Арттерапия жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде


Ертегі терапиясының мақсат- міндеттері



бет30/54
Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#87339
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Байланысты:
Диплом Арт-терапия

Ертегі терапиясының мақсат- міндеттері



  1. Қалай үйрену керектігін үйрету.

  2. Қажетті нәрсені емес, қызықты нәрсені ғана танып-білуді қалайтын адамдарға арналған оқытудың әдістемесін ойлап шығару.

  3. Сенімділікті ояту. Сенімділік қана жекелік ресурстарды белсендіреді және іс-әрекет барысында қосымша күшті жеткізіп отырады. Шынайы сенімділік нәтиженің жетістігін көрсетеді. Ғасырлар бойы ертегілерді, мифтарды, аңыздарды және таң қаларлық тарихи оқиғаларды пайдалана отырып, сенімділікті оятқан және қалыптастырған. Ғажайып ертегілердегі ізгілікті істердің жеңіп шығуы кездейсоқтық емес, міне осы істер ішкі сенімділік пен ішкі саналы күшті оятады. Алғашқыда олар түсініксіз бір сезім, діріл ретінде байқалады, кейін келе сезініп жүзеге асыратын қабілетке айналып отырады.

Ертегілік қойылым барлық уақытта оған қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Егер де ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар мен коррекциялық жұмыстарда да өзінің көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясында терапия имиджі деп аталатын арнайы бағыт бар. Терапияның ғажайып имиджін құрушы Петербургтік ертегіші және сиқыршы А.В.Гниздилов. Осы жаңа имидж арқылы символикалық түрде жаңадан өткен шағын, қазіргі уақытын және болашағын алып отырады. Өйткені біздің әрбіріміз өмірде көптеген рольдерді ойнаймыз. Бірақта біз әбден бір рольге үйреніп алатынымыз соншалық, сол рольдің құлына айналып кететін кездер де болады. Психологтар мұндай көріністі “Бейнеге сәйкестену” деп атайды.
Адамның бейнелерге нақтылай сәйкестене алмауы, оны спонтандылықтан айырады. Осы жерде көмекке ертегілер келеді. Дәл осы жерде тіптен өзгеруге мүмкіндік болады. Өзін күтпеген рольдерде сынап көруге жағдай жасалынады. Ертегі терапиясының негізгі мәні – лезде адам кейпін өзгерту.
Адам ғажайып өмірді басынан өткере отырып қосымша күштерді меңгереді. Ғажайып ертегі бейнесінде ол өмірде өзіне жетіспейтін күштерді сезінеді және өз бойындағы күштерді анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет