Ас қорыту мүшелері Орындаған: Көшекова г тобы: вм-401 Ауыз қуысының мүшелері Ауыз қуысы


Мес қарын (рубец) —rumen — көлемі жағынан қарынның ең үлкен бөлімі. Оның өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес қарын кіреберісі



бет10/12
Дата14.12.2021
өлшемі2,69 Mb.
#126716
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ас қорыту мүшелері

Мес қарын (рубец) —rumen — көлемі жағынан қарынның ең үлкен бөлімі. Оның өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес қарын кіреберісі (anthrum ruminis), одан төменірек орналасқан бөлігін кранио-вентральды қалташа (recessus cranio-ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғы жөне артқы сыртқы сайлар (sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға сәйкес: алдыңғы және артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et caudalis) мес қарынды дорсальды және вентральды қапшықтарға (saccus ruminis dorsalis et ventralis) бөледі.

Жұмыршақ (сетка) — reticulum — көлемі жағынан сиырда қатпаршақтан кіші, қой мен ешкіде, керісінше, үлкен болып келеді. Орналасу орындарына байланысты алдыңғы көкжұмыршақтық беті (facies diaphragmaticum), артқы висцеральды беті (facies visceralis) болады. Өңештен жұмыршақ қабырғасына жұмыршақ сайы (sulcus reticuli) өтеді. жұмыршақ сайының оң және сол ернеулері (labium dextrum et sinistrum) жас төлдерде бір-бірімен тығыз жанасып тұрып, емген сүттің мес қарынға түспеуін қамтамасыз етеді.Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі аралықта спираль тәрізді бұралып жатады. Осының нәтижесінде жұмыршақ сайының оң ернеуі қатпаршаққа өту алдында, оның сол жағына ауысады.Жұмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына ұқсас, үш қабықтан тұрады. Кілегейлі қабық қабаттарының құрылысы мес қарынның кілегейлі қабығына ұқсас. Көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған кілегейлі қабығының ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, пішіні көпбұрышты жұмыршақ торламасын түзеді.Жұмыршақтың етті қабығы сыртқы көлденең, ішкі ұзынша қабаттардан тұрады.Жұмыршақ сыртынан сірлі қабықпен қапталған.Жұмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, құрсақ қуысыньң семсерше шеміршек аумағында орналасады Жұмыршақ мес қарынмен мес қарын-жұмыршақ тесігі, ал қатпаршақпен саңылау тәрізді жұмыршақ-қатпaршақ тесігі арқылы қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет