Арттыру институты


«Қандай пішін жетіспейді?» ойыны



Pdf көрінісі
бет93/108
Дата08.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#120426
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108
Байланысты:
ТРИЗ

«Қандай пішін жетіспейді?» ойыны
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін 
жетіспейтінін тапқызу. 


70 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) 
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға 
көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін 
жетіспейтінін табады. 

«Доппен ойнау»
ойыны
Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» 
ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: доп. 
Ойынның мазмұны: 1-вариант. 
Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап 
тұруға болады.«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр 
командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» 
деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды 
ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда 
ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң 
жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген 
бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп 
сол 
жақта»деген 
бұйрық 
бойынша 
доп 
сол 
жаққа 
беріледі. 
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет