"Кәусар бұлақ тұнығынан" өзiн-өзi тану пәнінен ашық сабақ
Құндылық: Мейірімділік, дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыйластық, бақыт, сүйіспеншілік, талаптану
Сыныбы- 3 сынып
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық
ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру,
кішіпейілдікке , бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің
адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу
Міндеттері:
Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірін бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар,суреттер, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушыларды сабаққа дайындау, демалдыруға, өзін еркін сезіндіру мақсатында
«Өзіммен өзім» релаксациялық сәті жүргізіледі. Мұнда оқушылар музыка әуенімен
көздерін жұмып, мұғалім айтқан сөздер арқылы ойланады. Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің
төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және
таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен
тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол
біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің
қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр
мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз
тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей
нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып,
жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру
С.А.Назарбаева туралы мәлімет жинау
Сұрақтар:
1.Сара Алпысқызы дегеніміз кім?
2. Сара Алпысқызын біз неге өзін – өзі тану пәнімен байланыстырамыз?
3. Қоғамға жасап жатқан жақсылықтары туралы не білесіңдер?
4. С.Алпысқызы қандай марапаттауларға ие болған?
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады» С.А.Назарбаева
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
Әңгімелесу.
Оқушыларға Сара Алпысқызы туралы, өмірбаяны айтылады.
С.А.Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы,
Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның қоғам қайраткері, ҚР Тұңғыш
Президентінің зайыбы, Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін
қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең
ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән
береді.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау
туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім
балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт»,
жасөскіндер үйлері ашылуда.
Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және
колледждерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше
назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры
арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. «Өзіңді өзің тану» атты балаларға
рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып
табылады.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты
балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық
қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу
мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын
медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының
алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан
Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы,
Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
Әкем-біреу, анамда біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,
Олар барда – мереке. Көрген емен,
Қабақтарын шытқанын түнергенін
Әке-білек, саусағы-балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана-тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Оқушылар, олай болса осы біздің ашық сабағымызға әдейі дайындалған «Ата – ана
мен бала ортасындағы махаббат» атты видеоролигімізді бірге көрейік.
Видероликтен алған әсерлері бірге талданады.
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
С.Алпысқызының туған күніне деген сыйлықтар жасаймыз. Оқушыларды топқа бөліп,
өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
5. Топпен ән айту. " Ақ мамам"
Ел жатқанда, жатпаған,
Мен деп тыным таппаған ,
Бақыт үшін баланың,
Аман сау бол ақ мамам!
Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейрімі сезілген,
Бұл жалғанда балаға ,
Жақын жан жоқ өзіңнен,
Жақын жан жоқ өзіңнен!
6. Үй тапсырмасы.
Ата – анамызға, отбасымызға, бауырларымызға деген махаббатымызды шығарма арқылы
көрсету керек.
7. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің
жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей
оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс
жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
|