Арттыру институты



Pdf көрінісі
бет3/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
ТРИЗ

ӘӨЖ 373 
КБЖ 74.102 
ISBN 978-601-7914-56-1 
© «
Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы
бойынша 
педагогикалық 
қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру институты, 2018 



Кіріспе 
 
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының 
бірі - оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және осы орайда бейнелеу 
өнері сабақтарында ӨТШТ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу 
теориясы)
адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа 
әдістемесі үшін негіз болып табылады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде заманауи технологиялармен 
жұмыс жасау басты назарда.
Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда 
педагогтардың негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша 
педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу, жеке тұлғаның дамуып 
үшін ыңғайлы жағдай жасау. ӨТШТ бағдарламасы тәрбиешілер мен 
балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың 
әдістері мен құралдарын береді. Осы біріңғай құралдарды қолдана отырып, 
балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. 
ӨТШТ бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашық жұмыстар жүйесі емес, 
бұл үнемі дамитын технология. ӨТШТ-ақылдылардың, құрастырушылардың, 
ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактылы 
ойлауын, қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың 
жолы. Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке 
дейінгі балалардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту, арттыру жолын 
қарастыру. ӨТШТ элементтерін қолдана отырып, жас ерекшеліктеріне сай 
құзыретті, танымдық белсенді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті ұрпақ 
тәрбиелеуге түрткі болады. ӨТШТ технологиясы бұл қызықты әдіс-тәсілдер 
жүйесі, балалардың қиялдық ойлау жүйесі дамып, ой - өрістерінің толығуына 
көп пайдасы бар. «ӨТШТ» технологиясын балабақшада қолдану жаңадан 
шыққан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға 
деген ынталарын дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді. Бұл 
әдіс бұрын балабақшада қолданылмаған ең жаңа оқу формасы болып 
есептеледі. Қазіргі кезде білім берудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, 
өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын көтеру 
мақсатында әрбір оқу үдерісінде қолданатын оқытудың жаңа формалары мен 
техникалары балалардың пәнге деген қызығушылығы ізденімпаздығын 
байқау қабілеттерін жетілдіруге, мүмкіндік береді. Педагогтың міндеті оқу 
үдерісінің ғылыми сипатын арттырып, білім беруде тек мәлімет жиынтығын 
меңгертумен шектелмей, терең білімді ізденімпаз барлық іс-әрекеттерде, 
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан болмысын таныта алатын 
жеке тұлға тәрбиелеу

Бұл әдістемелік нұсқаулықта мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс 
жасайтын, өнерпаз тәрбиешілерге арналған.
Әдістемелік нұсқаулықтың жаңалығы балалардың тілдік, танымдылық, 
шығармашылық процестерін жүйелеу жұмысы арқылы шығармашылық 



белсенділігін қалыптастыру. Негізгі міндет – бала дамуын тежемей оқыту, 
сол арқылы баланың қабілетін мүмкіндігінше ең жоғарғы деңгейге жеткізу. 
Бала тұлғасын бағдарлау барлық балалардың қажеттілігін есепке алуды 
талап етеді. Балаларға ойлауға, елестете алуға, есте сақтауға, мотивациясын 
жетілдіруге, белсенді болуға көп деңгейлі тапсырмалар жүйесін орындай 
отырып, сол бала деңгейінің көтерілуіне көп көмегін тигізетіні сөзсіз. 
Әдістемелік құралда балалардың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», 
«Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы сабақтарда дәстүрден 
тыс ӨТШТ технологиясын қолдану, өз бетінше әрекетте ӨТШТ ойындары 
режимдік сәттерде, тәрбиешінің ата-аналармен жұмыс істеуде білім беру 
үдерісінің негізгі бағыттары бойынша бағдарлама мазмұнын іске асырудың
түрлері мен әдістері ашылған. ӨТШТ ойындарын қолдану мақсатында орыс 
тіліне бейім балалардың тілдің грамматикалық құрылымы, байланыстырып 
сөйлеу қабілеті, сөздік қорын байытуға көп септігін тигізеді.
Өзінің 
қайталанбас дербестігін ашу балаға өзін оқуда, шығармашылықта, 
достарымен қарым-қатынаста бағалай білуге көмектеседі. Осы орайда 
бейнелеу өнері сабақтарын дәстүрден тыс көркемдік техникалармен 
жетілдірудің маңызы зор. Дәстүрден тыс техникалар ӨТШТ технологиясы 
арқылы көрініс табады.
Білім беру іс-әрекеті алуан түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана 
отырып, түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы білім беру салаларын
кіріктіру 
жолымен 
іске асады 
және баланың эмоциялық дамуына,
оқуға деген ынтасын арттыруға, танымдық қызығушылығын, әлемнің толық
сипатын қалыптастыруға және ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану аса маңызды, 
жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отыра, 
түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады, сонымен 
қатар баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс 
түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді.ӨТШТ 
технологиясында балаға қоршаған ортамен қарым-қатынаста болатын жеке-
дара субьекті ретіндегі рөл беріледі. Бұл қарым-қатынасқа әрекет етудің 
барлық кезеңдері енеді: мақсат қою, жоспарлау және ұйымдастыру, 
мақсаттарды іске асыру, әрекет нәтижелерін анализдеу. ӨТШТ элементтерін 
қолдану көптеген оқу үдерісінде теория мен практиканың байланысын 
жүзеге асырады, серуен кезінде жылдың төрт мезгілін салыстырмалы түрде 
ерекшеліктерін атай отырып, халық ауыз әдебиетінен көркем сөздерді 
пайдалану нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне 
тәрбиелеу, еңбекке баулуға, достық, бір-біріне деген сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу. Балаларды жаңа әдіспен ойын арқылы ӨТШТ технологиясын 
қолдану барысында біз кері жол жүреміз, тақпақ, жаңылпаштарды біз суретке 
айналдыру арқылы жаттаймыз. Бұл әдісті бес сала бойынша қамтуға болады: 
шығарманы мәнерлеп оқу, автормен таныстыру, әр сөзге, сөйлемге теңеп 



сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау. Күнделікті жаңа оқу 
тәрбие үдерісінде тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз 
іске аспайды. Әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік 
ретінде пайдалану өте тиімді. Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің 
дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық 
салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын 
баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сөйлеуге, жеке тұлға 
болып қалыптасуына көмектеседі.
Технологияның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет