Артериялдық тромбоздар мен эмболиялар



бет7/16
Дата17.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#169207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
рубежка каз

Ішек түйілуі

1.Странгуляциялық ішек түйілуінің дамуына әсер ететін факторларды атаңыз?



  1. ұзын, жұқа шажырқай,

  2. жабысқақтың болуы,

  3. құрсақ ішілік қысымның жоғарылауы,

  4. ішімдік қабылдау,

  5. майлы тамақ қабылдау.

2.Жедел ішек түйілуі ауруының ерте сатыларында организмде дамиды:



  1. гиперкалиемия,

  2. дегидратация,

  3. гематокриттің төмендеуі,

  4. гематокриттің жоғарылауы,

  5. гипокалиемия.

3.Обтурациялық ішек түйілуіне қандай белгілер тән?



  1. іш қуысындағы тұрақты ауырғандық,

  2. іш қуысындағы толғақ тәрізді ауырғандық,

  3. «кофе қоюы» түсті құсық,

  4. іштің кебуі,

  5. «тақтай тәрізді» құрсақ.

4.»Жедел ішек түйілуі» диагнозын қоюдағы шешуші зерттеу әдістерін атаңыздар:



  1. құрсақ қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы,

  2. ішек бойындағы барий пассажын зерттеу,+

  3. эзофагогастродуоденаскопия,

  4. лапароскопия,

  5. қанның биохимиялық анализі.

5.Ішек түйілуінің қандай түрінде артқы шығар жолдан қанды бөлініс бөлінуі мүмкін?



  1. паралитикалық,

  2. спастикалық,

  3. инвагинацияда,

  4. ащы ішектің айналып кетуінде,

  5. ішек инфарктісінде.

6.Жедел ішек түйілуінің қандай түрінде консервативті ем қолданады?



  1. айналып кету,

  2. түйін түзілу,

  3. спастикалық түйілу,

  4. паралитикалық түйілу,

  5. копростаз

7.Жедел ішек түйілуінің емдеу тактикасын таңдау мынаған негізделінеді:



  1. түйілудің түріне,

  2. түйілу деңгейінің орналасуына,

  3. перитонеальды симптомдардың болуы,

  4. перистальтиканың интенсивтілігі,

  5. ауырғандықтың интенсивтілігі.

8.Аурудың алғашқы мезгілінде, жедел ішек түйілуімен асқынған соқыр ішектің қатерлі ісігі бар науқасқа қандай операцияны жүргізу тиімді?



  1. илеотрансверзоанастомозбен оң жақтық гемиколэктомия,

  2. илеостома салу,

  3. цекостома салу,

  4. Гартман операциясы,

  5. Микулич операциясы.

9.Жедел ішек түйілуінде, келесі операциялар түрлері жасалуы мүмкін:



  1. гастростомия,

  2. энтеростомиямен қатар оң жақтық гемиколэктомия,

  3. ішек резекциясы,

  4. колостомия,

  5. артқы гастроэнтероанастомоз.

10.Тоқ ішектің төменгі бөлігінің түйілуінде мына белгіден басқасы тән:



  1. клиникалық белгілердің бірте-бірте өсуі,

  2. іштің кебуі,

  3. Клойбер тостағаншасының пайда болуы,

  4. нәжістің кідірісі,

  5. тез сусыздану.

11.Дененің сусыздануы жедел дамиды:



  1. ащы ішектің айналып кетуінде,

  2. сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде,

  3. ішек түйілуі құбылысымен бірге жүретін тік ішектің ісігінде,

  4. обтурациялық тоқ ішектің түйілуі,

  5. илеоцекальды инвагинацияда.

12.Жедел ішек түйілуінде «шылпыл шуының» болу себебі:



  1. іш қуысында жалқықтық болуы,

  2. ішектің әкелуші тұзағында, газдың және сұйықтықтың жиналуы,

  3. ішектің әкетуші тұзағында, газдың және сұйықтықтың жиналуы,

  4. іш қуысында бос газдың болуы,

  5. барлық аталғандар дұрыс емес.

13.Паралитикалық ішек түйілуіне тән:



  1. іштің асимметриялығы,

  2. нәжістің және газдың кідіргісі,

  3. іштің тез бір қалыпты кебуі,

  4. іш қуысында толғақ тәрізді ауырғандық,

  5. Цеге-Ментейфель белгісі.

14.Жедел механикалық ішек түйілуіне тән белгілер:



  1. іш қуысындағы тұрақты ауырғандық,

  2. бір реттік құсу,

  3. оң мәнді «шылпыл шуы» симптомы,

  4. іштің толғақ тәріздес ауырғандығы,

  5. көп реттік құсу.

15.Жедел ішек түйілуінде келесі рентгенологиялық белгілер тән:



  1. Клойбер тостағаншасы,

  2. көкеттің оң жақ күмбезінің астындағы бос ауа,

  3. Керкрингер крипталары (си-м перистости),

  4. Валь симптомы,

  5. Цеге-Ментейфель симптомы

16.Обтурациялық ішек түйілуін консервативті емдеу шаралары:



  1. спазмолитиктерді енгізу,

  2. сифонды клизма жасау,

  3. су- электролит бұзылысының коррекциясы,

  4. промедолды енгізу,

  5. ішек перистальтикасын күшейтетін препараттарды енгізу.

17.Странгуляциялық ішек түйілуінде, ішектің тіршілікке қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер:



  1. ішектің түсі,

  2. перистальтиканың болуы,

  3. шажырқай қан тамырларының пульсациясы,

  4. іш қуысында жалқықтың болуы,

  5. странгуляциялық сайлардың болуы.

18.Ауру басталғаннан кейін кеш түскен 75 жастағы науқасқа сигма тәрізді ішектің ісігі салдарынан болған ішек түйілуінде келесі тактика тиімді болып саналады:



  1. тексеру және 48-72 сағаттан кейінгі операцияның орындалуы,

  2. консервативті терапия,

  3. инфузиялық терапия және қайталанған сифондық клизмалар,

  4. 2-3 сағаттық операцияға дайындық Гартман операциясын орындау

  5. жедел түрдегі операция, сигма тәріздес ішектің резекциясы, ішекті ұшынан жалғау.

19.Паралитикалық ішек түйілуінің себептері болуы мүмкін:



  1. перитонит,

  2. қорғасын ертінділерімен улану,

  3. жедел панкреатит,

  4. ішперде артындағы кеңістікте қан ұялау,

  5. жарықтын қысылуы

20.Ащы ішектің механикалық түйілуінің жиі себебі болып табылады:



  1. бөгде денелер,

  2. өт тастары,

  3. ісіктер,

  4. іш қуысының жабысқағы,

  5. ішек құрттары.

21.Жедел ішек түйілуінің қандай түрлерінде организмнің сусыздануы жылдам дамиды:



  1. спастикалық ішек түйілуі,

  2. ащы ішектің айналып кетуінде,

  3. көлденең ішектің ісігімен обтурациясында,

  4. ащы және сигма тәрізді ішек арасында түйін түзілу,

  5. ащы ішектің, кіндік жарығында, қысылып қалуында.

22.Жедел обтурациялық тоқ ішектік түйілудің клиникалық суреттемесі сипатталады:



  1. іштің толғақ тәрізді ауырғандығы,

  2. іштің кебуі,

  3. «қайық тәріздес» іш,

  4. іштің тұрақты ауырғандығы,

  5. нәжістің және желдің кідірісі.

23.Жоғарғы деңгейдегі ішектік түйілуге тән:



  1. іштің толғақ тәрізді ауырғандығы,

  2. «шылпал шуы» /Скляров симптомы/,

  3. нәжістің және желдің кідірісі

  4. Цеге-Мантейфель симптомы,

  5. іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясындағы Клойбер тостағаншасы.

24.Ащы-тоқ ішектік инвагинация негізіндегі ішек түйілуіне тән белгілер:



  1. тік ішектен «қанды бөлініс»,

  2. «құмалақ» тәрізді нәжіс,

  3. оң жақ мықын аймағындағы ісік тәрізді түзілістің пальпациялануы,

  4. іштің толғақ тәрізді ауырғандығы,

  5. тік ішектің сфинктерінің атониясы.

25.Жедел ішек түйілуіне күмәндағанда алғашқы кезекте қандай диагностикалық шаралар жүргізіледі?



  1. құрсақ артериясының ангиографиясы,

  2. гастродуоденоскопия,

  3. іш аускультациясы,+

  4. іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы,

  5. іш пальпациясы, тік ішекті саусақпен зерттеу.

26.Тоқ ішектік обтурациялық түйілу жиірек мынадан туады.



  1. бөгде денелерден,

  2. өт тастарынан,

  3. ішектің қатерлі ісіктерінен,

  4. іш қуысының жабысқағынан,

  5. ішек құрттарынан.

27.Ащы ішектің айналып кетуі ішек түйілуінің қандай түріне жатады.



  1. обтурациялық,

  2. странгуляциялық,

  3. аралас,

  4. спастикалық,

  5. параличтік.

28.Жедел ішек түйілуі кезінде науқасты зерттегенде анықталған Цеге-Мантейфель және Обухов ауруханасы симптомы оң мәнді. Бұл ішек түйілуінің қандай түріне тән?



  1. илеоцекальдық инвагинация,

  2. өрлемелі ішектің ісігімен обтурациясында,

  3. ащы ішектің айналып кетуі,

  4. сигма тәрізді ішектің айналып кетуі,

  5. бәрі дұрыс.

29.Жоғарғы странгуляциялық ішек түйілуіне тән:



  1. көп реттік құсу,

  2. Цеге-Мантейфель белгісі,

  3. Обухов ауруханасы белгісі,

  4. Тэвенар белгісі,

  5. аурудың бастапқы кезіндегі күшейген ішек перистальтикасы

30.Жедел ащы ішектік түйілуі бар науқасқа инфузионды терапия жүргізу үшін тез арада тағайындау керек:



  1. белоктық гидролизаттар,

  2. Рингер ертіндісі,

  3. глюкоза калийлі ертінді,

  4. лейкомасса,

  5. фибриноген.

31.Түйілудің қандай түрінде тез арада ішектің некрозы дамиды?



  1. мықын ішектің ісігімен обтурациясында,

  2. ащы ішектің айналып кетуінде,

  3. нәзік ішектің қуысының өт тастарымен обтурациясында,

  4. түйін түзілуде,

  5. ішектің жарық қақпасына қысылып қалуында.

32.Аталған түйілудің қандай түрлері странгуляциялыққа жатады?



  1. айналып кету,

  2. өт тастарымен ішек қуысының бітелуі,

  3. түйін түзілу,

  4. сыртынан ісікпен басылу,

  5. қысылып қалу.

33.Іштің толғақ тәрізді ауырғандығы байқалады:



  1. тоқ ішектің ісігімен обтурациясында,

  2. ащы ішектің айналып кетуінде,

  3. паралитикалық ішек түйілуінде,

  4. түйін түзілуде.

  5. спастикалық ішке түйілуінде.

34.Ащы ішектің айналып кетуіне тән емес.



  1. толғақ тәрізді ауырғандық,

  2. іштің асимметриялығы,

  3. «шылпыл шуы» – белгісі,

  4. құсу,

  5. Цеге-Ментейфель симптомы.

35.Төменгі обтурациялық ішек түйілуінде байқалады:



  1. ерте, көп реттік құсу,

  2. нәжістің және желдің кідірісі,

  3. Валь белгісі,

  4. Іштің кебуінің айқын көрінуі,

  5. Цеге-Мантейфель белгісі,

36.Жедел ішек түйілуінің диагностикасында информативті әдіс болып табылады:



  1. іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы,

  2. лапароскопия,

  3. ангиография,

  4. гастроскопия,

  5. колоноскопия.

37.Жедел ішек түйілуінде жүргізілген консервативті терапия эффективті деп саналады:



  1. ұстамалы ауырғандық интервалдарының арасының ұзаруы,

  2. нәжіс және желдің көптеп бөлінуі,

  3. іштің кебуінің төмендеуі,

  4. перистальтиканың төмендеуі,

  5. ауырғандықтың жойылуы.

38.Обтурациялық ішек түйілуінің бастапқы сатысында дұрыс емдеу тактикасын таңдау.



  1. тек консервативті ем,

  2. шұғыл операция,

  3. жоспарлы операция,

  4. консервативті шаралардың әсері болмаса, оперативті емдеу,

  5. назогастральды интубация.

39.Динамикалық ішек түйілуін емдеу:



  1. тек консервативті,

  2. тек оперативті,

  3. консервативті емнен әсер болмаса оперативті,

  4. іш қуысын лапароскопиялық дренаждау,

  5. бәрі дұрыс

40.»Іш бүлігінде» іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы мынадай мақсатпен жүргізіледі:



  1. ішектегі сұйықтықтың деңгейін анықтау,

  2. ұйқы безінің қалтасының (кистасының) перфорациясын анықтау,

  3. көкет астынан ауа орағын анықтау,

  4. қарын атониясын анықтау,

  5. тоқ ішектің дивертикуасын анықтау.

41.Көлденең ішек рагінің қандай асқынулары операция кезінде қиыншылық туғызады?



  1. қан кету,

  2. ішек обтурациясы,

  3. шеткі метостаздар,

  4. перфорация және перитонит,

  5. жаралану.

42. «Таңқурай» түріндегі нәжіс қайсы ауруға тән:



  1. қарын қалтқысының тарылуына,

  2. инвагинацияға,

  3. фитобезоарға,

  4. Меккель дивертикуласына,

  5. аппендицитке.

43.Аталғандардың қайсысы ащы ішектің жоғарғы деңгейіндегі түйілуіне жатпайды:



  1. іштің жоғарғы бөлігіндегі Клойбер тостағаншасы,

  2. іштің бір қалыпты кебуі,

  3. ерте құсу,

  4. толғақ тәрізді ауырғандық,

  5. науқас жағдайының тез нашарлауы.

44.Сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде емдеу әдісін таңдау:



  1. колостомия,

  2. резекция, алғашқылық анастомоз,

  3. обструктивтік резекция,

  4. сигманың деторзиясы және мезосигмопликация,

  5. айналып кетуді жою.

45.Ішектік түйілу кезінде аталғандардың қайсысы біріншілік тамырлық генезге жатады?



  1. жабысқақта,

  2. странгуляциялықта,

  3. ісіктікте,

  4. артриомезентеральды түйілуде,

  5. мезентеральды түйілуде.

46.Обтурациялық ішектік түйілу себептеріне мынадан басқасы жатады:



  1. қабынулық жабысқақтар,

  2. ішектің шажырқайының бұралып кетуі,

  3. өт тастары,

  4. инвагинация,

  5. ісікпен басылуы.

47.Аурудың ерте кезеңінде дыбысты перистальтикалық шулар мынаған тән:



  1. паралитикалық ішек түйілуіне,

  2. перфоративті қарын жарасына,

  3. механикалық ішек түйілуіне,

  4. гангренозды холециститке,

  5. мезентериальды тамырлардың тромбозына.

48. Егер операция кезінде амалсыздан ащы ішекті жарақаттасақ, онда операциядан кейінгі алғашқы күндерде мынаны күтуге болады:



  1. паралитикалық ішек түйілуін,

  2. обтурациялық ішек түйілуін,

  3. асцитті,

  4. іш қуысында көп мөлшердегі сұйықтықтың экссудациясы,

  5. кальцийді жоғалту.

49.Сигма тәрізді ішектің айналып кетуінде орындалады:



  1. Нобель операциясы,

  2. шетіне –шеті анастомозымен сигма тәрізді ішек резекциясы,

  3. Гартман операциясы,

  4. Гаген –Торне бойынша мезосигмопликация,

  5. илеоректоанастомоз

50.Механикалық ішек түйілуінің ең жиі себебі:



  1. ащы ішектің ісіктері,

  2. ішкі жарықтар,

  3. инвагинация,

  4. жабысқақтар,

  5. іштің тұйық жарақаты.

51.Қайсы жауап тиімді, жақсы? Жедел ішек түйілуінің диагнозын қойылуын негіздейді?



  1. ауырғандық сипатының және рентгенологиялық суреттемесінің негізінде,

  2. анамнез және лабораториялық көрсеткіштер негізінде,

  3. анамнез, клиникалық тексеру және лабораториялық көрсеткіштер негізінде,

  4. аурудың клиникалық барысы негізінде,

  5. тек қана рентгенологиялық тексерулер негізінде.

52.Жедел странгуляциялық ішек түйілуінің бастапқы сатысы кезеңіне тән симптомдар комплексін анықта.



  1. іш қабырғасында ішек тұзақтарының бейнесінің пайда болуы,

  2. шок,

  3. күшейген ішек перистальтикасының анықталуы,

  4. нәжіс және газдың кідірісі,

  5. біріншілік рефлекторлық құсу.

53.Жедел жоғарғы деңгейдегі ішек түйілуіне тән емес:



  1. АҚК /ОЦК/ тез төмендеуі,

  2. тоқтаусыз құсу,

  3. аурудың алғашқы сағатында іштің кебуі,

  4. жылдам сусыздану,

  5. толғақ тәрізді ауырғандық.

54.Жедел дуодено-еюнальдық бөліктің түйілуі өтеді.



  1. гиповолемиялық шокпен,

  2. паралитикалық ішек түйілуінің құбылыстарымен,

  3. өт құсумен,

  4. бір қалыпты іш кебумен,

  5. тенезммен.

55.Құрамында екі түрлі түйілу бар ішек түйілу түрін атаңыз?



  1. жабысқақ түйілу,

  2. инвагинация,

  3. обтурациялық,

  4. странгуляциялық,

  5. спастикалық.

56. Ішек түйілуінің қандай түрінде айналымдағы қанның көлемінің (АҚК) күрт төмендеуі тән?



  1. обтурациялық ішек түйілуінде,

  2. странгуляциялықта,

  3. динамикалықта,

  4. баугинитте,

  5. инвагинацияда.

57.Ауруханаға іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, көп құсу, іш қату және іш кебу шағымдары бар науқас түсті. Объективті қарағанда тілі ақ жабындымен жабылған, іші кепкен, пальпацияда іштің барлық аймағы ауырады, пульсі жиі. АҚҚ 135/75 мм с.б. бойынша. Үйде тазарту клизмасын жасаған. Сіздің болжама диагнозыңыз?



  1. жедел холецистит,

  2. жедел ішек түйілуі,

  3. мезоаденит,

  4. жедел панкреатит,

  5. асқазанның улануы.

58.Іш қуысы мүшелеріне үш рет жасалған операцияны бастан кешкен науқастың рентгенограммасында Клойбер табақшасы анықталды. Сіздің диагнозыңыз және әрекетіңіз?



  1. жедел панкреатит, консервативті емдеу тактикасы,

  2. жедел аппендицит, жедел аппендэктомия,

  3. мезентеральды тамырлар тромбозы, диагностикалық лапаротомия,

  4. жедел жабысқақтық ішек түйілуі, оперативті ем,

  5. асқазанның тесілген жарасы, тесілген жараны тігу.

59.Ауруда іштің асимметриялы кебуі байқалады, бұл ішек түйілуінің қандай түріне жатады ?



  1. ащы ішектік түйілу,

  2. динамикалық ішек түйілуі,

  3. ішек парезі,

  4. сигма тәрізді ішектің бұралуы,

  5. спастикалық түйілу.

60.Қандай тамыр басылып қалса ішек қабырғасының некрозы тез дамиды?



  1. артериялар мен веналар,

  2. тек артериялар,

  3. тек веналар,

  4. артериялар және венозды капиллярлар,

  5. артерия және вена капиллярлары.

61.Төменгі деңгейдегі ішек түйілуіне қандай симптом тән?



  1. іші ұлғайған (өскен),

  2. перистальтиканың күшеюі,

  3. Обуховский ауруханасының симптомы,

  4. ішек шуларының болмауы,

  5. Воскресенский симптомы.

62.Соқыр ішек бұралуына тән симптомды таңдаңыз?



  1. Шиман-Данс симптомы,

  2. күшейген перистальтика,

  3. «құлаған тамшы» симптомы,

  4. ішек перистальтикасы,

  5. Воскресенский симптомы.

63.Жедел механикалық ішек түйілуінде оң мәнді белгі.



  1. Мак-Бурне,

  2. Мейо-Робсон,

  3. Коуп,

  4. Кер,

  5. Цеге-Ментейфель белгісі.

64.Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел ішек түйілуіне тән?



  1. іште толғақ тәрізді ауырсынудың болуы,

  2. көп мөлшерде құсу,

  3. нәжіс пен желдің тоқтауы,

  4. дене қызуының жоғарылауы,

  5. іш бұлшықеттерінің қатаюы.

65.Тік ішектің ампулярлы бөлігінің бос және кеңеюі қандай жедел ішек түйілуінің симптомында анықталады?



  1. Спасокукоцкий,

  2. Валь,

  3. Скляров,

  4. Данс,

  5. Обуховский ауруханасының симптомы.

66.Стангуляциялық ішек түйілуінің түрлері қандай болады?



  1. бұралу,

  2. қысылып қалу,

  3. түйін түзілу,

  4. спастикалық,

  5. паралитикалық.

67.Көрсетілген белгілердің қайсысы странгуляциялық ішек түйілуінің, обтурациялық түрінен ажыратуға көмектеседі?



  1. іште қатты тұрақты ауырғандық, толғақ тәрізді күшеюмен бірге жүреді,

  2. науқастың жалпы жағдайының ауырлауы,

  3. жиі құсу,

  4. жиі абдоминальды шок дамиды,

  5. нәжіс пен желдің тоқтауы.

68.Жедел ішек түйілуі - «ішектің бір-біріне енуі» түріне келесі белгілер тән:

  1. іште толғақ тәрізді ауырғандық,

  2. дене қызуының жоғарлауы,

  3. нәжісте қанның анықталуы,

  4. пальпацияда іш қуысында ісіктің анықталуы,

  5. ішперденің тітіркену белгілерінің оң болуы.

69. Ішек түйілуіне алып келмейтін себептерді көрсетіңіз:



  1. жұлын зақымдалуы орын алған омыртқа травмасы

  2. қысылған жарық

  3. перитонит

  4. авитаминоз

  5. ішек ісіктері

70. Обтурациялық ішек түйілуінің себептеріне жатпайды:



  1. аскарида шумақтары

  2. өт тастары

  3. құрсақ қуысы мүшелерінің жедел аурулары

  4. шажырқай тамырларының жедел тромбозы

  5. ішек ісіктері

71. Обтурациялық ішек түйілуінің этиологиялық факторлары:



  1. ішектегі бөгде заттар

  2. организмнің ауыр метал тұздарымен улануы

  3. ішек қабырғасының тыртықтанып тарылуы

  4. құрсақ қуысының жабық жарақаты

  5. көрші мүшелердің кистасы

72. Странгуляциялық ішек түйілуінің себептері:



  1. ішек парезі

  2. түйін пайда болуы

  3. ішек ілмегінің жарық қақпасында қысылуы

  4. ішек ісіктері

  5. ішектің өз өсінен бұралуы

73. Аралас ішек түйілуіне жататындар:



  1. ішектің өз өсінен бұралуы

  2. инвагинация

  3. ішек ілмегінің жарық қақпасында қысылуы

  4. ішектің инфильтративті қатерлі ісігі

  5. жабыспа (спаечная) ішек түйілуі

74. Паралитикалық ішек түйілуіне тән емес:



  1. іштің әр кез шаншып ауруы

  2. нәжіс пен желдің тоқтауы

  3. жиі, сұйық нәжістің болуы

  4. іштің үнемі керіліп ауруы

  5. ішек перисталтикасының болмауы

75. Жедел ішек түйілуінде қандай диагностикалық зерттеу әдістері қолданылады:



  1. экскреторлық урография

  2. құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

  3. фиброколоноскопия

  4. ФГДС

  5. барий ерітіндісінің ішекпен пассажы

76. Аралас механикалық жедел ішек түйілуіне жататындар:



  1. түйін пайда болуы

  2. долихосигма

  3. инвагинация

  4. эвентрация

  5. жабыспа (спаечная) ішек түйілуі

77. Жедел ішек түйілуі пайда болуы механизмдеріне қарай келесі түрге бөлінеді:



  1. төмен

  2. механикалық

  3. жартылай бітелу

  4. динамикалық

  5. жоғары

78. Жедел ішек түйілуі клиникалық ағымына қарай келесі түрге бөлінеді:



  1. толық бітелген

  2. жартылай бітелген

  3. жүре біткен

  4. жедел

  5. созылмалы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет