«Біркелкі пішіндерді сана» ойыны Мақсаты: Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15
дана)
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі.
Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.
«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» ойыны Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос
торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос
торларды сәйкес пішіндермен толтыр.