«Вагондарға дөңгелек таңдау» ойыны Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін
білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі
геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі
пішіндердің ішінен табады.
«Бет орамалға лайық жамауларды табу» ойыны Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға
жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет
орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы
пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.