Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды тексеру тәсілдері



бет3/6
Дата26.04.2020
өлшемі30,89 Kb.
#64798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды тексеру тәсілдері

Органикалық дисфагияда тамақ жұтудың қиындауы үнемі мазалайды. Аурудың өршуіне байланысты бара-бара науқас сұйық тамақтыда іше алмай қалады.

Функционалды дисфагияда қою тамақты науқас жұта алады, сұйық тамақты жұта алмайды . Функционалды дисфагия үнемі мазаламайды, әр түрлі стресстік жағдайларда ғана байқалады.

Дегенмен функционалдық дисфагия диагнозын инструменталдық тексеру әдістерінен кейін және аурудың органикалық себептері болуы мүмкін емес екендігін анықтағаннан кейін ғана қоямыз .

Дисфагия өңеш бойының ауруымен қатар кездесуі мүмкін (одинофагия). Бұл өңеш бойының кілегей қабатының күюінен, өңештің қабынуымен (эзофагитте), өңеш ісігінде болады.

Өңештің жедел тарылуында өңешке тән құсу болады. Асқазан құсығынан айырмашылығы, құсық сілтілі болады және тамақ қалдықтары болады. Сонымен қатар жүрек айнумен қатар жүрмейді, дисфагия байқалады.

Құсық құрамында қан жұғындыларының болуы ісіктің ыдырауында және өңештің жара ауруында кездеседі.

Көп мөлшерде қан кету өңештің варикозды веналарының жыртылуына байланысты . Бұл бауыр циррозы ауруында кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет