Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Инновациялық оқыту технологиясының тиімді үлгілерінің бірі - арттерапия элементтерін жоғарғы оқу орындарының оқыту процесінде қазақ тілінде тұңғыш рет әрі нәтижелі орындалуына қол жеткізілді. Психотехниканың үлгісі ретіндегі арттерапияның мән-мағынасы, мазмұн-ерекшелігі, өтілу барысы қазақ тілінде ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
адамның жеке басының қадыр-қасиетін сезініп, бағалауға әрі тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуда көмекші құрал қызметін атқарады;
шығармашылық қабілетті (креативтілікті) дамытуға септігін тигізе отырып, адамның өзін-өзі тануына жол ашады;
арттерапия көмегімен психосауықтыру, емдеу шараларын толық жүзеге асыруға болады;