Арттерапия әдістері
“Танысу”
Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.
Суретте өз қызығушылықтарыңызды, құндылықтарыңызды, отбасыңызды, айналысатын іс-әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.
Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.
“Автопортрет”
Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.
Автопортрет – 2 минутта.
Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді қабылдағанын салыңыз.
Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің бейнелеңіз.
“Сурет салу және бақылау”. Бұл шығармашылық жұмысты адамның жұптасып жүзеге асыруын білдіреді.
Біреуі екінші сурет салып жатқан адамды бақылап тұрады және сурет салушыға өзінде суретке қарап туындаған ойларын айтып отырады. Сурет салушы екінші адамның ойын өз қалауынша пайдаланады. Содан соң олар рольдерін ауыстырады.
Ал топ болып осы жұмысты жасағанда бірінші топ бастап, екінші топқа жалғастыруға береді. Соңынан бірінші топтың ойын екінші топтың жалғастыруы қаншалықты сәтті болғанын бірінші топ талқылайды.
“Интерпретация”. Әрбір қатысушы бір сезімді бейнелейді (абстрактілі-символды және нақты). Парақтың келесі бетіне қандай сезім екені белгілейді. Содан соң суреттер араластырылады. Топ мүшелерінің қатысуымен интерпретация жүргізіледі. Суреттер кезекпен алынады. Жүргізілген интерпретация парақтың келесі бетіндегі сезім белгісімен салыстырылады.
“Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.
Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.
Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін үш сурет салыңыз.
Өткен өміріңізде жоғалтқандарыңызды және болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.
Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше маңызды адамдарды суреттеңіз.
“Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.
Жеті параққа мына жеті сөздің суретін салып шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер, мәңгілік өмір.
Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға көпірдің суретін, ал қалған суреттерді қалауыңыз бойынша қойып шығыңыз.
“Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында кездесетін сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.
Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан соң, олардың арасында әңгіме құрамыз.
“Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.
Сіздің қатынастарыңызды көрсететін заттар мен адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.
Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің өміріңіздің рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін көрсететін символдарды суреттеңіз.
“Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:
Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).
Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік кезең, қарттық кезең).
Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.
“Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.
“Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз. Оның фонын да салуға болады.
Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің атыңыздан айтып беріңіз.
Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін зат түрінде бейнелеңіз.
Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп, суреттеңіз.
Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп, көрсетіп отырыңыз.
“Балауызбен бейнелеу”. Шамды пайдаланып, қағаз бетіне қандай да бір бейне түсіріңіз. Соңынан краскамен бояп, бір туынды шығарыңыз. Бұл оны контрастылы көрінуіне себеп болады.
“Коллаж”. Журналдардан адамдардың, жануарлардың суреттерін және т.б. фигураларды қырқып алып, формат бетіне олардан композиция құрыңыз. Ондағы фигуралардың нені білдіретінін, адамдардың не ойлап тұрғанын және не істеп жатқаны туралы жазып қоюға болады.
“Жануарлар” фрескасы. Әрбір қатысушы жеке параққа бір жануардың суретін салып, оны бояп, қырқып алады. Соңынан барлық қырқылған фигуралар бір форматқа жабыстырылады.
“Иллюстрация”. Келесі тақырыптың біреуіне сурет немесе коллаж жасау керек.
Табиғат (ен дала, таулар, жануарлар және өсімдіктер әлемі).
Ауа райы (нөсер, дауыл, түн, жазғы күн т.б.).
Ертегі және ғажайып кейіпкерлер (клоун, жалмауыз кемпір, сиқыршы, елес және т.б.).
Діни түсініктер мен оқиғалар (жақсылық пен жамандық, пейіш пен тозақ, әлемді жаратушы және т.б.).
Түстер мен қиялдар.
“Жарнама”.Өзіңе арналған аз ғана мәтіні бар жарнаманың суретін сал. Сурет салу аяқталғаннан кейін топ мүшелері бір-бірінің жарнамаларына автрдың жіберіп алған моменттері мен жекелік қасиеттерін қосып отырады.
“Сараң телефон”. Бұл әдістемеде бірінші адам 2 минут аралығында сурет салады. Өзінің салған суретін екінші адамға көрсетеді. Ол көрген суретін есінде сақтай отырып, келесі параққа салады, ол үшінші адамға көрсетеді. Соңғы адамның салған суретін бірінші суретпен салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |