Arum Arum palaestinum Ғылыми топтастыруы


[өңдеу] Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) және құрма



бет60/82
Дата24.02.2020
өлшемі5,78 Mb.
#59000
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
Шаянот
Anticipation guid1, Білім беру процесінің субъектілері

[өңдеу] Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) және құрма


Жалпы арабтардың күнкөрісінде құрма ерекше рөл атқарған. Бірқатар ақындардың шабытына арқау болып, мақал-мәтелдерге қосылған құрманы Аллаһ елшісі (с.а.с.) де ұнатқан. Мәселен, ол құрма маусымында өзіне сыйланған жас құрмаларды кері қайтармайтын (Бұхари, Әтғима, 41).

Бата алу үшін өзіне әкелінген жаңа туған нәрестелерге алғашқы дәмді құрмадан таттыратын (Мүслим, Әдаб, 23-28).

Кешкі асқа ештеңе таба алмағандарға кепкен құрма жеу керектігін айтып, «Кешкі асты тастамаңыздар, ештеңе таппасаңыздар, тым болмаса, бір уыс кепкен құрма жеңіздер»деген (Ибн Мажә, Әтима, 54).

Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мажә, Әтғима, 38.). Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттарда өзінің де талғажау еткені құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Расулаллаһ (с.а.с.) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз» деп еске алған (Бұхари, Әтғима, 6). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.

Жемістің қай түріне де құрметпен қараған Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрмалардың піскенін әрі жақсысын ұнататын, алайда құрттап кеткендерін тастай салмайтын. Арасынан жақсыларын таңдап алып жейтін. Жерге түскен жемістердің бекерге шіріп кеткенін қаламайтын. Сол үшін жолда жатқан жеміс көрсе, оны алып, тазалап жегеннің дұрыстығын айтатын. Бір жолы сахабаларымен келе жатқанда, жолда жатқан кепкен құрманы көріп «Мына құрманың садақа еместігіне көзім жетсе, алып жер едім» деген (Мүслим, Зекет, 164).

Құрманы басқа нәрсемен қосып жеген кездері де болған. Мәселен, қонақта өзіне қаймақ пен кепкен құрма алдыға тартылғанын көргенде, екеуін қосып жеген (Ибн Мажә, Әтғима, 43.). Бұған қоса, жас құрма мен қиярды қосып жегені, жас құрма мен қарбызды да қосып жегендігі туралы риуаяттар кездеседі (Ибн Мажә, Әтғима, 37). Жас құрма мен қарбызды қосып жеуінің себебін: «Жас құрманың ыстығын суық қарбыз арқылы, ал қарбыздың суықтығын құрманың ыстығымен қайтарамыз» деп түсіндірген (Әбу Дәуіт, Әтғима, 45).

Айша анамыз (р.а.) өз тәжірибесінде жас құрма мен қиярды қосып жеу денеге күш бітіретіндігін айтқан (Ибн Мажә, Әтғима, 37).

Алла елшісі (с.а.с.) құрманы емге де пайдалануға болатындығын білдірген. Жүрегі я кеудесі ауыратындығын айтқан бір сахабасын Тайыфта тұратын Харис ибн Кәләда атты дәрігерге жіберіп тұрып: «Мәдинаның ажуа құрмасының жетеуін алып, дәнімен қоса езіп, кеудеңе жағып, уқаласын» – деп, ажуа құрмасын емдікте қалай қолдануға болатындығын үйреткен (Әбу Дәуіт, Тыбб, 12).

«Таңертең тұрғанда ажуа құрмасының жетеуін жеген адамға сол күні сиқыр да, у да кеселін тигізе алмайды» деп, ажуа құрмасының емдік әрі рухани пайдасы барын сездірген (Бұхари, Әтғима, 43).

Тағы бір хадистерінде «Әсіресе, қырларда өсетін құрмаларда шипа бар» деген (Ахмад ибн Ханбал, 6/77).


[өңдеу] Құрманың пайдалары






Бұрайда құрма қаласы

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:



Құрма:

  • Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.

  • Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;

  • Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;

  • B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;

  • Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;

  • Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;

  • Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;

  • Жүйке жүйесінің шаршауын басады;

  • Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;

  • Ас қорытуға пайдалы;

  • Тойымдылық қасиеті өте жоғары. Зерттеуші Х.У.Дэусон бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтқан.

  • Жас құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80 %) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.

  • Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады. Сүт гормондарын қозғау арқылы нәрестеге сүт көп шығуына оң ықпал жасайды. Аллаһ тағаланың хазірет Мәриямға құрма жеуге бұйрық беруінің астарындағы хикмет осы болса керек.

Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада витаминнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де витаминге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет