Омарова Роза Конарқызы,
№12 ЖОББ мектебінің биология пәнінің мұғалімі,
БҚО, Орал қаласы
Ас қорыту жүйесі, асқорыту жолы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек, ас қорыту бездері, ұйқы безі
(ашық сабақ, 8-сынып)
Мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту жұйесінің құрылысы ерекшеліктерімен, маңызымен таныстырып, әртүрлі тапсырмалар мен деңгейлік сұрақтар беру арқылы қызығушылығын оятып, ой-өрісін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін тереңдету, ғылыми тұрғыда, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Салауаттылық өмір салтын ұстанып, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға үйрету.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакаттар, скелет, суреттер.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Жұппен, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Үйге тапсырма, бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға тест беріледі.
- Амандасу.
- Топқа бөлу (түстер арқылы).
- Үй тапсырмасын тест арқылы сұрау.
- Ребус арқылы жаңа тақырыпты ашу.
- Түртіп алу. Жаңа тақырыпты кесте арқылы түсіндіру.
- Бейнефильм көрсету.
- Алгоритм деңгейі (үш тілділік).
- Жаңа білімді меңгерту (3 сурет арқылы тапсырма орындау).
- Бекіту сұрақтары.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
- Кері байланыс.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу
Түртіп алу. Оқулықпен жұмыс
Ас қорыту жолының бөлімі
|
Құрылым ерекшеліктері
|
Бөлінетін бөліктері
|
Ас сөлі
|
Негізгі үрдістер
|
Ауыз қуысы
|
Ұрт, ерін және таңдайлармен шектеледі. Тістер мен тілді қамтиды
|
Ауыз кіреберісі (ұрт) және ауыз қуысы
|
Сілекей
|
Залалсыздандыру, ұсақтау, дәмін анықтау, көмірсуларды ыдырату
|
Жұтқыншақ
|
Өндіршікпен, бадамшамен шектелетін түтікшелі қуыс. Ортаңғы құлаққа қосылады
|
Аңқа, ауыз-жұтқыншақ, көмей бөлімі
|
|
Жұтыну тағам түйірінің өңешке түсуі
|
Өңеш
|
Бастапқыда бұлшық еттері көлденең жолақты 2-3 бөлімдері тегіс
|
|
|
Тағамды қарынға жеткізеді
|
Қарын (асқазан)
|
Қатпарлы сілемейлі, бұлшық-еттері үш қабатты
|
Түбі, денесі, қарын қақпасы
|
Қарын сөлі
|
Нәруыздардың және эмульсияланған майдың ыдырауы
|
Аш ішек
|
Аш және жіңішке ішектің бүрлері бар
|
Ұлтабар; аш ішек, мықын ішек
|
Өт және ұйқы безі ішек сөлі
|
Толық ас қорыту қоректік заттардың қан лимфаға сіңуі
|
Тоқ ішек
|
Қатпарлы сілемейлі, қабырғаларында лимфалық түйіңдер өте көп, сыртқы май
|
Бүйен, жиек ішек, тік ішек
|
Шырыш, ішек сөлі
|
Суда еріген тұздар мен витаминдерді сіңіру, кейбір витаминдерді синтездеу, жасунықтарды ыдырату
|
Достарыңызбен бөлісу: |