Шалғам
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шалғам
Шалғам (Raphanus satіvus) — орамжапырақ тұқымдасына жататын көкөніс; крестгүлділер тұқымдасына жататын көкөніс.[1]
Бір жылдық шалғам (еуроп. сорт) сепкен жылы тамыртүйнек салады, тұқым береді. Екі жылдық шалғам (қыстық сорт) сепкен жылы тамыр-түйнек, келесі жылы тұқым береді. Көбіне бір жылдық шалғам өсіріледі. Жапырағы аздап тілімделген, тамыржемісі ұсақ (7 — 20 г), түсі қызыл, алқызыл, ақ, күлгін, сары. Тамыржемісінде 25 — 30 мг%, жапырағында 50 — 60 мг% С витамині бар. Тамыржемісі жастай тағамға пайдаланылады. Гүлі ақ, қызғылт. Сепкеннен кейін 50 — 70 тәулікте гүлдейді. Суыққа төзімді, айқас тозаңданады. 20°С-та сабақтанып, тамыржеміс түзеді. Құрамында органикөлі заттар мол, борпылдақ, құмдақ топырақта жақсы өседі. Шалғам жылыжайда, ашық жерлерде өсіріледі. Шалғамның Заря, Йыгева 169, Новинка 515, Красный великан, Дүнген 12/8, тағы басқа сорттары бар. Шалғам Қазақстанның оңтүстік облыстарында көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: крестгүлділер бүргесі, орамжапырақ шыбыны, аурулары: альтернариоз, жалған ақұнтақ кеселі.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |