Орофарингеальды дисфагия жиі ең алғаш тамақты жұтқан кезде, тамақ мұрын қуысына, жұтқыншаққа түсіп кету салдарынан пайда болады. Сонымен қатар науқаста жөтел пайда болады. Ол көбінесе ауыз қуысының, жұтқыншақтың ауруларында немесе жүйке жүйесінің зақымдануында кездеседі.
Эзофагеальды дисфагия бірнеше жұтыну актісінен кейін пайда болады және жұтқыншақтың бойындағы жағымсыз сезімдермен қатар жүреді.
Дисфагияның бұл түрі жұтқыншақтың рак ауруында , өңеш бойының қышқыл, сілтімен күйгеннен кейінгі тыртықтануда, өңеш жара ауруында. Сонымен қатар дисфагия өңештің қолқа аневризмасымен және көкірекаралық ісікпен басылып қалуынан пайда болады. Сонымен қатар дисфагия органикалық және функционалдық болып жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |