Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу (2 минут) Кырыққабат, балық, құрма, алма суреттері қиындыларын құрастыру арқылы 4топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл» (4 минут)
Гормондар дегеніміз не ?
Гормондар органгизмге не арқылы таралады?
Гормондар не бөліп шығарады?
Организмдегі бездер неше топқа бөлінеді?
Ішкі және сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады ?
ІІІ. « Ой қозғау» (сұрақ - жауап) (3 минут)
Слайд көрсету (асқынған бездер , тамақ ауруына ұшыраған адамдар)
-Ал, балалар сіздер мына бейнеден не көрдіңіздер?
-.оқушы жауабы
-Адамдар неліктен ауруға шалдықты ?
-Дәрумендер жетіспегендіктен немесе элементтер жетіспегендіктен
-Ал, балалар сонын ішінде йод элементі жетіспесе, адамдар қалқанша безі ауруына шалдығады.
-Ал, балалар бүгінгі өтетін сабағымыз «Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.
ІҮ. Топтық жұмыс 15 минут.
Топтарға мәтін таратылады, әр оқушы өз бетінше оқиды, топта өзара талқылайды.
Мәтін оқу 5 минут, 5 минут тұжырымдамалық карта жасау.
Бірінші топқа « Қалқанша бездің құрылысы» , екінші топқа «Қалқанша бездің қызметі» , үшінші топқа «Ауру түрлері», төртінші топқа « Аурудан сақтану жолдары»туралы мәтіндер беріледі. Топ болып бірігіп, тапсырманы тұжырымдамалық карта арқылы орындайды.
Топ баяндамашыларын тыңдау (әр топқа 1минуттан). 4 минут
Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін жазады.
Бағалау парағы
Критерийлер
|
Көшбасшы
|
Баяндамашы
|
Бақылаушы
|
Хатшы
|
Уақыт сақшысы
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
|
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топтар өзара бір- бірін «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды. Бағалау 2минут
Ү. Жұптық жұмыс Биологиялық диктант (8 минут)
1. Ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы ...... деп аталады.( гипофиз)
2. Мойынның алдыңғы жағына орналасқан ......без. ( қалқанша)
3. .....безі судың және тамақтың құрамындағы йодты сіңіріп жинақтайды.(қалқанша)
4. Без гормондарының құрамына ......кіреді.(йод)
5. Қалқанша безінің массасы.....(15-30г)
6. Йодтың жетіспеушілігі......бездің қызметін бұзады.(қалқанша)
7. Бездің қызметі бұзылғанда адамдарда ..... пайда болады. ( аурулар)
8. Қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз болса.... ауруы пайда болады.(микседема)
9.Тамақта йод жетіспесе адамда .......... ауруы пайда болады.(зоб ауруы)
10.Бадырақ көз ауруын ........ ауруы деп атаймыз ( базедов ауруы)
Жұптың пікірлерін тыңдау, дайын жауапты көрсету арқылы, жұптар бірін- бірі бағалайды.
Сергіту сәті 2 минут
V. Жеке жұмыс (Жинақталған тест)(3 минут)
Организмдегі бездер неше топқа бөлінеді ?
А) 5 Б) 6 В) 2
2. Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады ?
А) Гипопиз және эпифиз Б) Қалқанша безі , Тимус, бүйрек үсті безі
В) Барлығы дұрыс
3. Аралас секрециялық бездер дегеніміз не ?
А) Сыртқы секреция бездері Б) Ішкі секреция бездері В) сыртқы және ішкі секрециялық бездер
4. Ішкі секрециялық бездерінің ең негізгі жетекші орталығын ата
А) Гипофиз Б) Тері В) Гормон
5. Без ауруларының маман дәрігері:
А) Психолог Б) Эндокринолог В)Хирург
Тест орындап болған соң, оқушы қанша сұраққа жауап бергені туралы пайызы және бағасы көрсетіледі.
«5»ұпай алған оқушылар – бағдаршамның жасыл түсін, «4»ұпай - сары түсін және «3» ұпай алған оқушылар қызыл түсін көтереді.
ҮІ Кері байланыс « Рефлексия» ( стикерге сабақта не ұнады. не қиын болды, мұғалімге сұрақ кою ) 1 минут
|