Ойынның құрал-жабдықтары:
доп
Ойынның мазмұны:
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да
допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді
айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...
«Күн мен жаңбыр» ойыны
Ойынның мақсаты:
Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға
баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне
білуге үйретеді.
Ойынның шарты:
Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген
карточкалар таратылады. Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен
сипатына сәйкес суретті көрсетеді.
«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны
Ойынның мақсаты:
Балаларды шығарманы тыңдай отырып,
динамикалық бояуларын,дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты:
Түстері бірдей,әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар
суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап,төменгі
дыбысқа үлкен қоңырау,орташа дыбысқа орташа қоңырау,жіңішке дауыстағы
әуенге кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |