Жедел аппендицит
1. Жедел аппендициттегі патологиялық процестердің дамуы келесі қабатынан басталады:
құрт тәрізді өсіндінің сірі қабатынан
//-// //-//-// //-//-// кілегей қабатынан
//-// //-//-// //-//-// бұлшық ет қабатынан
соқыр ішектің күмбезінен
аш ішектің төменгі бөлімінен
2. Меккель дивертикуласы жиі пайда болады:
ащы ішекте
мықын ішекте
тоқ ішектің өрлеу бөлімінде
аппендэктомиядан кейін
ұрықтық дамукезеңіндегі ішектүтігінің бітпеуінен кейін
3. Құрт тәрізді өсіндінің кіші жамбас қуысында орналасқан жағдайдағы жедел аппендицитттің клиникалық көрінісінің ерекшелігі
Шеррен үшбұрышында ауырғандықтың болмауы
Нәжісте қанның болуы
Ректальды зерттеу кезіндегі тік ішектің алдыңғы қабырғасының айқын ауырсынуы
дене қызуының болмауы
Пастернацкий белгісінің оң болуы
4. Жедел аппендицит пен жедел гинекологиялық ауруларды ажырату диагностикасында қандай зерттеулердің маңызы басым:
Ровзинг белгісін анықтау;
қанның клиникалық анализі;
қынапты зерттеу;
қынаптың артқы күмбезін тесу;
гинекологиялық анамнез.
5. Жедел аппендициттегі аппендэктомияға қарсы көрсетпе:
миокард инфарктісі;
жүктіліктің 36-40 аптасы;
новокаинге аллергия;
аппендикулярлы инфильтрат;
Қан ұюының төмендеуі.
6. Деструктивті аппендицитте аппендэктомиядан 6 күн өткеннен кейін науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырау мен ентігу пайда болды. Төмендегі көрсетілген асқынулардың қайсысында осы жағдай болмайды:
оң жақтық пневмония
өкпе іріңдігі
көк ет астылық іріңдік
ішек аралық іріңдік
Іш перде ішіне қан кету
7. Жедел аппендицит диагностикасында төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қажет емес
құрсақ қабырғасын пальпациялау
қанның клиникалық анализі
тік ішекті саусақпен қарау
ирригоскопия
қынапты зерттеу
8.Жедел аппендициттің жамбас қуысында орналасуында диагноз қоюға мүмкіндік беретін негізгі әдіс:
Щеткин –Блюмберг белгісі
Ровзинг белгісі
тік ішекті саусақпен қарау
оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттердің керілуі
Кохер-Волкович белгісі
9.Крон ауруын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер:
оң жақ мықын аймағындағы ауырғандық
іштің өтуі
қызба
дизурия
ЭТЖ-ң жоғарылауы
10.Аппендэктомиядан кейінгі Дугласов кеңістігінің іріңдігі келесі белгілермен сипатталады:
гектикалық дене қызуы
жамбастың төменгі бөлігіндегі ауырсыну және тенезма
көкет қозғалысының шектелуі
қынаптың немесе тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауырсынуы және босаңсып тұруы
іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің керілуі
11.Жедел аппендэктомияны мына жағдайда жасауға болмайды:
жедел катаральды аппендицит
жүктіліктің екінші жартысындағы жедел аппендицит
жедел аппендициттің бірінші ұстамасы
қарт науқастағы толық анықталмаған жедел аппендицит кезінде
балалардағы жедел аппендицит
12.Жедел аппендицитке ең тән белгі:
Мак-Бурней нүктесіндегі ауырсыну
Тақтай тәрізді құрсақ
Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттердің керілуі
Ланц нүктесіндегі ауырсыну
Кюммель нүктесіндегі ауырсыну
13.Жедел аппендицит кезіндегі оперативті емге көрсеткіштер:
35-36 аптадағы жүктілік
егде жаста болу
аппендикулярлы инфильтрат
декомпенсацияланған жүрек ақауы
Жуық арада болған миокард инфарктісі
14. Меккель дивертикуласына не тән емес:
мықын ішегінің мезентериальды бөлігінде дивертикуланың орналасуы
2-3 % адамдарда болуы
илио-цекальды бұрыштан 60-70 см жоғары мықын ішекте орналасуы
ішек қабырғасының барлық қабаттарының болуы
Дивертикула құрамында ұйқы безінің, қарынның гиперотопты немесе тоқ ішектің өрлеу бөлігінің кілегей қабатының болуы
15.Жедел аппендицитке күдік туған кезде нені қолдануға болмайды.
мұзы бар қалта
антибиотик
асқазанды жуу
клизма
Жедел лапаротомия
16. «Іш бүлігі» ауруларының кездесуінің сиреу реттілігіне қарай құрсақ қуысының үш жедел ауруы.
жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы,-қуысты мүшенің тесілуі
жедел аппендицит – гастроинстестинальды қан кету –ішектің жедел бітеліп қалуы
қуысты мүшенің тесілуі-жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы
гастроинстестинальды қан кету- жедел аппендицит –ішектің жедел бітеліп қалуы
17.Жедел аппендициттің ажырату диагностикасында мынадан басқаның бәрі ескеріледі.
несеп жолының инфекциясы
оң жақтық төменгі бөліктік пневмония
Меккель дивертикуласының қабынуы
жыныс безінің аурулары
ұрықтық даму кезеңіндегі ішек түтігінің кистасы
18. Жедел катаральды аппендицитке жасалған аппендэктомиядан кейін науқаста, қосымша аурулары болмаса, қандай дәрілерді тағайындайсыз.
антибиотиктер
анальгетиктер
сульфаниламидтер
морфин, омнопон, промедол
іш жүргізетін дәрілер
19.Балалардағы жедел аппендицитті ересек адамдағылардан мынадай клиникалық белгілері арқылы ажыратады.
оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну
жайылған перитониттің тез дамуы
жоғарғы лейкоцитоз 15х109-20х109+
айқын улану
оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің ерекше керілуі
20. Жедел аппендициттің ең негізгі белгісі.
Щеткин-Блюмберг белгісі
Ровзинг белгісі
Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттерінің керілуі
Ситковский белгісі
Образцов белгісі
21. Жедел аппендицитке тән ең мәнді ауырсыну белгісі.
ішке "қанжар сұққандай" құрсақтың жоғарғы бөлігінде кенеттен ауырғандық
Мак-Бурнея нүктесіндегі ауырғандық
оң мәнді Ровзинг белгісі
Дуглас кеңістігіндегі ауырсыну
оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі
22. Аппендэктомиядан кейінгі жараның іріңдеу себебі.
нәжісті жыланкөз
операция барысында жараның инфекциялануы
актиномикоз
соқыр ішектің қатерлі ісігі
операция кезінде ұмыт қалған бөгде дене.
23. Жедел аппендициттің оперативті емделуіне қарсы көрсетпе.
жайылма перитонит
37-38 аптадағы жүктілік
жедел миокард инфарктісі
аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы
аппендикулярлы инфильтраттың іріңдеу сатысы
24. 24 жастағы науқас әйел жүрек айнуына, құсыққа, ұзақтығы 4 сағат созылатын кіндік маңындағы ауырғандыққа шағымданады. Соңғы жарты сағат ішінде ауырғандық іштің төменгі бөлігіне ығысты, дене қызуы 37,8 лейкоцит 13х109. Қандай диагноз қоясыз?
жедел пиелит
жедел оң жақтық аднексит
овариальды кистаның жарылуы
жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуы
жедел аппендицит
25. 66 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, сол жақ мықын аймағындағы ауырғандыққа, ішек дискомфортының белгілеріне шағымданады. Пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің керілуі оң. Сіздің болжама диагнозыңыз?
сигма тәрізді ішектің бұратылуы
дивертикулит
жедел аппендицит
Гиршпрунг ауруы,
өсіндінің атипиялық орналасуы және жаралы колит
26. Ересектердегі құрт тәрізді өсіндінің түбірін /культя/ өңдеудің ең қолайлы әдісін таңдаңыз.
түбірді жібек жіппен байлау, ішіне енгізу
байланбаған түбірді ішіне енгізу
түбірді ішіне енгізбей жібек жіппен байлау
түбірді кетгутты жіппен байлау, ішіне енгізу,
түбірді ішіне енгізбей кетгут жіппен байлау
27.Меккель дивертикуласы қандай мүшенің анатомиялық элементі
мықын ішектің,
12 елі ішектің
өт жолының,
жиі аппендэктомиядан кейін,
өрлеу ішектің
28.Жедел аппендицит пен оң жақтық бүйрек ұстамасының ажырату диагностикасында қандай шаралар қолданасыз?
спазмолитикті енгізу
наркотиктер енгізу
несепті жедел тексеру
хромоцистоскопия
бүйрек артериясының антографиясы
29.Кіші мектеп жасындағы балаларға жасалған аппендэктомиядан кейінгі құрт тәрізді өсіндінің культясын өңдеудің дұрыс тәсілі.
культяны кисетті және «зет» тәрізді тігіске енгізу
культяны «зет» тәрізді тігіске енгізу
лигатурамен байлау әдісі
өсінді культясын бос іш қуысынан марлялық тампон арқылы шектеу
барлық жауаптар дұрыс емес.
30.Жедел аппендицитті аналық жыныс безінің апоплексиясынан ажырату үшін келесі белгілерді білу қажет.
Кохер-Волкович белгісі
Промптов белгісі,
Бас айналу,
Бартомье-Михельсон белгісі,
Ауырғандықтың сегізкөзге және аралыққа таралуы
31. 28 жастағы, жүктіліктің 32-аптасындағы хирургиялық бөлімінде 18 сағат жатқан науқаста динамикалық бақылау барысында жедел аппендицитті толығымен ескермеу мүмкін емес. Сіздің емдік тактикаңыз?
науқасқа операция жасау керек,
науқасты бақылауды жалғастыру
ультрасонография жасау,
жүктілікті жасанды түрде үзіп, аппендэктомия,
жүктілікті үзіп, лапароскопия жасау
32. Жедел флегмонозды аппендицитке тән белгілері бар науқасқа операция жасау қажет. Бұл жағдайда аппендэктомия жасау үшін қандай оперативтік /ену/ жолын қолданасыз.
төменгі-ортаңғы лапаротомия,
Волкович-Дьяконов тілігі,
оң жақтық параректальды ену жолы
шап үстінен көлденең лапаротомия жасау,
оң жақтық трансректальды тілік
33. Жедел аппендициттің белгілері, мынадан басқа.
оң жақ мықын аймағындағы ауырғандық,
бұлшық ет қорғанысы,
Ровзинг белгісі,
Ситковский белгісі,
Мейо-Робсон белгісі.
34. Оң жақ мықын аймағында өткір ауырғандық қандай жағдайда болуы мүмкін, мынадан басқа.
терминальды илеитте,
жедел аппендицитте,
бүйрек коликасы /шаншуы/,
жыныс безінің апоплексиясы /әйелдерде/,
динамикалық ішектің түйілуі.
35. Щеткин-Блюмберг белгісі қандай ауруға тән емес?
қарынның тесілген жарасы,
панкреонекроз,
екі жақты бүйрек коликасы,
жедел деструктивті холецистит,
жедел деструктивті аппендицит
36. Жергілікті перитонит қандай ауруларда болуы мүмкін, мынадан басқа.
қысылған жарық,
пиелонефритте,
Іріңдеу сатысындағы аппендикулярлы инфильтратта,
Меккель дивертикуласының қабынуында,
жедел аппендицитте
37. Орны өзгерген өсіндінің орналасу варианттары.
бауыр астында,
жамбас қуысында,
диафрагма астында,
ретроперитонеальды,
ретроцекальды.
38.Жедел аппендицитті мына аурулардан ажырату керек емес.
оң жақ бүйрек коликасынан,
жедел парапроктиттен,
жедел холециститтен,
жедел аднекситтен,
терминальды илеиттен.
39.Жедел аппендицитте бұлшық ет қорғанысы болмауы мүмкін.
қарттарда,
балаларда,
жүкті әйелдерде,
алкоголиктерде,
жұлынның сухоткасымен (мерезді, семуі) ауыратындарда.
40.Жедел аппендицитте ретроцекальды орналасқан жағдайда, басым болуы мүмкін, мынадан басқа.
оң жақ бел аймағында ауырғандық,
оң мәнді Пастернацкий белгісі,
лейкоцитоз,
оң мәнді Мерфи белгісі
оң мәнді Образцов белгісі.
41.Жедел аппендицитті бүйрек коликасынан ажырату үшін қандай зерттеу жүргізу қажет емес?
несептің жалпы анализі,
лапароскопия,
хромоцистоскопия, бүйрекке УЗИ,
фиброгастроскопия,
Лоренс-Эпштейн бойынша новокаин блокадасы.
42.Жедел аппендицитте минимальды зерттеуге жатпайды
АХС және ректалды температураны өлшеу,
қан лейкоциттерін өлшеу
несептің жалпы анализі,
тік ішекті зерттеу,
лапароскопия
43.Бауырасты кеңістігінде орналасқан жедел аппендицитке тән емес белгі.
жүрек айну, құсу,
оң мәнді Ортнер белгісі,
гиперлейкоцитоз,
несепте өт пигменттерінің болуы,
бұлшық ет қорғанысының болуы.
44.Жамбас қуысында орналасқан жедел аппендицитке тән белгілер.
оң мәнді Ситковский белгісі
сұйық нәжіс,
гиперлейкоцитоз,
тік ішекті зерттеген кезде оның алдыңғы қабырғасында ауырғандықтың болуы,
оң мәнді Воскресенский белгісі
45. Жедел асқынбаған аппендицитке тән симптомдар, мынадан басқа.
Ситковский белгісі,
Ровзинг белгісі,
Воскресенский белгісі,
Кохер-Волкович белгісі
Щеткин-Блюмберг белгісі.
46.Жедел аппендициттің жиі кездесетін жас шамасы.
3-10 жас
10-16 жас
16-20 жас
30-40 жас
50-70 жас.
47.Қабыну процесінің сатыларына байланысты жедел аппендицит қандай түрлерге бөлінеді, мынадан басқа.
катаральды немесе қарапайым,
флегмонозды,
гангренозды,
перфоративті,
некрозданған.
48.Жедел аппендициттің дамуына әсер етпейтін бактерия
энтерококктар,
ішек таяқшалары,
стрептококктар,
стафилококктар,
спецификалық қоздырғыш микробтар.
49.Құрт тәрізді өсіндіде патологиялық процесс басталады.
(бір теріс жауабын анықта)
біріңғай салалы бұлшық еттер мен тамырлар түйілу құбылысынан,
құрт тәрізді өсіндідегі іркелістен,
тамырлар түйілу нәтижесінде кілегей қабықшаның қоректенуінің жергілікті бұзылысынан,+
микрофлора вируленттілігінің өзгеруі-жоғарылауынан,
құрт тәрізді өсіндінің сірі қабығының зақымдануынан.
50.Жедел аппендицитте ауырғандық көбіне болады.
эпигастральды аймақта,
кіндік маңында,
оң жақ мықын аймағында,
оң жақ мезогастрияда,
төс астында.
51. Жедел аппендицитте операцияға дайындық.
зонд көмегімен науқастың қарынын босату,
іштің жүнін қыру,
премедикация жасау /промедол, атропин/,
қуықты босату,
газ шығаратын түтік салу
52.Асқынбаған аппендицитте аппендэктомияны жасайды.
интубациялық наркозбен
вена ішілік наркозбен
маска арқылы наркозбен
жергілікті инфильтрациялық анестезиямен
перидуральды анестезиямен.
53. Аппендэктомияда кесуді жүргізеді.
Федоров бойынша
Ленандер бойынша
Кохер бойынша
Волкович-Дьяконов бойынша
Пфанненштиль бойынша.
54.Балаларда жедел аппендициттің өту ерекшеліктеріне жататындар, мынадан басқа.
үлкендерге қарағанда ауру ауыр өтеді,
пульс жиілігі температураға сәйкес келмейді,
жүрек айну, құсу, іш өту болады,
көбінесе дене қызуы өте жоғары көтеріледі
қабыну процесі көбінесе жергілікті сипатта болады.
55.Жедел аппендициттің кәрі адамдарда өту ерекшеліктері.
дене температурасының 39-40 градусқа көтерілуі,
бұлшық ет қорғанышы әлсіз көрінеді,
әртүрлі сипаттағы ауырғандық,
нәжістің кідіруі,
аппендикулярлы инфильтраттың жиі түзілуі.
56. Жедел аппендициттің жүктіліктің 2 жартысындағы әйелдерде өту ерекшеліктері.
Щеткин- белгісінің болмауы,
бұлшық ет қорғанышы әлсіз көрінеді,
ауырғандық аймағы жоғарғы және сыртқырақ ығысады,
көмір түсті нәжіс сипаты болуы,
жиі құсу.
57.Жедел аппендицитте құрсақ қуысына тампонды қолдану көрсеткіштері, мынадан басқа.
ұсақ қан тамырлар мен жабысқақтан қан кетудің тоқтамауы,
парааппендикулярлық іріңдік,
құрт тәрізді өсінді ұшының жабысқақта қалуы,
өсіндінің соқыр ішектің артында орналасуы жағдайында, ішпердеден тыс флегмона,
өсіндінің орталықта /кіндік маңында/ орналасуында.
58. Мыналардың қайсысы жедел аппендициттің асқынуы болады?
механикалық сарғаю
ішектен қан кету,
қақпа венасының пилефлебиті,
мықын ішектің некрозы,
құрт тәрізді өсіндінің ісігі.
59. В.И.Колесовтың классификациясы бойынша жедел аппендициттің асқынуына қайсы жатады.
деструктивті аппендицит,
перфоративті аппендицит,
іріңді аппендицит,
аппендикулярлы инфильтрат
аппендикулярлы түйілу /шаншу/.
60. Аталған асқынулардың қайсысы операцияға дейін дамиды?
операциядан кейінгі жарақаттың іріңдеуі,
іш қуысына қан кету,
ішектің түйілуі,
лигатуралық жыланкөз,
периаппендикулярлы абсцесс.
61. Жедел аппендициттің қай асқынуы операциядан кейінгі асқынуға жатады?
қақпа венасының пилефлебиті,
периаппендикулярлы абсцесс,
аппендикулярлы инфильтрат,
сепсис,
іш қуысына қан кету.
62. Толық дамыған аппендикулярлы инфильтратқа мына белгілер тән.
ауырсынудың өршуі мен күшеюі,
2. оң жақ мықын аймағында анық контурлы тығыз түрде дененің анықталуы,
дененің жоғарғы гектикалық температурасы, интоксикация,
оң жақ мықын аймағының бұлшық етінің қатаюы анық байқалады,
жиі іш өту.
63. Аппендикулярлы инфильтрат ауру басталған соң түзеледі.
1-айдан соң, жедел аппендициттің ұстамасынан кейін,
екі күннен кейін,
3-5 күннен кейін
7-8 күннен кейін,
10 күннен кейін.
64. Аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы кезінде қандай емдік шара қолданылады.
алдыңғы іш қабырғасына массаж жасау,
жылумен аурудың басталған күні емдеу /оң жақ мықын аймағына/,
ішті өткізетін дәрілер тағайындау,
ромашка түнбасымен микроклизма жасау,
емдік дене шынықтырулар.
65. Аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы кезінде қандай емдік шараны қолдануға болмайды?
жеңіл диета, төсектік режим,
тазартатын клизмалар,
оң жақ мықын аймағына салқын басу,
антибиотиктер тағайындау,
А.В.Вишневский әдісімен белге новокаинмен блокада жасау.
66. Периаппендикулярлы абсцесс дегеніміз бұл.
шектелмеген перитонит,
жергілікті перитонит,
диффузды перитонит,
жайылған перитонит,
іш қуысының іріңдігі.
67.Қандай зерттеу әдісі аппендикулярлы инфильтрат диагностикасы кезінде өте маңызды:
іш қуысының рентгенографиясы,
ішектің контрастылы рентгенографиясы,
ультрадыбыспен тексеру –УЗИ,
хромоцистоскопия,
компьютерлі томография.
68. Аппендикулярлы инфильтрат кезінде қолдануға болмайтын ем.
физиотерапиялық ем,
антибиотиктер,
стационарлы ем,
наркотикалық заттар,
жеңіл тағам.
69. Аппендикулярлы инфильтрат симптомына кірмейтін бір белгі.
субфебрильді температура,
ауру ұзақтығы 4-5 күн,
кенеттен көп ретте іш өту,
қандағы лейкоциттер санының жоғары болуы,
оң жақ мықын аймағында ісік тәрізді түзілістің анықталуы.
70. Аппендикулярлы инфильтратқа диагноз қою кезінде қандай зерттеу әдісі тұрақты қолданылады.
іш қуысының рентгенографиясы,
асқазан ішек трактісын контрасты заттар арқылы зерттеу,
тік ішекті саусақ арқылы тексеру,
хромоцистоскопия,
экскреторлы урография.
71. Хирургиялық аурулардың ішінде қайсысы перитонитің жиі себебі болады.
асқазан жарасының тесілуі,
жедел холецистит,
жедел аппендицит,
жедел панкреатит,
ішек түйілуі
72.Қай жерде орналасқан іріңдік, Дугласов кеңістігінің іріңдігі болып табылады.
ішек тұзақтарының арасында,
бауыр мен диафрагма арасында,
талақ пен диафрагма арасында,
жатыр мен тік ішек арасында,
оң жақ мықын ойығында.
73.Аппендэктомиядан кейінгі Дугласов кеңістігіндегі абсцестің сипаттамасы.
диафрагма қозғалғыштығының шектелуі,
жүрек айну және қайталама құсық,
құрғақ жөтел,
жамбас қуысындағы ауырғандық,
сипағанда оң жақ мықын аймағында тығыз дененің анықталуы, демікпенің болуы.
74.Дене температурасының жоғары болуы, қалтырау, демікпе аппендэктомиядан кейін 6-шы күні төмендегі асқынулардың қайсысында кездеспейді.
төменгі бөліктік плевропневмония,
өкпе абсцесі,
диафрагма астылық абсцесс,
ішек аралық абсцесс,
іш перде ішілік қан кету.
75.Дуглас аймағы іріңдігінде қандай диагностикалық әдісті таңдайсыз.
ректороманоскопия,
лапароскопия,
іштің перкуссиясы және аускультациясы,
қынапты немесе тік ішекті саусақпен тексеру,
іш қуыстың рентгеноскопиясы.
76.Қақпа венасында пилефлебиттің дамуы, жедел аппендициттің қандай түрінде кездесуі мүмкін.
аппендикулярлы шаншу,
катаральды аппендицит,
флегмонозды аппендицит,
флегмонозды аппендицит кезінде өсіндінің шажырқайының қабынуы,
біріншілік гангренозды аппендицит.
77.Науқасқа, аппендэктомиядан кейін 5-ші күні гектикалық температура, лейкоцитоз, жамбас қуысының тереңінде әлсіз ауырсыну, дизурия байқалғанда қандай қосымша зерттеу қажет.
хромоцистоскопия,
зәр мен қанның анализін қайталау,
тік ішекті саусақпен тексеру,
ректоромоноскопия,
контрастық ирригоскопия.
78.Аппендикулярлық инфильтрат операция кезінде анықталса хирургтың тактикасы қандай?
инфильтраттан шығарып аппендэктомияны жасау және құрсақ қабырғасын тұйық тігу,
аппендэктомия және іш қуысына микроирригаторды қалдыру,
аппендэктомияны жасамау керек және құрсақ қабырғасын тұйықтап тігу,
аппендэктомияны жасамау керек, бірақ резеңке түтікті дренажбен іш қуысын дренаждау және дәке тампонымен инфильтратты шектеу керек,
аппендэктомияны жасап, іш қуысын резеңке –түтікті дренажбен және дәке тампонмен дренаждау.
79. Диафрагма астылық абсцесті оң жақтық төменгі бөліктік пневмониядан ажырататын негізгі белгілері.
кеуде клеткасының рентгеноскопиясына диафрагманың оң жақ күмбезінің қозғалысының шектелуі,
іш қуысының жалпы ренгенографиясында сұйықтық бауыр үстілік деңгейінде болуы,+
плевра қуысының пункциясында ірің алу,
диафрагма астылық кеңістікті пункция жасағанда ірің алу,
кеуде клеткасының рентгеноскопиясында оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің қараюын анықтау.
80. Егер науқаста аппендэктомия операциясынан 7 күннен кейін кіші жамбастың абсцесі дамыса, сіз не қолданасыз?
антибиотикпен емдеу,
абсцесті төменгі-ортаңғы ену жолымен ашып, кіші жамбасты дренаждау,
абсцесті оң жақ мықын аймағында ашасыз,
абсцесті тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы ашып, дренаждайсыз,
абсцесті оң жақтық ішпердеден тыс ену жолымен ашасыз.
81.Науқаста, гангренозды аппендицит диагнозымен аппендэктомия операциясы жасалғаннан 2 күннен кейін мынадай белгілер пайда болды: ішек салы, қалтырау, оң жақ іштің жартысының ауырғандығы, бауыры үлкейген және сарғаю. Іш пердесінің тітіркену симптомы жоқ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
перитонит,
көк ет астындағы іріңдік,
ішек аралық іріңдік,
пилефлебит,
бауыр астыық іріңдік
82. Жедел аппендициттің асқынуы, ішперде арты флегмонасы өскіннің қандай орналасуында дамиды?
бауыр астылық орналасуында,
оң жақ мықын аймағының жергілікті перитонитінде,
құрт тәрізді өсіндінің ретроперитонеальды орналасуында,
құрт тәрізді өсіндінің медиалы орналасуында,
өсіндінің соқыр ішектен латеральды орналасуында.
83.Науқаста операциядан кейінгі 5-ші тәулікте /аппендэктомия/ тік ішекті зерттеуде кіші жамбас қуысында іріңдеу белгілері жоқ қабыну инфильтраты табылады. Емдеу шараларын таңда?
антибиотикотерапия,
іш өткізетін тұзды күніне 2 рет қабылдау,
ромашка дәрілермен жылы микроклизма тағайындау,
протеолитикалық ферменттерді парентеральды енгізу,
оперативті емдеу.
84. Диафрагма асты абсцесін келесі тәсілдермен ашады.
тороко-лапаротомия,
люмботомия,
екі этапты плевра арқылы ену,
Федоров бойынша оң жақ қабырға астылық лапаротомия,
Плеврадан тыс, іш пердеден тыс тәсілмен
85.Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы перитонитке тән емес?
тахикардия,
тілдің құрғауы,
іш қабырғасының бұлшық етінің қатаюы және Щеткин-Блюмберг симптомының оң болуы
іш перистальтикасының анықталмауы,
Кулен-Компфа симптомы.
86. Аппендэктомиядан кейінгі дамыған диафрагма астылық абсцестің клиникалық белгілері.
демалу кезінде кеуде клеткасының оң жақ жартысындағы және құрсақтың жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну,
қан қақыру,
оң жақ төменгі қабырға аралықтағы ісіну,
асцит
гектикалық температура
87.Жедел аппендициттің жиі кездесетін асқынулары.
аппендикулярлы инфильтрат
шарбы май қуысының іріңдігі,
пилефлебит,
Дугласов кеңістігінің іріңдігі,
Пиелонефрит
88.Науқаста, аппендикулярлы инфильтраттың 6-шы күні іріңдеу белгісі білінген, ену әдісін көрсет.
тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы,
төменгі ортаңғы лапаротомия жүргізу,
Ленандер енуі,
Волкович-Дьяконов тілуімен іш қуысын ашу,
іш қуысын ашпай Пирогов-Бергман бойынша тілу.
89.Диафрагма астылық іріңдіктің рентгенологиялық белгілеріне мынадан басқа барлығы жатады.
диафрагманың жоғары тұруы,
қосымша оң жақтық плеврит,
Курвуазье симптомы,
бауыр мен диафрагма арасында көлденең деңгейінде сұйықтықтың қараюы,
диафрагманың оң жақ күмбезінің экскурсиясының шектелуі.
90.Жедел аппендицитпен ауырған науқасқа қандай жағдайда аппендэктомия жасауға болмайды.
аппендикулярлы инфильтратта,
анамнезінде миокард инфактісін көтерген,
жүктіліктің екінші жартысында,
геморрагиялық диатезі бар науқастарға
өңештің қатерлі ісігі.
91. Төмендегі науқастардың қайсысында созылмалы аппендицит бірінші реттік болады.
анамнезінде жедел аппендициттің бір ұстамасы болған науқаста,
анамнезінде жедел аппендициттің бірде ұстамасы жоқ науқаста
анамнезінде жедел аппендициттің 2 ұстамасы болған науқаста
анамнезінде жедел аппендициттің 3 ұстамасы болған науқаста
анамнезінде жедел аппендициттің үштен көп ұстамасы болған науқаста
92. Мына науқастардың қайсысында созылмалы аппендицит қайталамалы емес?
анамнезінде жедел аппендициттің бір ұстамасы болғандарда,
анамнезінде жедел аппендициттің ұстамасы болмағандарда,
анамнезінде жедел аппендициттің 2 ұстамасы болғандарда
анамнезінде жедел аппендициттің 3 ұстамасы болғандарда,
анамнезінде жедел аппендициттің үштен көп ұстамасы болғандарда.
93. Егер созылмалы аппендицит диагнозы қойылса, сіздің емдеу тактикаңыз.
жедел оперативті емдеу
стационарда консервативті емдеу
операция жоспарлы түрде, операция алдында қосалқы ауруларына /асқазан ішек қабыну аурулары/ ем қолданбайақ
асқазан және ішек қабыну ауруларын емдеп операцияға дейінгі дайындықтан кейін жоспарлы оперативтік емдеу
поликлиникада консервативті емдеу.
94.Созылмалы аппендицитке мыналар тән.
субфебрильді температура,
қалыпты температура,
біркелкі лейкоцитоз,
зәр анализінің өзгерісі,
қан мен зәр анализдері қалыпты
95. Ішектің илеоцекалді бөлімін келесі анатомиялық құрылымдар түзеді:
соқыр ішек
құрт тәрізді өсінді
мықын ішектің терминалды бөлімі
жоғарылайтын тоқ ішек
баугиниев пердешесі+
96. Ішектің илеоцекалді бөліміне қандай анатомиялық құрылым жатпайды?
баугиниев пердешесі
Трейтц байламы
мықын ішектің терминалды бөлімі
жоғарылайтын тоқ ішек
соқыр ішек
97. Құрт тәрізді өсіндінің қанмен қамтылуы келесі артериялар арқылы жүзеге асады:
a. mesenterica inferior
a. mesenterica superior
a. gastroepiploica dextra
a. iliocolica
a. appendicularis
98. Құрт тәрізді өсіндінің организмдегі қызметі:
рудиментарлы мүше
барерлік
иммундық
секреторлы
асқорыту
99. Жедел аппендициттің этиологиялық факторына жатпайды?
глистік инвазия
организмдегі гормоналдық бұзылыстар
тағамдық аллергия
құрт тәрізді өсінді қуысына енген бөгде заттар
Гиршпрунг ауруы
Достарыңызбен бөлісу: |