Шықшөп
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шықшөп (Drosera) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық жәндікқоректі өсімдіктер. Тропиктік және қоңыржай белдеулерде, негізінен Австралия мен Жаңа Зеландияның ылғалды аймақтарында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда шымтезекті мүк өскен батпақты жерлерде кездесетін 2 түрі (теңгежапырақ шықшөп және англия шықшөбі) бар. Бұлардың биіктігі 7 – 25 см, төселе өсетін немесе түйнекті тамырсабағы болады. Жапырақтары тамыр түбіндегі себетте орналасады, олардың шетін және жоғары жағын қызыл безді басы бар түктер жауып жатады. Осы бездер жабысқақ сұйық тамшылар бөліп шығарады, соның нәтижесінде өсімдіктің жапырағының үстін шық жауып жатқан сияқты болып көрінеді. Өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Түктер жапыраққа қонған жәндіктерді жауып қалады да, өздерінен бөлінген шырышпен бүркейді. Бұл кезде жапырақ қақ ортасынан екіге бүктетіліп, жәндікті ұстап тұрады. Өсімдіктің құрамынан бөлінген асқорыту ферментінің әсерінен жәндік қорытылып болғаннан кейін жапырақ қайтадан жазылып, бұрынғы түріне келеді. Гүлдері ұсақ ақ түсті, олар шашақ немесе сыпыртқы гүлшоғырына топталады. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Тұқымынан, көбінесе вегетативті жолмен көбейеді (олар су арқылы тарайды). Жемісі – бір ұялы қорапша. Теңгежапырақ шықшөп – дәрілік өсімдік.
Росянка
[править]
Материал из Википедии — свободной энциклопедии
?
Росянка
|
Росянка круглолистная
|
Научная классификация
|
Царство:
|
Растения
|
Отдел:
|
Покрытосеменные
|
Класс:
|
Двудольные
|
Порядок:
|
Гвоздичноцветные
|
Семейство:
|
Росянковые
|
Род:
|
Росянка
|
|
Латинское название
|
Drosera L.
|
Виды
|
Drosera anglica
Drosera auriculata
Drosera binata
Drosera capensis
Drosera filiformis
Drosera gigantea
Drosera intermedia
Drosera peltata
Drosera pygmaea
Drosera ramentacea
Drosera rotundifolia
|
Систематика
на Викивидах
|
Изображения
на Викискладе
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |