Құсу(Vomitus) – жиі кездесетін шағымдарға жатады. Асқазанның әр түрлі ауруларында кездеседі (жедел және созылмалы гастрит, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, асқазан рак ауруы).
Сонымен қатар асқазан ауруларымен байланыссыз пайда болуыда мүмкін.
1. Жүйке жүйесімен байланысты құсу (орталық), (бас миының ісігі, минингит, бас-ми жарақаты, бас миыішілік қысымның жоғарлауы және т.б.)
2. Висцеральды құсу (перифериялық, рефлекторлық). Асқазан мен 12 елі ішек жарасында жедел холециститте, өттас ауруында кездеседі.
3. Гематогенді-токсикалық құсу. Уремия кезінде және әр түрлі улануларда, интоксикацияда кездеседі. Құсу кезінде, құсықтың сипатын, оның пайда болуын және құсқаннан кейін науқастың жағдайы жеңілдейді ма , жоқпа соған мән беру қажет.
Құсудың уақытына мән беру қажет. Порталды гипертензияда құсу аш қарынға болады, жедел гастрит, асқазан жара ауруында құсу тамақ ішкеннен кейін бірден болады(құсу сонымен қатар психогенді себептермен байланысты болуы мүмкін). Күн соңында- асқазан эвакуациясының бұзылысында, таңертеңгілік құсу- ОЖЖ зақымдануында, жүктілікте, уремияда, алкогольдік гастритте.
Қосымша шағымдарғада мән беру қажет. Бас айналу, құлақтың шулауы Менъер ауруында байқалады. (вестибулярлық аппараттың зақымдануы). Асқазан мен 12 елі ішек жара ауруында құсқаннан кейін асқазан тұсындағы ауырсынуға байланысты науқас жеңілдік сезінеді.
Артериалды гипертензия кезінде құсқаннан кейін бастың ауырсынуы басылады. Бас сақинасында (мигрень) –жүрек айну, құсу.
Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасында қышқыл иісті құсық болады.
Гипо және ахлоргидрияда май қышқылдарының түзілуіне байланысты майдың иісі шығып тұрады.
Шіріген, сасық иісті құсық тағам асқазанда тұрып қалғанда кездеседі.
Аммиак, несептің иісі шығатын құсық созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде нәжістің иісі-асқазан мен тоқ ішектің жыланкөзінде және ішек өткізгіштігі бұзылғанда кездеседі.
Сұрастыру барысында науқастың тәбетіне мән беру керек. Асқазан қышқылдылығы төмендегенде, тәбет төмен болады. Ал керісінше асқазан қышқылдылығы жоғарылағанда тәбет жоғарылайды.
Тәбеттің мүлдем жоғалуы (анорексия) әсіресе еттен жасалған тағамдарды жей алмау асқазан рак ауруында кездеседі. Тәбеттің нашарлауымен қатар арықтауға шағымданады.
Ішек ауруына байланысты шағымдар: ішек бойының ауырсынуы , іштің керілуі (метеоризм), нәжістің бұзылуы (іш өту, іш қату), кейде ішектен қан кету. Ішектің ауырсынуы , ішек мускулатурасының жедел спазмына байланысты . Мысалы ащы ішек пен тоқ ішектің жедел қабыну ауруларында.
Сонымен қатар ішекке газ жиналуына байланысты, ішектің керілуіде ауырсынуды тудырады.
Ауырсынудың орнын анықтау қажет. Сигма тәрізді ішектің ауруында аурысыну сол жақ мықын аймағында болады, соқыр ішек ауруында аппендицитте – оң жақ мықын аймағы, іштің ортаңғы аймағындағы ауырсыну ащы ішек ауруына байланысты болады.
Үлкен дәретке отыру кезінде (дефекацияда) тік ішек ауруларына байланысты (геморрой, артқы өтіс жарығы, тік ішек және сигма тәрізді ішектің рак ауруында) және алқызыл қанның бөлінуімен қатар жүреді. Егер ішектің жоғары бөліктерінен қан кетсе асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруында нәжіс қара түске боялады(melacna).
Достарыңызбен бөлісу: |