Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет21/66
Дата21.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#187266
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Даналардың ой-пікірі.


Ал адам өзінің таным көзін жоғары ақиқатқа бағыттап, жаратушысын тани алатындай мүмкіндікпен ақылдың иесі етіп жаратылды. Адамның өзге жан иелерінен айырмашылығы да оның ақылында. Махаббаттың түп иесі осылайша адамды жоғары ақиқатты танитындай нұрлы ақыл иесі етіп жаратуының өзінде үлкен Махаббат. бар. Ғұлама Абай өзінің 38-қара сөзінде “…ықыласпен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл ғылым деген нәрселерменен... Талап, ұғым махаббаттан шығады. ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады... Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” дейді. Яғни адамның ең асыл қасиеті—ақыл,ең асқақ мұраты
— танымға құмарлық. “Махаббатсыз, дүние дос, хайуанға оны қосыңдар” деген ақын адам “ғы-лым-білімді махабатпен көксерлік болғанда”, жүрегін дүние достығынан босатып, хаққа арнағанда ғана адам атына лайық боларын айтады. Адам жаратылысының осы негізгі үш себептерін:сүйіспеншілік үшін, сұлулыққа
ғажаптану үшін, ақиқатты тану үшін деп ажыратқанмен де, осы талпыныстың бәрі Махаббаттан бастау алады.Пәктікті сүюге, сұлулықты түйсінуге, кемелдікті тануға талаптанудың барлығы Махаббаттан шығады. “Не қылсаң да ғашық қылғын пәруәрдігер” деген Иасауидің ғашықтық дертін Махаббат бастауының өзінен тілеуі сондықтан да түсінікті. “Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады иманигүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл” деген Абай да Махаббатты иманның негізі деп таниды. Имандылық жаршысы болған осы ғұламалардың Махабат жайлы пікірі.


Р. Рождественский «Махаббат» туралы өз ойын былай жеткізген.


Бәрінің бастауы – Махаббат! Жаныңа нұр сепкен шапағат. Еңбектің рақатын сездірген, Гүлдерге құлпыртып түр берген. Сәбидің шырағын жандырған, Бұлағы мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі, Жаңғыртып айтамын қайталап, Бәрінің бастауы – Махаббат!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет