Зерттеу жұмысымызда қолданған арттерапияның құрамды элементтерінің бірі - ертегі терапиясы. Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістедің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.
Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.
Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.
қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;
- үндестік пен күшті сезіну.
Жасөспірімдер мен ересектер ертегіге ене отырып, нақты жағдайда творчестволық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинайды. Жасөспірімдер мен ересектер өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, аз-маз басқаша ойлай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне кіріседі.
Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың творчестволық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (творчестволық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.
Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. / 17 /.
Психологиялық қызмет көрсету барысындаертегілерді қолдануға болады ма деген сұраққа біздің екі түрлі жауабымыз бар: жалпы және психологтарға арналған.
1. Ертегіні бәрі де жақсы көреді. Ертегіні мойындағысы келмейтін адамдардың өзі де жақсы көреді. Ертегіде бәрі де ертегідегідей ғажайып болады. Ертегіде мен туралы емес, әсіресе мен туралы, сіз туралы және ол туралы, біздің балаларымыз туралы деген сияқты жағдайлар кездеседі. Өз проблемаларымызды ертегі формасында көруіміз бен қабылдауымыз оңайырақ болады, она ауыр тимейді және көңіліміз де қалмайды. Ертегі кейіпкерлеріне әрбір жағдайдан шығып кету оңай, өйткені, ертегілерде бәрі де мүмкін болады. Кейіннен ойланып қарасақ, бұл шешімді өміріңдегі өзіңнің жағдайларыңа да қолдануға болады. Өйткені, ертегінің соңы әрқашан жақсы болып аяқталатыны барлығымызға мәлім.
2. Ертегі терапиясын жүргізу – психотерапияның адамға жарақат салмайтын, ауырсыну сезімін тудырмайтын түрі. Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі болғандықтан шығар