарасында іш қуысындағы ауа жалпы шолу рентгеноскопиясында көрінбесе, қандай зерттеу әдісімен анықтауға болады.



  1. УДЗ,

  2. компьютерлік томография,

  3. ангиография

  4. пневмогастрография

  5. радиоизотопты зерттеу

60. Жара ауыруының асқынуы – тесілген жарада, қандай жағдайларда операциясыз емдеу әдісін қолдануға мәжбүрсіз.



  1. ювенильды жараның тесілуінде,

  2. ересек және кәрі жастағы адамдардың жараларының тесілуінде,

  3. науқас операциядан бас тартқанда,

  4. хирург болмаған жағдайда және науқасты тасымалдау мүмкіндігі болмағанда

  5. науқастың жарасының тесілуінен басқа да ауыр қосалқы ауруларының болуында.

61. Асқазан резекциясынан кейінгі анастомоздың пептикалық жарасының себебі:



  1. асқазанның дұрыс емес үнемделген резекциясы

  2. дуоденальды сұйықтықтың асқазан тұқылына рефлюксі

  3. асқазан тұқылы шырышасты қабатының қан тамырлар өткізгіштігінің бұзылысы

  4. К дәруменінің жетіспеушілігі

  5. асқазан тұқылының перистальтикасының бұзылысы

62.Әкелгіш ілмек синдромы мына операциядан кейін болады:



  1. Бильрот-1бойынша асқазан резекциясы

  2. Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы

  3. гастроэктомия

  4. асқазанның проксимальды резекциясы

  5. Ваготомия пилоропластикамен

63 Демпинг-синдромының себептерінің бірі:



  1. Тоқ ішектің әкетуші ілмегіне тамақтық химустың тез лақтырылуы:

  2. асқазанның резекцияланған бөлігінің мөлшері

  3. гастроэнтероанастомоз мөлшері

  4. асқазан перистальтикасының бұзылысы

  5. тоқ ішектің перистальтикасының бұзылысы

64.Демпинг-синдромының клиникасы:



  1. илеусты синдром

  2. геморрагиялық синдром

  3. вегето-қан тамырлық синдром

  4. дене температурасының жоғарлауы

  5. сарғаю

65. Асқазан резекциясынан кейін анемия дамуының себебі:



  1. рефлюкс- гастрит

  2. ішкі Кастл факторының жетіспеушілігі

  3. А дәруменінің жетіспеушілігі

  4. кальций сіңірілуінің бұзылысы

  5. тұз қышқылының жетіспеушілігі

66. Жара ауруына жедел хирургиялық ем жасауға көрсеткіш

  1. пенетрация

  2. перфорация

  3. малигнизация

  4. тарылу

  5. жара ауруының өршуі

67.Асқазан мен 12-елі ішек жарасының асқынуы:



  1. пенетрация

  2. әкелуші ілмек синдромы

  3. демпинг синдром

  4. сілтілі рефлюкс гастрит

  5. пептикалық жара

68. Асқазан мен 12-елі ішек жарасын анықтауда нақты мәлімет беретін әдіс:



  1. рентгенконтрастымен тексеру

  2. УДЗ

  3. КТ

  4. ФГДС

  5. дуоденальды зондтау

69.Асқазан резекциясынан кейінгі сілтілі рефлюкс гастритті оперативті емдеу:



  1. асқазанның ререзекциясы

  2. бағаналы ваготомия

  3. Ру бойынша У-тәрізді анастомозбен реконструктивті операция

  4. асқазан резекциясын Бильрот-2ден Бильрот-1ге ауыстыру

  5. ваготомия пилоропластикамен

70.Анастомоздың пептикалық жарасының клиникасы:



  1. қан кету

  2. іш өту

  3. іш қату

  4. көп рет құсу

  5. метеоризм

71. Асқазан мен 12-елі ішек жарасында госпитализацияға көрсеткіш:



  1. асқазан мен 12-елі ішек жарасының асқынған ағымы

  2. ремиссия сатысындағы жара ауруы

  3. алғаш рет анықталған жара ауруы

  4. бәрі дұрыс

  5. бәрі дұрыс емес

72. Жара ауруында ульцерогенездің негізгі тармағы болып табылады:



  1. темекі тарту

  2. ішімдік пайдалану

  3. құрғақ тамақтану

  4. ұйқысыздық

  5. хеликобактерлі инфекция

73. Асқазан мен 12-елі ішек жарасына тән емес асқыну:

  1. перфорация

  2. пенетрация

  3. малигнизация

  4. тарылу

  5. қан кету

74. Операцияға абсолютті көрсеткіш болып табылады:

  1. алып жара

  2. нашар бітісетін жара

  3. тарылу дамуына әкелетін қақпа жарасы

  4. жара биоптатында атипиялық жасушаларды анықтау

  5. жара ауруына генетикалық бейімділік

75. Декомпенсирленген тарылуға тән емес:

  1. АҚК жоғарлауы

  2. гематокриттің жоғарлауы

  3. гиповолемия

  4. гипокалиемия

  5. гипохлоремия

76. Жаралық қан кетудің консервативті емінде не қолданылмайды:



  1. тамырды эндоскопиялық коагуляциялау

  2. кальций хлоридін т/і енгізу

  3. зәр айдағыштарды енгізу

  4. викасол енгізу

  5. гемотрансфузия

77. Тұз қышқылы мына бездермен бөлінеді:



  1. кардиальды бөлім

  2. асқазан денесі

  3. антральді бөлім

  4. асқазанның барлық бөлімдерімен

  5. бәрі дұрыс емес

78. Қақпа тарылуының клиникасы:



  1. өт құсу

  2. іштің құрылдауы

  3. ішкен тамағын құсып тастау

  4. метеоризм

  5. іш өту

79.Жара ауруының диетотерапиясында белоктық тағамдар мынаған әкеледі:



  1. асқазан сұйықтығының агрессивтілігін басады

  2. асқазан сұйықтығының агрессивтілігін жоғарылатады

  3. агрессивтілігі өзгермейді

  4. іш өтеді

  5. шырышты- бикарбонатты тосқауылды төмендетеді

80. Асқазанның антральді бөлімінде эрозия болуы мынаған тән:



  1. жедел гастрит

  2. аутоиммунды гастрит

  3. гранулематозды гастрит

  4. Менетрие ауруы

  5. хеликобактерлі инфекция

81.Өңештің төменгі сфинктерінің асқазандық метеплазиясы мынаған тән:



  1. эзофагит

  2. склеродермия

  3. өңеш ахалазиясы

  4. диафрагманың өңештік саңылауының жарығы

  5. Беррет өңеші

82. Асқазан сөлінің бөлінуін қоздырады:



  1. гастрин.

  2. секретин.

  3. холецистокинин.

  4. сомастатин.

  5. серотонин.

83. Он екі елі ішектің ойық жарасының пайда болуына әсер етпейтін жәйт:



  1. тұз қышқылының көп бөлінуі.

  2. ұлтабар қабынуы.

  3. өт қабының қабынуы.

  4. хеликобактер жұқпасы.

  5. темекі шегу.

84.Пилорус бөлігі тарылуының жиі себебі болады:



  1. асқазан қатерлі ісігі.

  2. ойық жара ауруы.

  3. пилорус бұлшық еттерінің үлкеюі.

  4. шырышты қабатының босаңдығы.

  5. асқазанның қатерсіз ісігі.

85. Он екі елі ішектің ойық жарасы кезіндегі ауру сезіміне әсер етпейтін жәйт:



  1. қышқылдық –пептикалық жәйт.

  2. пилородуоденальды бөлігінің жиырылуы.

  3. ішек ішіндегі қысымның жоғарлауы.

  4. ойық жараның тереңдігі .

  5. хеликобактер жұқпасының болуы.

86. Асқазанның ойық жарасы ауруы кезінде:



  1. көбінесе бұзылыстық әсердің күшеюінен болады.

  2. көбінесе қорғаныстық әсердің азаюынан болады.

  3. қорғану мен бұзылыстық әсерінің тепе теңдігі бұзылмаған.

  4. бұзылыстық әсердің әлсіздігі болады.

  5. бәрі дұрыс.

87. Он екі елі ішектің ойық жарасының себебі болады:



  1. бұзылыстық әсердің артық болуы

  2. қорғаныстық әсерінің күшеюі.

  3. бұзылыстық әсердің әлсіздігі.

  4. қорғану мен бұзылыстық әсерінің бірдей болуы.

  5. бәрі дұрыс.

88. Қыжылдаудың себебі болып табылады:



  1. асқазанның қышқыл бөлуінің жоғарлауы.

  2. ұлтабар сөлінің асқазанға кері құйылуы.

  3. кардиальды қысқыштың жеткіліксіздігі

  4. асқазаннан шығар бөлігінің жеткіліксіздігі.

  5. асқазанның босаңдығы.

89. Он екі елі ішектің ойық жарасының асқынуы болмайды:



  1. тесілу.

  2. жабысу

  3. қатерлі ісікке айналу

  4. тарылу.

  5. қан кету.

90. Асқазанды Бильрот-1әдісімен кесу бойынша :



  1. гастрогастроанастомоз.

  2. гастродуоденоанастомоз.

  3. гастроеюноанастомоз.

  4. гастростома.

  5. гастрэктомия.

91. Асқазан Бильрот-2 әдісімен кесу бойынша :



  1. гастрогастроанастомоз.

  2. гастродуоденоанастомоз.

  3. гастроеюноанастомоз.

  4. гастростома.

  5. гастрэктомия.

92. Асқазан ойық жарасында жиі қолданады :



  1. ойық жараны кесіп, ваготомию.

  2. ойық жараны кесу.

  3. асқазан резекциясы.

  4. гастроэктомия.

  5. антрумэктомия.

93. Демпинг-синдром диагностикасында қолданады:



  1. ФГДС.

  2. асқазанды рентгеноскопиялау.

  3. ішектің бария пассажына қадағалау

  4. УДЗ.

  5. колоноскопия.

94. Демпинг-синдром тән симптом :



  1. эпигастрий аймағында ауру сезімі.

  2. лоқсу.

  3. желенген тамақпен құсу.

  4. тамақтанғаннан кейінгі әлсіздік.

  5. ауамен кекіру.

95. «Кіші» асқазан синдромына тән көрсеткіштер:



  1. ваготомия.

  2. диетотерапия.

  3. реконструктивті операция.

  4. санаторлы-курортты ем

  5. физиоем.

96.асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетуге болады:

  1. гастроэктомиямен

  2. гастроэнтеростомиямен

  3. ойық-жараны тілумен

  4. асқазанның қышқыл түзуші аймағының резекциясымен

  5. иплоропластика арқылы

97.Ойық-жарадан қан кету кезіндегі емдік эндоскопия кезінде болмайды:



  1. адреналинді ерітінділер енгізу арқылы жараны

  2. жылы физиологиялық ерітіндімен шаюға

  3. электрокоагуляция жүргізуге

  4. қантамырларды бекіту

  5. лазерлік коагуляция

98.Асқазанның перфоративті ойық жарасының диагностикасы:



  1. құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

  2. УДЗ

  3. КТ

  4. селективті ангиография

  5. радиоизотопты сканерлеу

99.Ойық жаралық қан кетуге не тән емес?



  1. брадикардия

  2. ОКҚ-ң төмендеуі

  3. АҚ-ң төмендеуі

  4. кофе «қойыртпағы» тәрізді құсық

  5. мелена

100.Кардия ахалазиясы—бұл:



  1. жұтынған кезіндегі кардиальді сфинктердің түйілуі

  2. кардиальді сфинктердің ашылып қалуы

  3. кардиальді сфинктердің транспозициясы

  4. асқазанның кардиальді бөлігінің тарылуы

  5. асқазанның кардиальді бөлігінің кеңеюі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет