Гистология тыныс алу жүйесі



бет1/6
Дата16.02.2023
өлшемі0,87 Mb.
#169013
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1930 РЕСП.Сист точный (1)


ГИСТОЛОГИЯ
Тыныс алу жүйесі

  1. Мұрын қуысындағы тыныс алу бөлігінің шырышты қабығының эпителийі: көп қатарлы призмалы кірпікшелі

  2. Мұрын қуысындағы кіреберісін тыстайтын эпителийді көрсетіңіз: көп қабатты жалпақ мүйізделген

  3. Тыныс алу жүйесіндегі түтікше мүшесінің қайсысында талшықты шеміршекті қабығында 16-20 гиалинді шеміршекті жартылай сақинашықтары бар: кеңірдек

  4. Кеңірдектің кілегейлі қабығында шырышты бөлетін жасуша: бокал тәрізді

  5. Кеңірдектегі кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасын түзетін қандай тiн: борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

  6. Ірі гиалинді шеміршек пластинка төмендегі берілгендердің қайсысының қабырғасында кездеседі? ірі бронхта

  7. Ірі бронхтың кілегейлі қабығының эпителийі қайсысы: көп қатарлы кірпікшелі

  8. Зерттеу көрсеткендей өкпе бронхтарының құрамы төрт қабықтан тұратыны белгілі, ал фиброзды – шеміршекті қабығының құрамында эластинді шеміршек аралшықтары да бар. Осындай морфологиялық құрылыс ерекшеліктері болатын қандай өкпе құрылымы? орташа бронх

  9. Қабырғасы алғашқыда екі қатарлы, кейін бір қатарлы кірпікшелі эпителиймен тысталған, шеміршек пен бездері болмайды, ал кілегейлі қабығының етті пластинкасы жақсы дамитынын анықтаңыз: ұсак бронхтар

  10. Бронх демікпесімен ауыратын адамдарда уақытша тұншығу байқалады. Бұл мына бронхтардың қайсысының ет жасушаларының жиырылу қабілетіне байланысты екенін анықтаңыз: майда бронхтардың

  11. Өкпенің майда бронхтарының кілегейлі қабық эпителийі: екі катарлы кірпікшелі

  12. Тыныс алу жүйесіндегі қуысты түтікшелі мүшесінің, кілегейлі қабығы бір қабатты куб тәрізді, кірпікшелі эпителиймен астарланған болып табылады: соңғы ( терминальді ) бронхиолалар

  13. Терминальды және респираторлы бронхиолалардағы Клар жасушасынан синтезделеді: сурфактант компоненттері

  14. Ауаның химиялық құрамын анықтауға қатысатын тыныс алу жүйесі мүшесінің кілегейлі қабығының қандай жасушасы? хеморецепторлы

  15. Бұл кұрылым қандай жастағы адамға тән: өкпенің қалыпты жағдайда микросуреттерден дәнекер тінді құрылым аздап өскен және бронхтардың қабырғасында тұздың шөгіндісі байқалады. егде алдамдарға

  16. Газ алмасу процесі қан мен ауа арасында мыналардың қайсысында жүреді? альвеолаларда

  17. Құрылымдық компоненті сурфактант болып табылатын орму сүзгі қайсысы екендігін анықтаңыз: аэрогематикалық

  18. Сүзгінің құрамында аэрогематикалық барьер болатыны қайсысы? респираторлы альвеолоциттердің жұқарған бөлігі

  19. Өкпе альвеолаларындағы респираторлы эпителиоциттің қандай пішіні бар? жалпақ созылыңқы

  20. Өкпе альвеоласында секреторлы эпителиоцитен не бөлінетінін табыңыз: сурфактант компоненттері

  21. Өкпеқап эпителийін анықтаңыз: бір кабатты жалпақ және куб тәрізді

  22. Жарықпен микроскопиялық зерттеу кезінде жасушаларында ірі базофиль түйіршіктері байқалатын тері эпидермисінін қабатын анықтаңыз: дәнді

  23. Тері эпидермисі өсу қабаты қандай? базальды

  24. Тері эпидермисінде дифференциялану процесі аяқталған мүйізді жасушадан құралған қабатты табыңыздар: мүйізді

  25. Тері эпидермисі регенерациясына не қатысады? эпидермистің базалды қабатындағы бағаналы жасушалар

  26. Гормонға ұқсас заттарды (бомбезин, ВИП, энкефалиндерді) тері эпидермисінде бөлетін жасушаны анықтаңыз: Меркель жасушалары

  27. Тері эпидермисінде ең көп жасушаны белгілеңіз: кератиноциттер

  28. Тері пигментоциттерінің қандай эмбрионалды шығу тегі бар? жүйке қыры

  29. Тері эпидермисі эктодермасынан дамитын қандай жасушалар бар? кератиноциттер

  30. Эпидермистің қандай жасушасында нейралды шығу тегі болатыны көрсетіңіз? Меркель жасушалары

  31. Механорецепторлық қызмет атқаратын тері эпидермисіндегі жасушаларды табыңыздар: Меркель жасушалары

  32. Теріге Күннің күлгін көк сәулені өткізбейтін қандай жасуша? меланоциттер

  33. Тері эпидермисінің базалды қабатында жасушалардың пішіні қандай? цилиндр тәрізді

  34. Тері эпидермисінің тікенекті қабатындағы жасушаларының пішіні қандай? көпбұрышты

  35. Тері дермасының торлы қабатын түзетін дәнекер тінінің қандай түрі? тығыз қалыптаспаған талшықты

  36. Тері дермасының еміздікті қабатын түзетін дәнекер тінінің қандай түрі: борпылдақ қалыптаспаған талшықты

  37. Адам саусақ терісіндегі тек өзіне ғана тән суретті анықтайтын ерекшелігін табыңыз: дермасында еміздікті қабаты болады

  38. Түктің өсуі төмендегі жасушаның қайсысымен жүзеге асатындығын анықтаңыз: түк түйінінін (матриксі)

  39. Түк сабағы құрамында не болады? мүйізді қабыршақтар

  40. Түк түбірінің аяқталатын жері қай жақ екенін көрсетіңіз: түктің түйіні (матриксі)


  1. А әрпімен көрсетілген кеңірдек құрылымын табыңыз: кілегейлі қабығы

  2. Б әрпімен көрсетілген кеңірдек құрылымын белгілеңіз: кілегей асты негізі





  1. В әрпімен көрсетілген ірі бронх құрылымын табыңыз: талшықты - шеміршекті қабығы

  2. Г әрпімен көрсетілген ірі бронх құрылымын көрсетіңіз: адвентициальді қабығы





  1. В әрпімен көрсетілген өкпе құрылымын анықтаңыз: 1 реттік респираторлы бронхиола

  2. Г әрпімен көрсетілген өкпе құрылымын табыңыз: альвеола

  3. Д әрпімен көрсетілген өкпе құрылымын көрсетіңіздер : дәнекер тінді стромасы





  1. А әрпімен көрсетілген аэрогематикалық сүзгі құрылымын анықтаңыз: сурфактант

  2. Б әрпімен көрсетілген аэрогематикалық сүзгі құрылымын анықтаңыз: респираторлы эпителиоциттің жұқарған бөлігі

  3. B әрпімен көрсетілген аэрогематикалық сүзгі құрылымын табыңыз: альвеола мен капиллярдың базальді мембраналарының жабысқан жері





  1. А әрпімен көрсетілген «Қалың тері» құрылымын анықтаңыз: эпидермисі

  2. Б әрпімен көрсетілген «Қалың тері» құрылымын табыңыз: дермасы

  3. В әрпімен көрсетілген «Қалың тері» құрылымын белгілеңіз: гиподермасы

  4. Г әрпімен белгіленген «Қалың тері» құрылымын табыңыз: дерманың еміздікті қабаты

  5. Д әрпімен көрсетілген «Қалың тері» құрылымын белгілеңіз: безінің өзегі





  1. А әрпімен көрсетілген «Жұқа тері» құрылымын анықтаңыз: эпидермисі

  2. Б әрпімен көрсетілген «Жұқа тері» құрылымын анықтаңыз: дермасы

  3. В әрпімен көрсетілген «Жұқа тері» құрылымын анықтаңыз: гиподермасы

  4. Г әрпімен көрсетілген «Жұқа тері» құрылымын анықтаңыз: түктің сабағы

  5. Д әрпімен көрсетілген «Жұқа тері» құрылымын анықтаңыз: май безі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет