Қан кету — melaena (қара түсті нәжіс). Мұндай нәжіс аш ішектің жоғарғы бөліктерінен, және де асқазаннан, өңештен қан кеткенде, тек қана құсықпен шығып қоймай, жұтуына байланысты ішекке де түседі. Қан аз кеткен жағдайда қара түсті нәжіс бомайды, қалыпты түс болады. Мұндай жағдайларда, нәжісті жасырын қан кетуге тексеру қажет. Метеоризм Метеоризм Іш кебуі — желденуі. Ішектердегі газ түзілуі күшейіп, сіңірілуінің төмендеуінен, іш жүрмей қалуынан, өсімдік тектес тағамдарды көп қолданудан, ауаны көп жұту себебінен дамиды. Анықтайтын жағдайлар: бүкіл ішке тарала ма, белгілі бір бөлігіне беріле ме, үнемі бір аймағында болады ма, құрыл-шұрыл (ішек перистальтикасы күшеюінен) сезіне ме, осыларды анықтау керек? Іш өту — диарея Үлкен дәреттің сұйық болуы. Ішек перистальтикасының күшеюінен, тамақ қорытылмай және сіңірілмей сыртқа шығады. Ішектің қабынуы, зақымдануы, сіңірілудің реттелуі бұзылысынан су алмасудың бұзылысы мен іш өту дамиды. Үлкен дәреттің жиілігіне, ауырсынумен, тамақ ішумен байланысына т.б. көңіл аудару керек. Іш өткенде нәжістің құрамына қан, кілегей, ірің, басқа заттар араласса, оның түсі өзгереді. Өт шықпай қалғанда нәжістің түсі ақ болады, асқазаннан немесе он екі елі ішектен қан кетсе, оның түсі көмірдей қара болады. Іш қату – обстипация Іш қатуы — нәжістің ішекте ұзақ уақыт (48 сағаттан көп) тұрып қалуы, соның салдарынан нәжіс «қой құмалағы» тәрізді болады. Іштің қатуы органикалық (тарылуы, ісік) және функциональды (алиментарлық, неврогенді, қабыну, улану, эндокриндік, гиподинамия, іш бұлшық еті тонусының төмендігі) себептерден болады. Анықтайтын жағдайлар: жоғарыда келтірілген себепші болуы мүмкін факторларды анықтау керек? Дерттің даму тарихы – anamnesis morbi – анықталатын жағдайлар: - Дерттің даму тарихы – anamnesis morbi – анықталатын жағдайлар:
- а) дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, психо – эмоционалдық тежеулер және т.б.);
- б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері;
- в) қолданған ем, оның әсері;
- г) жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары;
- д) емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі;
Жалпы қарау - Науқасты жалпы қарап тексеруде: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).
- Терісі мен кілегей қабаттары, тері асты шел майы (түсі, құрғақтығы, ылғалдылығы; дамуы).
Ауыз қуысын қарағанда: - Ауыз қуысын қарағанда:
- Науқастың тілі таза және ылғалды(асқазанның асқынбаған ойық жарасы)
- Сұр ақшыл түсті(жедел гастритте)
- Тілі құрғақ(панкреатитте,перитонитте)
- Атрофиялық тіл
Ішті қарағанда - Асцит
- Медуза басы
- Құрбақа іші
Зертханалық - 1.жалпы қан анализі
- 2.асқазан сөлі
- 3.асқазан жуынды суының анализі.
- 4.құсық анализі
- Аспаптық
- 1.асқазан рентгеноскопиясы
- 2.асқазан рентгенографиясы
- 3.фиброгастроскопия
- 4.биоптат алу
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |