Ас қорыту мүшелері Орындаған: Көшекова г тобы: вм-401 Ауыз қуысының мүшелері Ауыз қуысы



бет6/12
Дата14.12.2021
өлшемі2,69 Mb.
#126716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ас қорыту мүшелері
өөт, Презентация 3, Презентация 3, Презентация 3, питон есептері, Байбараков Байрамбек Осөж 15, 1587199996

Жұтқыншақ құрылысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. Жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу жолы және жұтылатын азық жүретін азықжолы айқасып жатады. Жұтқыншақ кілегейлі қабығының тыныс алу жолын аңқа (nasopharynx) — деп атайды. Оны тыныс алу жолдарына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ал жұтқыншақтың азық жүретін жолының кілегейлі қабығын ауыз қуысына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ауыз куысында өнделген азық жұтылған кезде, жұмсақтандай азықтың қысымымен жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекей тесігін жауып, ауа жүретін жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқьлы жұтқыншақ қабырғасындағы етті қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық жұтылады. Жұтылғаннан соң, тіл түбірі алға кетіп, өңеш артқа қарай жылжып, жұмсақтаңдай төмен түседі де, бөбешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.

  • Жұтқыншақ құрылысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. Жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу жолы және жұтылатын азық жүретін азықжолы айқасып жатады. Жұтқыншақ кілегейлі қабығының тыныс алу жолын аңқа (nasopharynx) — деп атайды. Оны тыныс алу жолдарына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ал жұтқыншақтың азық жүретін жолының кілегейлі қабығын ауыз қуысына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ауыз куысында өнделген азық жұтылған кезде, жұмсақтандай азықтың қысымымен жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекей тесігін жауып, ауа жүретін жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқьлы жұтқыншақ қабырғасындағы етті қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық жұтылады. Жұтылғаннан соң, тіл түбірі алға кетіп, өңеш артқа қарай жылжып, жұмсақтаңдай төмен түседі де, бөбешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.
  • Жұтылу процесін іс жүзіне асыратын жұтқыншақтың ортаңғы етті қабығы үш жүп: алдыңғы, ортаңғы және артқы тарылтқыш және бір жұп кеңейткіш бұлшық еттерден құралған.
  • Жұтқыншақтың бұлшық еттері негізінен көлденең жолақты ет ұлпасынан тұрады.

Өңеш (пищевод) — oesophagus — жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға жеткізетін, ұзын түтікше мүше. Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш бөліктен: мойын бөлігінен (pars cervicalis), көкірек бөлігінен (pars thoracica) және құрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше мүше ретінде өңештің қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен құрсақ бөліктерінде сірлі қабық.

Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталады да, қарынға қарай бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады. Ол көкірек қуысына кірер алдында, 5-інші мойын омыртқаның тұсында кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек қуысында ол қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағына көтеріледі. Одан әрі жүректің үстімен, қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында көкеттің өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол жағындағы кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын тесігін қарын кіреберісі (ostium cardiacum) — деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет